«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет84/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   247
Еліктің Өгдүлмішке сауалы

1665  Ал жаман не? Жауыздық не? Бағалап,

 

 Айтқын, — деді — жаңағыңа қанағат!



Өгдүлміштің Елікке жауабы

 

 Айтты Өгдүлміш: — Тыңдап, сынап көріңіз,



 

 Мен айтайын, көңілді, бек, бөліңіз.

 

  

 



 Үш нəрсе бар жер қылатын адамды,

 

 Үш күнə бар оттай қарыр табанды.



 

 Біріншіден — арсыз, мақтан, жамандық,

 

 Екіншіден — алдау-арбау, арамдық.



 

 Үшіншісі — алып сатар, сараңдық,

 

 Ақымақ қылар осы үш түрлі надандық!



1670  Пейілі — тар, жаман адам жұғысса,

 

 Қырсық шалып, кері кетер жұмыс та!



 

  

 



 Аты шықса кімнің өтірік, өсекпен,

 

 Төмен болар қадірі елге есектен.



 

 (Аты шықса кімнің өсек, жалғанмен,

 

 Құтыла алмас ел ішінде танғанмен! )



 

 Боқты  терген сасық қоңыз сияқты,

 

 Сараңдықтан асқан не бар ұятты.



 

 Сараң жайлы не дейді ілім біліп ал:

 

 «Ей, аш көзді, қолы жұмық, іші тар!




 184

 

Алтын жидың, бірақ жеуді білмедің,



 

 Алтын жиып елге неге бермедің?

1675  Дүние жиып, жемейтұғын жарандар,

 

 Жейтіндер бар, асты əзірлеп, қараңдар!»



 

Бұл үш түрлі қасиеттің жолы — құт,

 

 Бұл үш түрлі надандықтың жолы — жұт. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет