қарсыласу ұғымының ішінде «тайталасу, арпалысу, қоса қабаттасу»
сияқты нақтылау мәнде қолданылатын сөзге айналған.
Ал кейде мағыналас сөздердің қатар (қосарлана) қолданылуы
сол сөздер беретін ұғымды күшейтіп, оның «әбден, тіпті, мықты»
екенін білдіретін реңк үстейді. Айталық, қатуланды, қаттанды деген
бір мағынадағы екі тұлғадан «әбден күш алды, тіпті күшейді» де-
ген ұғым (мүмкін, одан барып ауыспалы «әбден ашуланды, мықтап
қаһарына мінді» деген мағына) пайда болып тұр.
§2. Көне түркілік сөздердің басым көпшілігі – бұл күнде көне
мағынасында жеке қолданылмайтын тұлғалар, олар не күрделі
етістіктердің құрамында сақталып қалған. Мысалы, жер болу, жер
қылу дегендегі жер сөзі көне түркілердегі ир сөзі сияқты «ұялған,
қысылған» мағынасында жеке қолданылмайды. Сондай-ақ жек
көру дегендегі жек сөзі де көне түркілер тіліндегі йенк сөзі сияқты
«түкке тұрғысыз, болмашы, мардымсыз» деген мағынада жеке-дара
жұмсалмайды.
Көне түркі заманынан келе жатқан сөздердің ішінде тіркес құра-
мында емес, жеке тұрып қолданылатын күйде сақталғандары да жоқ
емес. Бірақ олар – көне сөздер болғандықтан, бұл күнде мағыналары
күңгірттеніп, арнайы зерттеулер арқылы түсіндірмесе, екінің бірі
бірден тап басып, қай ұғымды беріп тұрған сөз екенін айтып бере
алмайтын дәрежеде көрінеді. Мысалы, «Қобыланды батыр» жы-
рында Құртқа сұлу батырға: Не қылсаң да маған қыл, Бурылға, сірә,
қағылма, – дейді. Мұндағы қағылма деген сөзді әдетте «соқтықпа,
ұрынба» деген мәндегі қақтықпа сөзінің бір варианты болар деп
ұғамыз, ал, дұрысында, мұның түбірі – көне түркі тілдеріндегі «ашу-
лану» мағынасындағы қақы- етістігі, сонда қағылу «ашулану» дегенді
білдіретін сөз болып шығады. Мүмкін, қақтығу етістігінің түбірі де
көне қақы- болған күнде де, бұл екі тұлға қағылу және қақтығу бо-
лып, екі бөлек мағынаны беретін сөздерге айналған: қағылу – «ашула-
ну, ренжу», қақтығу – «ұрыну, соқтығу» деген мағыналарға ие сөздер.
Түбірі бұл күндегі қазақтар үшін мағынасы ұмыт болған көне
сөздердің қатарына тостақ, «орау, үйіру» мағынасындағы толғау,
«аспан» ұғымы бар қалықпан (құс), қалықтау, сөз дегеннің көне
тұлғасынан туындаған сауын (саб>сау+ын) айту, сөз саптау, жаушы
(саб> сау>жаушы), «жүру, адымдау» мағынасы бар маң- түбірінен
жасалған маңғыстау, жыланның уытын оқып шығару дегендегі оқу
(«шақыру» деген мағынаны беретін көне тұлға), шыр біту дегендегі
шыр (көне түркілерде «май»), «біреудің әйелі, жұбайы» мағынасын
186
білдірген кіші сөзінен жасалған кішілік сөздерін қосуға болады.
Бұлардың көпшілігі – тұрақты тіркес құрамында емес, жеке де (еркін
тіркесте) қолданылатын сөздер. Бірақ олардың көне мағыналары
ұмыт болған. Бақа, бақа балпақ, көзің неге тостақ? деген балалар
өлеңіндегі тостақ дегеңнің «бақырайған» деген ұғымдағы сөз екенін
контекске қарап қана шамалаймыз. Ал, шындығында, бұл сөздің
түбірі «көзді кең ашу» мағынасындағы көне тоста- етістігі екендігін
тек этимологиялық ізденіс арқылы білуге болады.
Сөздің көнелігі оның о бастағы мағынасын ұмыттырып, тек
тұрақты тіркес құрамында қалдырады. Айталық, қара құрттай қай-
наған халық немесе құж-құж қайнау дегендердігі қайнау етістігінің
көне «ерсілі-қарсылы бейберекет сапырылысу, құжынап жату» деген
мағынасы ұмыт болғандықтан, бұл күнде көшеде адамдар қайнады,
құмырсқа қайнады ден еркін тіркес жасап айтпаймыз. Оның бұл көне
мағынасы тек қара құрттай қайнау, қайнаған халық (жұрт, адам-
Достарыңызбен бөлісу: |