«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Кесмə — кекіл. 3300. Ғайыб



Pdf көрінісі
бет157/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Кесмə — кекіл.
3300. Ғайыб — ғайып болу; жоғалу. Бұл жерде: айырылысқандар, жоғалғандар дегені.
3387. Оғұл қыз төрүсə кəмесі сынұр — Ұл-қыз туса, кемесі сынар. Мағыналық тұрғыдан 
екіұшты. Бірақ «төрү» сөзі тек қана «туу», «пайда болу» мəнін береді. Түзу («көнү»), 
түзулікті бұзған десе қисынға келер де еді. Түпнұсқада, барлық транскрипцияларда бір 
ғана «төрү» тұлғасы сақталғандықтан, сол күйінде алдық.
3439. Ат үстəм — Ат, ер-тұрман, қару-жарақ.
3407. Қыпшақ — жауыз, зұлым деп түсіндірілген. Сөздіктерде де солай (ДТС, с. 449). 
Бірде «қауашақ» деп іші бос, кеуек мəніне мегзейді.
3485. 3187-ні қараңыз.
3491. Шігіл — 1. Түрік жұртының бір этникалық тобы ( М. Қашқари); 2. Қара халық, 
құл-құтан (ДТС, с.145).
3551. Үші  — басы, бастауы, үші деген мағынада.
3563. Бадал — 1. Жалған; айырбас қылу (ДТС, с. 90);
2. Бедел; бедел қылу; алдану.


 526
527
3697. Тəңірі — түпнұсқа осылай болғандықтан, бертінгі ұғымдарға бейімдемей, сол 
күйінде қалдырдық.
3706. Туар; Батар — кəдімгі туғар, туар мен батар ұғымдарынан туған — «Күншығыс» 
пен «Күнбатыс»... «Өрлем» сөзін де сол күйінде алдық.
3948. Руми қызы — Күнді мезгеп отыр.
3995. 3485-ті қараңыз.
4046. Таңбашы — Бұл жерде, мөр ұстаушы, «мөрші», «таңба басушы» мағынасында.
4056. Əліг қапшұру — «қол қусырып» деген ұтымды тəрізді.
4067. 4142. Көк айықлық — лауазым дəрежесі. ( «Түркмендерде бастықтарға берілетін 
атақ»; Ташкент басылымы, 1972 ж.). Қазақтың «көк етікті» деген тұрақты тіркесі де 
бар. С.Н.Иванов өз аудармасында (1983 ж.) «наперсник» деп, ең сенімді, етжақын адам 
(С. Ожегов) деген мағынада қолданыпты.
4068. Инанш, шағры, тегін — лауазым, дəреже аттары.
4069. Иабғы, иұқрұш , ел бегі — қызмет, атақ, дəреже атаулары.
4089. Жақшаға алынған егіз жол Ташкент басылымында ғана бар. Басқа басылымдарда 
жоқ болғандықтан кірістірдік.
4111. Бұл жерде екінші тармақтағы «...иəмə тұрмағыл», «...иəмə кірмəгіл» деген құрамдас 
сыни текст пен Наманған жазбасының арасындағы транскрипциялық оқылуы
айырмашылығынан екі түрлі жол туып тұр. Əрі екеуі қарама-қайшы мағынада. 
Сондықтан мұны оқырмандарға да аңғарту мақсатымен кейде əр жазбаның мəндік 
астарын білдіру үшін осылай жеткіздік. 
4114. Бағдаш — аяқты астыға бүгіп отыру (ДТС, с. 77) 
(Малдас — ?).
4137—4138. Наманған нұсқасы бойынша аударылды.
4139. Жақша ішіндегі қос жол Наманған үлгісінен мүлде өзгеше ( алдыңғы қос жол).
4198. Сығыршұқ — Қараторғай (М. Қашқари). 
Қақ — қаздың бір түрі
4198. Бұл тармақтың жақша ішіндегі нұсқасы Наманған жазбасы негізінде аударылды. Ал 
ондағы «қақыра» құрамды сыни мəтінде «қақ ара» («қаз арасында») деп те оқылған. 
4246. Қаршы — Сарай. 
4346. Иəгү — жеу; жейтін нəрсе.
4349. Əймəнүк — ұят; ұяңдық. «Аймандай» сөзінің мағыналық тұғыры ма деп те ойлаймыз.
4361. Афсыншы — құшнаш; бақсы; сиқыршы.
4365. Бітік — жазба; бұл жерде тұмар мəнінде. 
4379. Зачв, қисмат, күсүр — көбейту, бөлу, бөлшек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет