«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ӨГДҮЛМІШТІҢ ЕЛІККЕ ЖОЛЫҒУЫ БАЯНДАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет80/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

25. ӨГДҮЛМІШТІҢ ЕЛІККЕ ЖОЛЫҒУЫ БАЯНДАЛАДЫ

 

Келді Өгдүлміш тағзым етіп сыйлады,



 

 Қуаныштан балбұл жанды дидары.  

 

Еліктің Өгдүлмішке сауалы

 

 Сұрады Елік көзін қадай көзіне,



 

 Тағдыр қандай сыйын тартты өзіңе?

 

 Қандай жолмен өтіп жатыр күндерің?



 

 Неден безіп, нені аңсап іздедің?

 

Атаңнан соң тағдырыңнан не көрдің?



 

 Не қайырым, не қиынға бөгелдің?



Өгдүлміштің Елікке жауабы

1585  Айтты Өгдүлміш: «Уа, Елік, даңқты ер!

 

 Атағыңа жердің жүзі, қанықты ел.



 

 Жырақ жүрдім, Елік, қызмет етпедім,

 

 Тағдыр суық қабақ түйіп, шеттедім!



 

 Талай күндер Елік жүзін көрмедім,

 

 Сағынышпен шерге шомып, күлмедім.



 

Бүгін мені есіңе алып, шақырдың,

 

 Үміттендім, көңілде таң атырдың.



 

Шақырған соң, алып ұштым басымды,

 

 Күнім жайнап, көз шырадай ашылды!»



 

 

 



 

*   *   *  

1590  Елік сынап сауал берді кідірмей,

 

 Өгдүлміш те жауап берді мүдірмей!




 178



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет