«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет131/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Одғұрмышқа жауабы
— 
Ай, біліктім! — деді Елік, — айтқайсың,
Қалай жүріп, қалай жанды сақтайсың?
Маған сенен мейірбан жоқ, қиналдым,
Саған сеніп, саған ғана иландым.
Мен жатырмын сарайымда алаңсыз,
Барша істен алыс əрі хабарсыз!
Көз — құлағым өзіңсің, сен қарарсың,
Қыңыр кеткен істі түзеп бағарсың.
5850 Менен жəрдем керек болса — хабар қыл,
Қай істің де бір амалын табармын.
Бір-бірімен табысса əскер жан-жағың,
Қапа қылма, тынышымды алмағын,
Кетсін елден аяр баққан пайдасын,
Білік жайлап, білімсіздер жайрасын!
Халық байып, ел түзелсін, жайнасын,
Шүкір қылып, менің тілім сайрасын.
Өгдүлміштің Елікке жауабы
— 
Ай, бегім! — деп, айтты Өгдүлміш жауабын,
Тəңір* тауфиқ берсін , қайтпай тауаның!
5855 Тілерім сол, керегім сол, қысқасы,
Тəңірім ақ, адал жолын нұсқасын!
Ұзақ болғай ханның құты, жасы да,
Бейнет, кесел түссін менің басыма.
Қидым саған өмірімді, жанымды,
Ай, елші ұлық, жасап баққын бағыңды.
Бір тілегім бар өзіңде, сенгейсің,
Сүйінішті түйіп ішке, бергейсің.
Бектер кімді жақын көрсе, білесің,
Соны ел сөгіп, қатырарын сілесін.
(Білесің, бек тапса сенер адамын,
Күллі ел соның кем-кетігін санарын!)
5860 Мені қанша жақсы көрсең, бағала,
Шырай берме ғайбатшыға, жалаға.
Батыр ердің сөзін тыңдап көргейсің,
Есті сөзге ықыласты бөлгейсің:
«Жүрек — бір ет, ет бұзылар, білгейсің,
Ай, батырым, сақтап, бағып жүргейсің!
Көнбеген ер қанша ғайбат, жалаға,
Құлақ түрер, өсек кірсе араға.
Қанша ақылды, берік бегің, қарасаң:
Жалақорды жақындатса-ақ адасар!
5865 Тəн-жаның — құл, көңілің — бек, сыз батар,
Сөз көңілді бір жылытып, бір мұздатар!
Бар тəніңнің төрт белгісі арбасқан*,
Шаттандырып, енді бірі зарлатқан.
Ширатар да, енді бірде бүлдірер,
Жылатар да, енді бірі күлдірер.
Сүйініш күт: күйініш кеп — қашарсың,
Күйініш де, сүйініш кеп — сасарсың!»
Именерім — Елік, құлақ түрерсің —
Бұл жалақор иттен жаман, білерсің!
5870 Көңілің қалса, түңіліп мін тағарсың,
Еңбегің еш болар, теріс қарарсың.
Тілегім һəм өтінішім: Кімде-кім,
Жала жапса — жөн өзімнен білгенің!
Түгел сұрап, талдап-тергеп, тексергей,
Неге шағым қылса, соны ескергей!
Шағымшының сөзін тыңдап, талдағын,
Айырып біл шындығын һəм жалғанын.


 470
471
Жақсы айтыпты бұрынғылар алдыңда:
«Сөзді тыңда, көңілде дық қалдырма!»
5875 Бұдан ұтқыр сөз бар, тыңдап көрерсің,
Ішке түйіп, істе көңіл бөлерсің:
«Керегіңді ал, күллі сөзді тыңда да,
Керексізден қаш, малданып жырғама!
Бəрін тыңдап, ақ-қарасын аңдағын,
Шыншылын ал, жазала да жалғанын.
Өтірікші дүниені күйретер,
Ай, қолы ұзын, шыншыл өрге сүйретер!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет