«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет115/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Сүйінішпен айтты Өгдүлміш жауабын:
Тым əдемі болды, аларсың сауабын!
Барайын мен енді Елікке, тұрайын,
Келеді деп қуанышты қылайын.
Менен кейін сен сөзіңді жасытпа,
Жеткін өзің уағдаласқан уақытта!
* * *
5010 Екеуі бір сөздің ұстап астарын,
Сүйінішпен шықты, жазып қастарын.
* * *
Жəне түйіп қайталады ол: — Қандасым,
Сөзді қима, келгін, көңілім қалмасын!
Жүзін жауып, күн жерге еніп жатқанда,
Дүние жүзі көмір түске батқанда.
Күтем сені, кел үйіме жайланып,
Отырамын күтіп сені сайланып!
* * *
Атын мініп, келді Елікке оралып,
Түсіп кірді, құзырына жол алып.
5015 Айтты түгел болған сөзді жаңағы,
Сүйінді Елік, ашылды көз, қабағы.
Еліктің Өгдүлмішке сауалы
— 
Бұл бір ізгі іс болды, — деді, — келелі,
Сен айтқандай, шын болса оның дегені.
Жəне айтты Елік: — Қай уақытта келеді,
Ай, білімдім, көзім қашан көреді?
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Жауап берді, айтты Өгдүлміш: — Кешкісін,
Жарық дүние жүзі түнді кешкесін.


 416
417
Үйіме ол келмекші, дем алмақшы,
Қашан келсін десең, сонда бармақшы.
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
5020 Елік айтты: — Көп жүгірдің бейнетпен,
Тəңір берсін сауабын сай зейнетпен.
Бұл дертімді дауасымен емдедің,
Сүйіндірдің көңілімді демдедің.
Сен үйде күт, келсе маған хабарла,
Келер менен шақырушы адам да.
Туысыңмен маған келгін, шырайын,
Зийарат қылып, көрейін мен тынайын.
Мұны мегзер — білгін сөздің түбірін,
Не дейді екен, тыңда да ұққын жүгініп:
5025 «Кісі көңілі ізгілікті ұнатар,
Үмітпенен өзін өзі жұбатар.
Түгел тапса, егер арыз-тілегін,
Көңілі өсіп, қояр сөзін, жүдеуін.»
* * *
— 
Əлбетте! — деп, шықты Өгдүлміш айналып,
Үйге келіп, төсек-орнын жайлады.
Күн жерге еніп, жүзін жауып жасырды,
Қара тұман туып дүние басылды.
Əлем тұлдың тонын киіп тұлданды,
Аспан жүзін қара жауып мұңданды.
5030 Қыбырлаған түгел ұйып жұмды көз,
У-шу тынып, кесілді тіл, тынды сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет