«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет114/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Өгдүлмішті көзі көріп түнерді,
Айтты: — Інім, істі ұзатып жібердің.
Өзің күштеп, неге бейнет шегесің?
Неге маған қарысасың, егесіп?
4975 Жүр, келген соң, сөйле, үйге кірелік,
Қайта айналып неге келдің, көрелік...
* * *
Екі туған жүріп, кірді үйіне,
Захид қасын түйіп алды ініге!
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Келгені айтты: — Сенің басың асыл-ды!
Сөзді тыңда, түйме ашумен қасыңды.
Сенің айтқан сөздеріңді айнытпай,
Елікке ұзақ баяндадым қаймықпай.
Есітті Елік, сөзді түгел тыңдады,
Сөзіңді естіп таңдады, көп таңданды.
4980 Қоя берді, сені қақпай бетіңді,
Бұдан бөлек бір тілегін өтінді.
Сол іс үшін сөзші болып келемін,
Мені ұятқа қалдырма сен, ей, ерім!
Əр нəрсенің, аян, бар шек-шамасы,
Істің сəтін алма өткізіп, ағасы.
Тыңдап алғын, ақылды тіл не деді,
Бұл сөз мəні бар нəрсеге келеді:
«Алма өткізіп əр істің сəт, шамасын,
Өткен екен, істен қашық қаласың.
4985 Əр нəрсенің бар түр, түсі, жосығы,
Бар нəрсені сақтар солар қосылып!»
Қойды Елік ол тілегін ақыры,
Түсін, отыр бір зийаратқа шақырып.
Не сен барғын, не өзіңе ол келсін,
Ай, мейірбан, дидарыңды бір көрсін.
Бұдан саған еш зиян жоқ, ағайын,
Ай, тас бауыр, илан, мойныма алайын.
Елік — асқан ізгі сұлтан, жаны асыл,
Кедей, кемтар, жамандарға жанашыр!


 414
415
Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы
4990 Айтты Одғұрмыш жауап беріп: — Бұл өзі,
Ұғымға шақ, ай, ақкөңіл, жөн сөзің!
Мүсілімге мүсілім туыс, барысып,
Зийарат қылар, ай, ақкөңіл, танысып.
Бұл сөзге мен иілдім, бой беремін,
Бүгін оған зийарат қылып келемін.
Бұдан бұрын оған өзім бармадым,
Қалар еді онда пайда алғанын.
Оны қойды, тұтты жолдың адалын,
Туралыққа көндім, тілін аламын!
4995 Мен барайын Елікке, Елік келмесін,
Маған тисін бейнет, оған тимесін.
Елік — елдің бегі, халық ұлығы,
Соған: құрмет, сый-сияпат шырыны.
Сөзін түзер, жөн жол-жосық түзілер,
Аршыр елді ессіздердің ізінен.
Білімі теңіз не дегенін тыңдағын,
Ақылымен егіз көңіл сырлары:
«Бек жарлығы бұқараға міндетті,
Үлкен-кіші қадірле естіп, бұр бетті.
5000 Үнді* болсын сатып алған күміске,
Бектің сөзін, бектің өзін құрметте!»
Бек жарлығын құрметтеймін мен енді,
Болам жақын, зийарат қылып келем де.
Жүр, қайт енді, Елікке айт сөзімді,
Келеді де, жетермін мен өзім де.
Жарық дүние жүзін перде жапқанда,
Барайын мен, дайында ескі жай жатқанға.
Күндіз мені кісі көрсе, шатағы:
Мені сөйлеп, өзін отқа атады.
5005 Аттан үйге, енді сабыр сақтағын,
Мен келгенше біраз күткін, жатпағын.
Ең əуелі саған барып түсейін,
Не істерімді, сонда жорып білейін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет