Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет121/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ШЫБЫН:  ШЫБЫН  ЖАН.  Қазақ  тілінде  жан  сөзімен  қосақ- 

талып шыбын сөзі жүреді. Мысалы, «Қобыланды» жырында:

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып



Шыбын жанын және айтып.., 

Шырағымның шыбын жан(ы) 

Жасаған саған аманат.

Кейде шыбындай жаны түрінде де келеді:

Келмембет кірді ханына

Ара түсіп Қамбардың

Бір шыбындай жанына («Қамбар батыр»).

Қозыға анасы:

Бір шыбындай жаныңды қорға, балам, – 

дейді. Бұл тіркестердегі шыбын – біздіңше, шыбын-шіркей дегендегі 



шыбын-  мен  бір  емес  сияқты.  Сірә,  парсының  жан  сөзімен  қатар 

осы мағынада шыбын сөзі қолданылған тәрізді. Өйткені шыбын сөзі 

жан  сөзін  қосарламай  да  «жан»  мағынасында  қолданылып  келгені 

байқалады. Мысалы, «Қобыланды» жырында Құртқа Қобыландыға:



Шыбыныңды тапсырдым 

Бір жаратқан Құдаға, – 

дейді.  Жалғыз  ауыз  әдебиет  тілінде  емес,  жазушылардың  қолда- 

нысында  да  «жан»  мағынасында  шыбын  сөзі  кездеседі.  Мысалы, 

Сұлтанмахмұт Торыайғыров «Қамар сұлу» романында науқас Қамар 

туралы: «Құр шыбыны бар» деп суреттейді.

«Жан  ұшырып»  мағынасында,  соның  синонимі  ретінде  шыбын 

болып деген тіркес те кездеседі. Мысалы, Шоқан Уәлиханов жазып 

алған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:

Қорабай Сарыбаймен аңға келген,

Бір адам шыбын болып үйден келген, – 

деген жолдарды оқимыз.

Шыбын жан тіркесі жөнінде бұл күнге дейін «діни ұғым бойын-

ша, кісі өлгенде, жаны шыбын тәрізді ұшып кетеді-мыс» деген пікір 

айтылып келеді (Кеңесбаев, 569). Бірақ біз бұл тіркестің мағынасын 

өзгеше  топшылаймыз.  Махмұт  Қашқаридың  жазып  қалдырғаны 

бойынша,  көне  түркі  тілдерінде  чывы  (чыбы)  сөзі  «ру,  тайпаның 

жебеушісі»,  рух»  деген  ұғымды  берген  (ДС,  151).  Мүмкін,  чыбы 



(н) сөзімен ру-тайпаны жебеп-қорғап жүретін ғана емес, адамдарды 

қолдап, жебейтін күшті де, яғни адамның жанын да білдірген болу 

керек. Бірақ бұл пікіріміз – әзірге жорамал ғана. Біз бұл жерде бір 

нәрсені  кесіп  айта  аламыз.  Ол  –  қазақ  тілінде  «жан»  мағынасында 




180

шыбын сөзінің жеке тұрып та қолданылатындығы. Мұны жоғарыдағы 

мысалдардан басқа да фактілер дәлелдейді. Мысалы, халық өлеңінің 

қайырмасында  келетін  «шыбыным,  шыбыным,  айдарлым»  деген 

сөздерде де шыбыным – жаным деген сөздің баламасы.

Ал  шыбындай  жаны  деген  тіркестегі  шыбын  сөзіне  -дай  жұр- 

нағының жалғануы, біздің байқауымызша, теңеу үшін болып тұрмаған 

тәрізді. Бұл жұрнақ, түптөркіні бейтаныс сөздерге жалғануға бейім 

екенін, яғни -дай жұрнағымен келген ондаған күңгірт сөз бар екенін 

тіл  мамамандары  әрдайым  көрсетіп  келеді  (мысалы,  еңгезердей, 



өндірдей,  алпамсадай,  зымырандай  дегендердің  түбірі  жеке  қол- 

данылмайды, беретін мағыналарын да екінің бірі бірден тап басып 

айтып  бере  алмайды).  Шыбындай  жан  дегенде  де  -дай  жұрнағы 

теңеуден  гөрі,  екінші  жан  сөзінің  дәлме-дәл  эквивалентін  білдіру 

қызметін атқарып тұрған тәрізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет