«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Шатранж — шахмат. 2635. Чөген



Pdf көрінісі
бет156/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Шатранж — шахмат.
2635. Чөген — ат үстінде арнаулы имек таяқпен доп қуып ойналатын спорттық ойынның 
бір түрі.
2682. Өтүкен — түрік жұртының бір тайпа не руының аты да болуы керек. Моңғолияда 
Орхон өзеніне жақын тау сілемдері Өтүкен (VІ—VІІІ ғғ.) деп аталған. Солтұстық 
Моңғолиядағы қазіргі Ханғай жотасындағы Түкен тауы да кезінде Өтүкен аталыпты.
2693. Бəлағат (Бəлиғат) — Қызыл сөз; шешендік. Қазіргі «балағаттың» төркіні осында 
жатса керек.
2714. Ел — тек «мемлекет» мағынасында.
2715. Қара — сия, бояу.
2834. Иағы болса кімкə иадығлық ағы — Кімнің жауы болса — құрулы ауы. Осы 
транскрипцияда «Иадығлық» «жайылған», құрылған мəнін білдіреді де, «ағы» кəдімгі 
ау, тор мағынасына үйлеседі. Ал «ағы» емес, «ағу» болып оқылғанда «у» (ДТС, стр. 
24) мағынасын білдірер еді де, поэтикалық жағынан əлдеқайда ұтқыр, контекске дəл 
шығар еді. Онда, «иадығлық» сөзі (ДТС, стр. 223) «Йдышлығ» (ДТС , стр. 203), не 
«ыдғышлығ» (ДТС, 217-б.) болып оқылып, ыдыстағы «у» мағынасына үйлескен болар 
еді. Бірақ қалыптасқан транскрипцияны сақтағанды жөн көрдік.
2881. «Идишши башы»  —кəдімгі ыдыс басшысы, сұйық сусын (шырын, сөл, шарап т.б.) 
ұстаушылардың басшысы. 
2887. Гуəріш — ас қорытатын;
Мəжүн — іш тиятын;
Чұрны — іш жүргізетін тұнба дəрілер.
2904. Жүлəңбін, жүлəб — шырын, тұнбалардың аттары.
Жүлəңбін — бал тұнбасы, балдан əзірленген сөл.
Жүлəб — қызғылт сусын. Балды немесе шекерді қызғылт шырынға араластырып 
əзірлеген тұнба. 
Құрғатылған, кептірілген жеміс.
2970. Тариқат — діни тəлім, ілім сатысы.
2971. Мүрруəт — имандылық. Бұл атаулар сопылық ілімнің сатылы тармақтары 
саналатын — шариғат, тариқат, хақиқат, муариқат атауларынан алынған секілді.
3002. Сарт, сарттар башы — саудагер, саудагерлер басы.
3083. Мəңгі жарық елге — ол дүниені мезгеп отыр.
3173. (жəне 3485). Қадаш — қандас, туыс, ал «адаш» «дос-жар», «жолдас» деген сөз. 
Өзбек аудармашылары «қадашты» «қарындас» деп ұтымды қолданған (қарын-
дас, құрсақ-тас, бір құрсақтан шыққан бауыр). Бізді «қарындас» сөзінің мағыналық 
астарының құбылысы қызықтырғанын жасырмаймыз. Сондықтан да, бірнеше жерде 
солай қолдандық та. Əйгілі «Қарындастың болғаны қандай жақсы...» деген халықтық
тіркестің мəнін де осындай кең мағынада түсінген жөн сияқты.
3181. Қара — қара халық.
3197. Тетік — Осы сөзді алғашқы басылымда «дана» («бөгу») деп аударған едік, бұл жолы 
түпкі тұлғасын қалдырдық; зерек, сергек, түсінігі бар саналы (адам) деген мағынаны 
береді. 
3229. Зəхид — Бұл дүниеден бəз кешіп түңілген, дүние қызығынан безген жан. Кісікиік. 
3251. Мұңлық — Бұл жерде мұқтаж, зар деген мағынада. 
3275. Түріп — түру мағынасынан. Орады, бүктеді мағынасында. Түпнұсқаның «бітік 
(жазба, хат) түрібі» де түсінікті.
3284. Зүлфі — шаш;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет