«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет106/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   247
Еліктің Өгдүлмішке сауалы

 

 Елік айтты: — Ұқтым! Жақын кел тағы,



 

 Сауалым бар, жауабыңды бер тағы.

 

  

 



 Қандай болу керек астың басшысы,

 

 Қандай болу керек оның қосшысы?



2825   Жесе бегі сезіктенбей асын да,

 

 Сенсе бегі, сақтаса аман басын да.



 

 Ас-ауқат та, көңіл сенбей, жүрмейді,

 

 Күдіктенсең, асың тастай сіңбейді!



 

 Енді, осының жайын айтып жібергін,

 

 Ерім, өзім біліп, ұғып жүрермін!



36. ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ АСБАСШЫ /ХАН САЛАР/ ҚАНДАЙ  

БОЛУ КЕРЕКТІГІН АЙТАДЫ

 

Айтты Өгдүлміш: — Қадірлі Елік, бұл іске,



 

 Инабатты, жаны сау ер кіріссе!

 

 

 



 Түзу, адал, сара кісі табылса,

 

 Жүзін көрген бар күдіктен арылса.




 268

2830   Адам тіле судан тұнық, сүттен ақ,

 

 Мейірімді. Ұятты-арлы. Іске — бап.



 

 

 



 Қайсар, іскер, шыншыл шыққан сенімнен,

 

 Əз бегіне жан-тəнімен берілген.



 

 Бекке қатер келсе келер тамақтан,

 

 Кім сезеді асшы тұрса жалақтап?!..



 

 (Ажал аспен кетсе бірге қайнасып,

 

 Кім біледі ас басшының айласын?!)



 

 Екі шоқып бір қараса бек деген,

 

 Сақтап өзін, ішіп-жесе еппенен...



 

 Ел бегінің мың-мыңдаған жауы бар,

 

 Жауы бардың, құрылған тор-ауы* бар!



 

2835   Ас басшысы адал, ширақ болмаса,

 

 Қорғанса да, қатер жеңер — сорласа.



 

 Дəмді асы дер кезінде жайылар,

 

 Көргенді, мəс кісі керек жайы бар.



 

 Бейнеттеніп, бекке сіңсе еңбегі,

 

 Айдан анық: өрлеп, өсіп, өнбегі.



 

  

 



 Ізгі кісі не дегенін тыңдағын,

 

 Таңқаларлық ақыл тұнған сырларын:



 

 «Қай нəрсеге сіңсе бейнет, еңбегі,

 

 Сол сүйікті, сүйкімді сол жердегі!



2840  Қай нəрсеге кісі өмірін арнайды,

 

 Жан-тəнімен соны сүйіп, таңдайды!



 

 Тірлік есіл емес-ау, еңбек — есіл,

 

 Сол еңбекпен өтелмес, тірлік — есіл!



 

 Өмір өтсе, ер жігіт ашынбайды,

 

 Есіл еңбек өксігі басылмайды!»



 

Болғаны жөн көзі тоқ, көңілі бай,

 

 Сұлу, таза, шырайлы, өңі бір ай!



 

 Білу қажет шариғатты, дін жəйін,

 

 Ондай адам адал жолда əрдəйім.




 269

2845   Бектер нəзік, нəзік-таза талғамы,

 

 Сай болмаса қалай өтер тағамы.



 

 

 



 Таза болса — асшы — таза тамағы,

 

 Таза болса ас-су ұнай қалады.



 

 Көзі ашқарақ — аухатқа да ашқарақ,

 

 Қолын былғап, бүкіл асты ластамақ...



 

 Барлық қырсық сұғанақтан келеді,

 

 Сұғанақты дауасыз дерт жеңеді.



 

 Қаншама адал, ақ ниеттің ішінде,

 

 Тазасы өзің, өзіңе сен, түсін де!



 

 (Қанша сүйсін, сені өзіңдей сүймейді,

 

 Бейнетіңе дəл өзіңдей күймейді.



 

  

 



 Бəрінен де, өзіңе-өзің тазасың,

 

 Өзіңе-өзің кейде көр де қазасың!)



2850  Сенген жұртты түңілдірме, тарылма,

 

 Басыңды бақ, сақтан өзің, жаңылма.



 

  

 



 Мұны меңзер асыл сөзді біліңіз,

 

 Ұмытпай һəм еске сақтап жүріңіз: 



 

 

 «Бəріне сен. Жаның үшін сене біл,



 

 Өз жанарың — жанашырың, сенерің!

 

 Ғазиз жаның барлығынан қымбатты,



 

 Ғазиз жанға ықыласыңды бұр қатты!»

 

 Жүзі нұрлы, болсын ойлы, құлықты,



 

 Сақал-шашы, тіл, ділі оң, ғұрыпты.

2855   Сұлу жүзге тамақ ішпей тоярсың,

 

 Настың асын у көргендей, қоярсың!



 

Сүйген Алла тазалығын ғаламның,

 

 Тазалықпен тарар даңқы адамның.



 

 Таза, дəмді болсын суың, асың да,

 

 Тазалыққа тəнті досың, қасың да!



 

 Адамдарды асқа жақын бастырма,

 

 Нас адамның — ісі де нас, қас қылма!




 270

 

 Туралық Һəм шындық болсын болғасын,



 

 Тура жүрмей түзілмейді жөн-жосын.

 

 (Не істесе де ықыласпен істесін,



 

 Аспазшыңдай ас дүмбілез піспесін!)

2860  Ас басшысы болса арамза, күйелеш,

 

 Қосшысы да сау сиырдың қиы емес!



 

 (Жайлап алса қазан басын мыстандар,

 

 Бұралқы иттер, жер кемірген тышқандар.)



 

 Қалың ұры қаптаса асқа егерде,

 

 Дастарханның берекесі келер ме!?



 

 Нан алдында тек ізгілік киелі,

 

 Ас обалы ас басшыға тиеді!



 

  

 



 Құлқы түзу ердің сөзін тыңдағын,

 

 Құлқы түзу татар əлем тұз-дəмін:



 

 «Адал жаннан бақыт қашып құтылмас,

 

 Түзік жанның күні ешқашан тұтылмас.



2865  Қайда тисе қиянаттың аяғы,

 

 Қайырымды  жандар қалмай, таяды.



 

 Қиянатшыл  қол  ұсынса  — бұл анық — 

 

 Жер қуарып, теңіз кетер суалып.



 

 (Сұмырай келсе су құриды, наныңыз,

 

 Сұмырай көрсең, суға айналар қаныңыз!)»



 

 Бегін сүйіп, жанын қияр жан болсын,

 

 Ұят-ар мен  ынсап білер нар болсын.



 

Білім, ақыл болу керек аспазда,

 

 Мерзімінде баппен тамақ асқанда.



 

 Қызмет етсе өзі жүріп, жөн біліп,

 

 Кіргенде де, шыққанда да көзге іліп.



 

2870  Өзін ұстап, іске тұтса ақылың

 

 Көзін тиып қосса білім — асылын.



 

 Аты шықса опалы боп бегіне,

 

 Жақсы аты қалар мəңгі тегіне...




 271

 

Ақылды адам атақ-құрмет алады,



 

 Білікті адам ықыласқа қанады.

 

 

 Ақылдыдан адамшылық қалады,



 

 Біліктілер — адамдардың адамы!

 

 (Ақылды-есті — кісілердің кісісі,



 

 Білімділер — кісілердің кішісі.)

 

  

 



 Не дейді екен көп білетін бас кісі,

 

 Есті кісі — кісілердің бастысы:



2875  «Опалы, есті — адамдықтың шынары,

 

 Адам үшін өзін құрбан қылады.



 

 Опасыз сұм, құлық қылқы шамалы,

 

 Уəде берсе, сөзін жұтып алады!»



*  *  *

 

 Айттым бəрін, білгенімнің дерегін.



 

 Ас басшысы болса осындай, о, Елік.

 

 Өзі кіріп, дастарханын баптаса,



 

 Бегі алаңсыз ауқаттанса, саспаса!

*   *   *

 

Айттым, Елік, ақылыма келгенін,



 

 Білгенім мен жүрегімнің сезгенін!

 

 

2880  Елік айтты: — Ұқтым. Өссін мерейің,



 

 Сауалым бар. Енді соған келейін.

 

Айтқын: Қандай болу керек ыдысшы?* 



 

 Қайтсе оңдар шырыншылар жұмысты?

 

  

 



 Иланса бек кідік көрмей қылығын,

 

 Ішсе сеніп шарап, шəрбат, шырынын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет