«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет85/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Өгдүлмішке сауалы

 

 Елік айтты: — Ұқтым түгел, қарағым,



 

 Айтшы тағы мына сөздің жауабын.

 

  

 



 Білікті боп туа ма адам анадан,

 

 Əлде есейіп жасы келіп қана ма!?



Өгдүлміштің Елікке жауабы

 

 Айтты Өгдүлміш: — О, құтты Елік, қысқасы,



 

 Білім, сана — бұл өнердің нұсқасы. 

1680  Туып оқу-тоқусыз, жүре сауат ашады,

 

 Білік білсе, соңынан ісі де өрге басады.



 

 Анадан да шарана білімсіз боп туады,

 

 Біліп, оқып, үйреніп, дана жолын қуады.



 

 Ақыл-есі адамның табиғаттан бұйырар,

 

 Қабілетті үйренбес, қабілетке сиынар!



 

 Адам естен басқаны білімімен алады,

 

 Білім, оқу-тоқуды еңбегімен табады!»



 *   *   *

 

 Жақсы сөзге Елік жаны семірді,



 

 Марқайып бір, өзін құтты сезінді.

 

 

1685  Ата жолын ұлы қуды, ұл басты,



 

 Атасы өтті, ізгі жолы ұласты.

 

 Тілек етті, шүкір етіп Аллаға,



 

 Жақсы жарғы мирас болсын баршаға.

 

Өгдүлміштің кісілігін таныдым,



 

 Талай істің тап басады тамырын.




 185

 

Қайырымға қайырым жасау — парызың 



 

 Өте əрдайым жақсылықтың  қарызын.

 

  

 



 (Жасаған  жөн  ізгілікке — ізгілік,

 

 Ізгілікті ала алмайсың  үздігіп.)



 

 Не деді екен кісілердің сарасы,

 

 Көп ішінде көп білетін данасы:



1690  «Ұрпағыңның ұрпағына үлгі ет те — 

 

 Кісілікті кісілікпен құрметте!



 

 Кісілік сол, опаға — опа жасағын,

 

 Опалы бол, шықсын атың, атағың!»



*   *   *

 

 Күннен-күнге Елік сеніп қарады,



 

 Аты-даңқы бүтін елге тарады.

 

 Елдің ішін жайлап белгі-нышаны,



 

 Ғаламды алды даңқы ізгі дұғалы.

 

 Тұстастары бектігіне табынды,



 

 Бек ішінде білігімен танылды.

1695  Жылы сөзді, кішік мінез ғұрпымен,

 

 Күн өткізді жарасып ел-жұртымен.



 

Шырын сөзбен оңдап көңіл, құлықты,

 

 Өзі елінің іші-тысын жылытты.



 

Адаш-қолдаш*, достар тапты бағалап,

 

 Құрбы-досқа арқа сүйер азамат.



 

(Тұтас болса ағайынның арасы,

 

 Ала алмайды жəдігөйдің жаласы.)



 

Қалың болса кімнің құрбы-жолдасы,

 

Тірегі оның берік шың-құз болғаны.



 

Күшті болар, болса кімнің арқасы *,

 

 Күшті кісі — болар құттың ордасы.



 

(Білектілер бір өзіне сенеді,

 

 Білікті  һəм бірлікті ер жеңеді.)



1700  Құт-дəулетке жарқын көңіл жарасар,

 

 Болса ізетті, ғалым көркі тамаша.




 186

 

Жақсы айтыпты есті кісі, ұстанғын,



 

 Ісі өрлейді есті сөзді тұтқанның:

 

 «Кімде-кімге дəулет қонып, бағы асса,



 

 Кішілікпен, көңілді оңдап, жарасса...

 

 Дəулет егер күліп келсе кісіге,



 

 Кішіктікпен тұтсын берік, түсіне.

 

(Күліп келіп, төксе бақыт жарығын,  



 

 Кісілікпен көтер, шығар қарығың.)

 

 Күрүт*  тектес құттың түпкі тамыры,



 

 Көңіл-хошы — оның жұлдыз жарығы.

 

 

1705  Құлқы  жақсы  кісі — бақтың иесі,



 

 Ісі гүлдер, тиіп құттың киесі!»

 

 Кісі қоры — ұлықсыған көкірек,



 

 Күннен-күнге басылар да өкінер...

 

 (Күні құрсын өркөкірек, кердеңнің,



 

 Өзін көрмей, өзгелерден терген мін!)

 

 Құт жүз бұрса — барша жұртқа лайықты,



 

 Бек жарасар ақылды ерге байыпты.

 

 Осы жайлы бəйітті енді оқығын,



 

 Оқығын да, ай, қолы ашық, тоқығын:

 

 «Біліксізге жарасса егер бұл бақыт,



 

 Біліктіге — таққанмен тең күн-жақұт.

1710  Бұл бақ-дəулет жарасса егер наданға,

 

 Тегінен сай білікті, есті адамға.



 

  

 



 (Дəулет қонса, ақымақ та «зиялы»,

 

 Кісіліктен бөлек, əттең, сияғы...



 

  

 



 Дəулет қонса ақылдыға, ағайын,

 

 Шуағымен нұрландырар маңайын.)



 

 Біліксіздің шығарса атын дəулеті,

 

 Біліктінің арттырар даңқ, сəулетін.



 

 Ақымаққа қонған бақыт тоналар,

 

 Қалай қонса, солай ұшып жоғалар!»



 

 Бұл сөздердің куəсіндей сөз келді,

 

 Ай, ақ көңіл, көңілге түй, көр де енді:




 187

 

«Ақылдыны құт құрметке бөлейді,



 

 Күн мен түнін кереметке теңейді.

 

 (Ал ақымақ өзі байлар өз бағын,



 

 Түсіне алмай құт,  тірліктің озғанын.)

1715   Құт наданның берекесіз басына,

 

 Бір күн тұрмас, кезіккендей қасына!»



*   *   *

 

 Өгдүлмішті сынап Елік, сенді анық:



 

 Өсірер ер туған екен ел бағын. 

 

Қадір тұтып төбесіне көтерді,



 

 Қадірсіз ғып, көрді жасап бөтендік...

 

 Қадірлесе — ісін мүлдем жандырды,



 

 Қадір кетсе — іспен айыз қандырды.

 

 Қорған болды. Пейіліне сенді Елік,



 

 Қазынасын басқарсын деп берді ерік.

1720  Мойнына артты ұлы аманат сан қилы,

 

 Аманатты алған ерге жан пида!



 

 Істі Өгдүлміш келтірді əбден бабына,

 

 Күнде оны Елік жақын тұтты жанына.



 

 Парықтады: білді болса кеселін,

 

 Хаттап-шоттап реттеді есебін.



 

 Сақтанды өзі, бек сақтады бегін де,

 

 Қылдай сызат түсірмеді сенімге.



 

 Кəріқұлақ, көнекөздің тілінен,

 

 Бұл тірліктің кіл шындығы білінер:



1725  «Алтын-күміс кісіге асыл, салмақты,

 

 Ұстамды  ер алтыннан да ардақты.



 

 Ерді сүйреп кетпесе алтын көгені,

 

 Бұл жалғанның бар қызығын көреді!



 

 (Ішті кеулеп, құмарланса алтынға,

 

 Алтын арбап, жоғалады өз нарқың да!..)»



 

 Білгендіктен білімді айтқан, білерсің:

 

 Шыншыл, түзу жанды көзге ілерсің.




 188

 

Бұдан да асыл сөз бар, ұқсаң, бұрыннан.



 

 «Мейірімді ер садағасы шыбын жан».

 

 Тура дейді, қандай өзі туралық?



 

 Аманат күн туралықта тұралық!

1730  Нағыз ер кім арасында ерлердің?

 

 Кімнің құлқы түзу, соны ер дегін. 



 

 Абыройға қандай адам лайықты? — 

 

 Сахи — лайық, сараң əркез айыпты!



 

 Күні-түні нəрсе жисын, қарашы,

 

 Ризық көрмес, мұңлық адам баласы.



 

 Бірі тынбай кең жаһанды кезіп жүр,

 

 Теңізге еніп, бірі жаннан безіп жүр. 



 

 (Адам саған еңбек етсе, біл өңін,

 

 Кетпе ұмытып, секілді бір тірі өлік. )



 

 Қайсыбірі — тау қопарып қабаттап,

 

 Енді бірі жер өлшеп жүр адақтап.



1735  Таудан  асып, бірі дария кешіп жүр,

 

 Құдық қазып, бірі суын ішіп жүр.



 

  

 



 Бірі — ұрыста ай қылышы жарқылдап,

 

 Біреу өліп бара жатыр, салқындап.



 

Бірі — алаяқ, қарақшы, ұры, тас жүрек,

 

Бірі — зұлым, барымташы, қаскүнем.



 

  

 



 Бəрі осының — бір құлқынның қамы екен,

 

 Құлқынға құл болғандар кіл тағы екен.



 

 Мұның бəрі надандықтың қылығы,

 

 Надан да мал, қуған құлқын құрығы!



1740  Білікті жан бір Аллаға қараған,

 

 Дəм мен тұзын ақтап, көрер қанағат.



 

 Деген екен қанағатшыл ер кісі,

 

 Көргендері сөздеріне тең кісі:



 

«Жаһанды кез, үйіңде жат — өлесің,

 

 Маңдайыңа жазылғанды көресің!»



 

Ей, білген құл, түзет сөз бен көңілді,

 

Ырзығың бар, бүркенгенше көріңді!




 189

 

Байлықты бұл тілесе ері жалғанның,



 

 Өзі дұрыс əділдікпен алғанның.

1745  Келсе егер бар жаһанды билегің —

 

 Тағы да сол, ақиқатпен жүр, бегім!



 

Күллі əлемді əділетпен билеген,

 

 Парасатты бір ақсақал бүй деген:



 

 «Бұл жалғанның күтсең байлық, ырысын,

 

 Түзу болсын сөзің, ойың, жұмысың.



 

 Дүниені тұтқың келсе тағы да,

 

 Тіл, көңілді түзу ұста, жаңылма!»



 

 Еліңді, бек, əділдікке бөлесең,

 

 Құтты жұрттың қуанышын көресің.



1750  Ақиқатпен, таза атқар бар істі,

 

 Кісілікпен тындыр, біліп мəністі!  



 

*  *  *


 

 Өгдүлміштің артты бағы, беделі,

 

 Сырлас болып, елін тыңдап еледі:



 

 Елік оны бар қырынан сынады,

 

 Кемелдігін көрді, сеніп құлады.



 

 Елік көрді Өгдүлміштің толғанын,

 

 Қай істе де сөзсіз тура болмағын.



 

  

 



 Сүйсінесің, ақылды ердің ойына,

 

 Надан, естіп, сіңір түгел бойыңа:



1755 «Қызметшісін бектер тұрсын тексеріп,

 

 Қызметті де беру керек тек сеніп.



 

 Құл көрсетсін істі алғанын игеріп,

 

 Сонсоң ғана құрмет білдір, сый беріп.



 

 Құлдың ісі ұнап тұрса бегіне,

 

 Құл мал табар, бек мақтанар теңіне!



 

 (Құлдың ісі ойдан шықса көгерер,

 

 Құл — құрметке, бек даңққа бөленер!)»



 

 Жақсы айтыпты Йағманың* бір бегі,

 

 Барлық іске пайдалы екен — білгені:




 190

 

«Іс берсең, бек, іс жөнін білгенге бер,



 

 Түзу жолмен тұп-тура жүргенге бер!

1760  Бек олаққа іс берсе, сөнді деп біл,

 

 Өзге емес, бүлдірген өзі деп біл!



 

  

 



 (Олақпенен жұғыссаң, көзіңнен көр,

 

 Өзге емес, тағы да өзіңнен көр.)»



 

 Алла қолдап, болса құтың молығар,

 

 Қызметшің де кемел жаннан жолығар.



 

 Оңдамаса, тасқан көңіл басылар,

 

 Сұм қол беріп, бар құтыңды қашырар!



 

 (Өрлегенді құлдыратам десе де,

 

 Жолықтырар берекесіз кещеге.)



 

 Ондай надан от шығарар ордаңнан,

 

 Түтін буып, ісі қирар қолға алған!



 

(Ондай надан  шашар  төрге  күліңді,

 

 Тозақ қылар  көрген күн  мен  түніңді!)



*   *   *

 

 Өгдүлмішке Елік сеніп алды да —



 

 Уəзір етті, тартты істерін алдына.

1765  Барлық елге жетер билік берді енді,

 

 Қолы ұзарды, тілі оймен зерленді.



 

  

 



 Ыдыс, таңба, құрал-жабдық, киімін,

 

 Атын берді* — құты өсті үйінің.



 

 Жылы сөйлеп, нұсқап, жөндеп ақырын,

 

 Қолдап, мақтап, берді Елік ақылын.



 

Кішісі бар, ұлығы бар сарайдың,

 

 Куə тұтып, жаннан артық балайды.



 

 Қызметшінің келді бəрі жарысып,

 

 Қошеметтеп, тарту тартты табысып.



1770  Ал Өгдүлміш ізгі заңын енгізді,

 

 Құрметтеді, теңеді елге теңсізді.



 

Бар зұлымды кетірді елдің ішінен,

 

 Арылды өзі жайсыз қылық, ісінен.




 191

 

Түзелді заң — түзелді елі, жетілді,



 

 Тыншыды Елік, ел іргесі бекіді.

 

 Сүйінді көп, ал сүймеген дұшпаны,



 

 Туы құлап, қашты елінен тысқары.

 

 (Жайнады елі елестетіп лағылды,



 

 Туы құлап, жаудың тауы шағылды.)

 

Құтылды Елік, татты балын бірліктің,



 

 Рахатын көрді тыныш тірліктің.

1775   Мұндай пайда ілімдіден келеді,

 

 Зерек, сергек, білімдіден келеді.



 

 Мақтамассың қалай ерді білімді,

 

 Білімсіздік ірітеді тініңді.



 

Біліктімен ісің жанып тұрады,

 

 Білімсізден кілең сұмдық тұнады.



 

 Құт-ырыс та — біліктіге жарасар,

 

 Не жақсылық келер содан, қарасаң.



 

 Былай депті Ыла бегі, аңдағын,

 

 Сөздің мəні — наданға көз, барлағын:



 

 (Шайыр тілі əсте əдемі толғайды,

 

 Жұпар сынды мəнін сезбей болмайды.) 



 

         

 

 

1780  «Біліксізге дəулет келіп, қонса құт,



 

 Бүтін халық бұзылар да, болар жұт.

 

Ақылдыға тисе егер де бектігің,



 

 Ел көгерер, бұл бір сөзі тектінің!»     

 («Қорлығынан надан, таяз бегіңнің,

 

 Азап шегіп, бағы таяр еліңнің.



 

Басқарса елді білімді ер — білікті ер,

 

 Бағымыз деп бағына бер, жігіттер!



 

Біліксізбен тапса дəулет ұнасым

 

 Біліктімен тасыр еске ұласып.



 

Біліксіздің қалып қойса қасында,

 

 Білімдіні жоқтар өлсе — басында.



 

  

 



 Білімді басын көтерсе төрден —

 

 Біліксіз бықсыр шаладай сөнген».)




 192

*   *   *

 

 Күні туып, Елік жүзін нұрлантты,



 

 Шүкірлікпен есіне алды бір хақты.

 

  

 



 Көзін көкке тігіп, Елік: «Жаратқан!

 

 Өзің, — деді, — білік нəрін таратқан.



 

 Білім бердің, бердің қуат, өмірді,

 

 Туралық бер, бекіндіріп көңілді!



1785  Ізгі жолда қайрат бергін сен бүгін,

 

 Көтерейін қолымдағы ел жүгін!»



*  *  *

 

 Пақырларға үлестірді мал-мүлік,



 

 Көңілін беріп, бір Аллаға салды үміт.

 

 Ай мен күні қуанысып жарысты,



 

 Ел марқайып, бір оңалып қалысты.

 

 Бұл адамның адамына бұйырар,



 

 Оның да өліп кететіні қиын-ақ.

 

 Бегі əділ болса, елі бақытты,



 

 Халқы түзу болса, бегі бақытты!

1790  Жаман-жақсы, өлсе — топырақ қабады,

 

 Топырақ болар — бірақ аты қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет