456
457
* * *
Ойына алды, айтты: — Енді саспайын,
Сабырсыздық — жау, жаулыққа баспайын.
Əуелі, істі алу керек кеңесіп,
Қуу керек жамандықтың елесін.
5650
Кеңесіп іс жасау керек кеңінен,
Кеңеспеген кісі өкініп, еңірер.
Тыңда, бұған сара кісі не деді:
«Ақыл-кеңес күллі істің дауа, емі!»
Кеңескен жөн жақыныңмен сенісіп,
Күллі іс бітер кеңесумен келісіп.
Кісі өз ісін кеңесумен оңдайды,
Кім болса да, кеңеспесе — сорлайды.
(Кеңеспеген өкініште қалады,
Кеңессе адам ісін оңдап алады!)
Енді мен де туысыма барайын,
Бұл іс жайлы ақыл-кеңес алайын.
5655 «Жарайды!» — деп, құптаса, істі бастайын,
Қоштамаса, құр кеңесті тастайын.
Кісі өз ісін біле бермес бағамдап,
Басқалардан сұраған жөн хабарлап.
Ер кеңессе — білігі артып, бекінер,
Кеңес, білік қосылса қол жетілер.
Кісі өз ісін тындырады кеңеспен,
Не дейді екен, тыңда адамды кеңескен:
«Не істесең де, ер кеңесін елегін,
Кеңеспейтін кісіні дос демегін.
5660
Қор болмассың, кеңесіп ал əуелі,
Кеңесті асыл тілегіңе теңегін!»
* * *
Кеш жатты да, ерте тұрып баптанды,
Атын мініп Елік жаққа аттанды.
Рұқсат сұрап, жөн-жобамен келді еніп,
Қадір тұтып, оған орын берді Елік.
Достарыңызбен бөлісу: