Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет120/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ШИ ШЫҒАРУ. Бұл тіркестің мағынасы түсінікті: «Жөнсіз реніш 

білдіру; іріткі салу». Мұндағы ши сөзі – «түп-түп болып өсетін, сабағы 

жіңішке  әрі  ұзын  қамыс  тектес  өсімдік»  атауы  емес.  Түптөркінін 

білмегендіктен,  «Түсіндірме  сөздікте»  ши  шықты  тіркесі  өсімдік 

атауы ши-дің ұясында беріліпті. Ал дұрысын іздестірсек, көне түркі 

тілдерінде соүі (шағы, шоғы) сөзі «талас, жанжал» дегенді білдірген. 

Заман  өткен  сайын  сөз  тұлғасы  оны  қолданатын  тілдің  (немесе 

тілдер  тобының)  фонетикалық  жүйесіне  сәйкестендіріліп  өзгереді. 

Бұл  бейнелі  тіркес  өте  көне  замандарда  қалыптасқан,  сондықтан 

оның  құрамындағы  шағы>шағ>шай>ши  сөзі  қазақ  тілінде  ши  бо-

лып өзгерген. Тілді тұтынушы қашанда да бейтаныс сөздерді таныс 

сөздерге ауыстырып айтуға жол береді. Демек, ши шығару – «талас 

туғызу;  жанжал  шығару»  (дәлірек  айтсақ,  жанжал  шығаруға  ілік 

іздеу) деген ұғымды білдіруіне өсімдік ши емес, «жанжал, талас» де-

ген көне шағ/шоғ сөзі негіз болған. 



179



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет