«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет112/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Елікке жауабы
4900 Жауап берді, айтты Өгдүлміш сөздерін,
Не айтылып, нені естіп, сезгенін.
Екеуара болған сөзді түгелдей,
Айтты Елікке ештеңесін жібермей.
* * *
Біраз Елік тұрды ойланып, қамығып,
Көзінен жас төкті, көңілі жабығып.
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
— 
Ағайының, — деді, — дұрыс сөйлеген,
Сөздің сөзін айтқан, болса үй деген.
Өзімізді күштеп бүгін бағармыз,
Оны-дағы күштеп, өш қып алармыз.
4905 Өтер дүние, қайта айналып келгісіз,
Қалған тірлік қанша екені белгісіз.
Бақи дүние, шүбəсіз, келер-жетер,
Рахат, бейнет ұзамас, өтер-кетер.
Мəңгілік сол — ол онда рахат тапса,
Орны, ісі оң болар, көңілі шат та.
Бəрін ұққан қандасың бекем екен —
Шақырып келтірем деу бекер екен.
Бəріміз құмарлықтың боданымыз,
Текке өтіп жатыр күндер, заманымыз.
4910 Тыңда енді, ділі тірі не дегенін,
Сөзімен не ақыл беріп, мегзегенін:
«Нəпсі мен құмарлық — жау. Күш алса егер,
Күнə өш алып, жан-тəнің бейнет шегер!
Нəпсі жеңсе, көңілің өлер анық,
Көңіл өлсе, мінəжат өшер қалып.
Тұтқынбыз, біздің көңіл өлген, сөніп,
Нəпсі, құлқын жалмаған жаудай төніп.
Ұлықтық, бектік, дəулет һəм жасың да,
Ұзақ тұрмас, ақпейіл ер, басыңда!
4915 Жалғанның бейнеті көп, рахаты аз,
Қарғыс-сөгіс ауыртып, қатады бас.
Жақсы айтыпты білімді адам пендесі,
Əлемді сынап, ашылған көз, зердесі:
«Ұлықтыққа қуанба артық, күлімдеп,
Ұлық болдың, бас ауыртар күнің көп.
Сүйініштің бəле жүрер соңында,
Рахаттың бейнет тұрар жолында!»
Еліктің Өгдүлмішке сауалы
— 
Өгдүлмішім, — деді Елік, — біле біл,
Шақырғанда мынау еді тілегім:
4920 Жақсылыққа тисе себім, себебім,
Тірілер ме еді көңіл, ей, бегім!
Тұрып алды, көнбей мұнда келуге,
Дос-жар, туыс, таныс жүзін көруге.
Айтқан сөзі кіл ақиқат, ұққанға,
Болмас енді, оны күштеп қыстауға!
Өзің қанша бейнет шегіп, бүгілдің,
Сөйлеп тілмен, арып-ашып жүгірдің.
Күтелік те, көрелік, ай, сақы ұлым,
Не боларын уақыт, заман ақырын.
4925 Келер істі тұрар бүркеп жауып түн,
Ей, ізгі дос, ашар оны жарық күн.
Құрулы тұр бұл заманның садағы,
Не пайдасы, тиеді не залалы.
Күллі ісіңді берген тəңір жөніне,
Кезі келсе, жөнге келер өзі де.
Қай іс болмай, үзсе жібін үміттің,
Жөніне оны қоя берсең, біліктім!
Бұл дүние жайы: қусаң — қашады,
Қойып қойсаң, өзі жолын ашады.


 410
411
4930 Біраз оны күтейік те, сынайық,
Заман, күннің халын бағып, тынайық.
Бізді іздер өзі-ақ қайта айналып,
Өз жағдайын, жақсылығын ойланып!
* * *
Осымен Елік сөзін тамамдады,
Өгдүлміш, шығып кейін аяңдады.
Күндер өтті... Елік ойын аңдады,
Шығып істің алды-артына, барлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет