«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке сауалы



Pdf көрінісі
бет126/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Елікке сауалы
Өтінішін айтты, қалмай сыр бүгіп,
«Бауырыма барғым келіп тұр бүгін.
Тез келемін, жарылқасаң, барайын,
Зийарат қылып, ақылдасып қалайын.»
Еліктің Өгдүлмішке сауалы
5665 — Ай, біліктім, барсаң барып келгейсің,
Деді Елік, — менен сəлем бергейсің!
Хаққа сырын ашқан күні, егіле —
Ұмытпасын дұғасында мені де.
Жазығымды сұрап берсін хұдадан,
Кешірер кəрім, болып дуа дұғадан!
* * *
«Жарайды!» — деп тұрды Өгдүлміш, аттанды,
Үйіне кеп түсті, жаны шаттанды.
Жаһан жүзі алтын түске шағылды,
Күннің жақұт өңі запыран жамылды.
5670 Түнерді өңі, түйіп аспан қабағын,
Ұйқыға енді, жұмып күллі ел жанарын.
Намаз оқып, төсегіне ол енді,
Көзін жұмып, ой-қиялға кенелді.
Мызғып алып, қиял кешіп бірауық,
Ояу жатты, кетті қара түн ауып.
Төсекті оңдап, батты ұйқыға тереңдеп,
Кетті оянып, елегізіп, елеңдеп.
Содан қайта көз шырымын алмады,
Ояу жатып ойды — ойға жалғады.
(Содан қайта ілінбеді екі көз,
Уайым меңдеп, жеді жанын жегі сөз!)
5675 Жерден ұшқан от-жалындай лапылдап,
Қарақұс та ұшты қанат сатырлап*.
Иылдырық*, айғыр* туып көрінді,
Əрəнтір* кеп қосылды да, төгілді.
Сүкіш* ұшып көтерілді қалықтап,
Ыбры* айтып үні шықты шалықтап.


 458
459
Шығыстан күн нұры шықты, ай батып,
Бас көтерді жердің жүзін жайнатып.
Найзадай нұр бұлтты түрді ұзарып,
Алабұртты көктің жүзі қызарып.
5680 Жаһан жайнап, алтын шапақ кернеді,
Қайғы-түнек тарап, шаттық тербеді.
Дəрет алып, таң намазын атқарды,
Атқа мініп, бетке алды тау, шатқалды.
Келіп түсті, қақты ақырын қақпаны,
Туысқаны қарсы алды, ішке аттанды.
* * *
Сəлем берді ықыласпен Өгдүлміш,
Жауап берді сəлем алып Одғұрмыш.
Үйге кірді қол ұстасып, тілдесіп,
Сөзге — сөзі, ойға ойы бірлесіп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет