«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет82/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   247
Өгдүлміштің Елікке жауабы

 

 Айтты Өгдүлміш, жерді сүйіп: «Тамаша,



 

 Елік маған жылы жүзбен қараса!

 

 Мен — құлыңмын. Сен — əміршім, əмір бер!



 

 Ұлы бектер құлын бектей қадірлер!




 179

 

Құрмет тұтқын, еркің, қорла — сорыма,



 

 Мен өзімді пида қылдым жолыңа!  

*   *   *

 

 Жүріп кетті, тұрды да сəт аялдап,



 

 Жалғыз өзі жетті үйіне аяңдап.

1605  Содан бастап құт белбеуін тағынып,

 

 Қызмет етті тек Елікке бағынып.



 

Күндіз-түні пейіл қойды іске енді,

 

 Түн күзетіп, іс басында түстенді.



 

Ырза болып Елік жиі шақырды,

 

 Құты тасып, бақ есігі ашылды.



 

Не дейді екен қызметші білген ер,

 

 Құлшылықпен құтты аттай мінген ер.



 

 «Ай, бектердің сүйінішін баққан жан,

 

 Күллі бектің тілеуі — ісі атқарған!



1610  Бекке жақпас іс жасаса құлдары,

 

 Кінəлі өзі, өз сағының сынғаны!



 

  

 



 Бек қалаған қызметке бармаса,

 

 Бар тірлігің босқа өткені, далбаса!» 



*   *   *

 

 Өгдүлмішті Елік жиі шақырып,



 

 Істі ұқтырды, айтты білген ақылын.             

*   *   *

 

 Бірде Елбасы деді өртеніп: «—Дариға-ай!



 

 Қандай ерді жоғалтқанмын, япырмай!

 

 Есігімде сүйретілген тірі көп,



 

 Іске жарар, сүйенетін бірі жоқ!»

1615  Бəрі олақ, кері кетті жұмысым,

 

 Қане, кім бар түзер істің тынысын!?



 

 Сынап білген жақсыны да жаманды,

 

 Тыңдап, көргін көңілі ояу адамды:



 

 «Тілеген жан — бар тілекке жетеді,

 

 Тілегендей кісілер аз, нетеді!?




 180

 

Толып жатыр адалы да адамы,



 

Тілегіңе сай бірі жоқ, ғажабы!» 

 

  

 



 

 Жарамдысы кісілердің — керегі,

 

 Жарамдысы, пайдалысы, ерені.    



 

   


1620  Естігейсің, шайыр былай деп еді,

 

 Шайыр сөзді мағынамен тереді:



 

 

 



«Жүргендердің жақсылары сирек-ті,

 

 Жақсыларын ажал ерте күйретті.



 

(Жүргендердің жақсысы жоқ, білгенім,

 

 Жақсы болса жүргені жоқ, білгенім!?)



 

 Құмырсқадай жүргендердің көптігі,

 

 Көп ішінде іске жарар жоқ бірі».



 

 Елік ойын мəтелдеді, балады:

 

 Ұрықты жан өлсе ұрқы қалады!



 

 Ұлдың құлқы əкесіндей болады,

 

 Нені ексең, жерден соны орады!»



1625  Айтолдыдан тусаң солай туарсың,

 

 Ұл боп тусаң, ата жолын қуарсың!



 

  

 



 Ата өлді — орны қалды қуарып,

 

 Көгерт қайта, ата жолын қу анық!



 

 Мəпелейін — кісі болсын келісті,

 

 Келістінің ісі болар жемісті!



 

  

 



 Айыбы жоқ атасына теңесең,

 

 Бір айыбы, балғын, бала демесең.



 

 Жақсы айтыпты құтты кісі халықта,

 

 Сəулесімен тартқан елді жарыққа:



 

 

1630  «Бектер кімді тартса қолдап қасына,



 

 Бектен кейін сол тұрар іс басына.

 

  

 



 Жақын келіп, бек ойына толар кім,

 

 Түгел болар тілегі де олардың.



 

 Бектің өзі кімге жылы қарайды,

 

 Жапырылып бəрі соны қалайды.




 181

 

(Бектің көзі кімге күлім қағады,



 

 Жұрттың көзі соның сөзін бағады!)»

 

 Елік айтты: — Енді маған шара жоқ,



 

 Білім берсем, шығар бала дана боп!

 

 

 



 Ата ақысын өтейін де ақтайын,

 

 Кіші жанды мейіріммен баптайын.



1635  Бұл Айтолды, адам еді дана асыл,

 

 Кісілікпен кісі етейін баласын.



 

  

 



 Өзі ізгі жан — ізгілікті бағалар,

 

 Адамшылық ізгілікпен қаланар.



 

 Ізгі жанын суытпайды адамдар,

 

 Ізгі еңбегін ұмытпайды адалдар.



 

 Тыңда, енді бабамыздың нақылын,

 

 Сол нақылмен толысады ақылың:



 

 «Ей ізгі жан, ізгілік ет, жаңылма,

 

 Ізгілікті жұтпас қарттық, қабыр да!..



1640  Ізгілігің қартаймайды, қалады,

 

 Ғұмыры — ұзақ, аты алысқа шабады!»  



*   *   *

 

 Өгдүлмішті Елік сеніп, үптеді,



 

 Бар міндетті сеніп соған жүктеді.

 

  

 



 Қызметі бағын ашты, ашығы.

 

 Ісі жанып, абыройы тасыды.



 

 Барлық істі заң жолымен жөндеді,

 

 Қадірі артып, көңілі өсіп, өрледі.



 

 Қашандағы мұның сөзі болды сөз,

 

 Елікке — тіл, Елікке өзі болды көз.



 

 

 



 

*   *   *   

1645  Елік құстай мəпеледі,  ұшырды,

 

 Іші-тысы толды, пісті, ысылды!



 

 Түсінді Елік: Ісім енді оңалды,

 

 Қай жағынан келсін міні жоғалды.




 182

 

Таптым кісі, жетік істің мəніне,



 

 Жасы толса, кемелденер əлі де!

  

(«Ұл»-дан ұлы шығар деп жұрт жорыған:



 

 Болар бала танылады боғынан...)

 

 Ұлы болар ұл өжет боп туады,



 

 Болар бала көрініп-ақ тұрады.

 

  

 



 Тұнсын мына бəйіт те ой-зереңде,

 

 Оқып көрсең, мағынасы тереңде:



 

 

1650  «Əр нəрсенің бар ерекше шырайы, — 



 

 Белгісі сол, танытатын шынайы.

 

 Жеміс түрін айырасың гүлінен,



 

 Бар нəрсенің мəні ұғылар түрінен!»  

*   *   *

 

 Өгдүлміш те табынып һəм сабылып,



 

 Қызмет етті күндіз-түні сарылып.

 

 Қажетсіз іс-əдеттерден арылды,



 

 Игі іс үшін күйінді де тарылды,

 

 Машақаты кетті Елік бегінің,



 

 Мəртебесі артты қалың елінің!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет