тобы (шайка)», «әскер», «халық», «тобыр» деп көрсетіледі (134-бет).
188
Демек, бұл сөздің түпкі мағынасында шабуылға, талауға, қыр-
ғын-сүргінге катысты мән бар. Сондықтан аталған сөздікте аламан
тұлғасы ала- етістігінен жасалған туынды есім сөз деп танылған.
Ала- етістігінің түбірі
ал- (бір нәрсені қолмен алу) деп талданады
да, оған қосылған -а форманты – қимылдың жиілігін танытатын
көрсеткіш деп беріледі. Осы себептен түрік тіліндегі алғын, аланж
«тонау», алақ, алақты «талан-таражға салу», қазақ тіліндегі алаулау
«соғысу, ұрыс салу» дегендердің түбірінде бір нәрсені қолмен алуға
немесе бір халықты басып алуға қатысты идея (мағына) болғанмен,
ала сүргін, ала шапқын дегендерде
алу идеясы емес, «көпшілік»
идеясы басым (соңғы тіркестердегі «соғыс, ұрыс, талау» мағынасы
сүргін, шапқын сөздерінде). Сондықтан о баста қазақ халқын құраған
ру-тайпалар одағының алаш (алты алаш, алты сан алаш) аталуы бұл
сөздің «көпшілік, халық» мағынасын қамтитын ала түбірімен байла-
нысты екенін көрсетеді. Демек, алаш «көпшілік, одан барып «халық,
қауым» деген ұғымда қолданылған атау болған.
Сөйтіп, сөз тарихын қуалағанда, ала деген бір ғана тұлғаның
туынды сөз, күрделі сөз, яғни тіркес құрамында бірнеше мағынада
келетіні байқалады. Ол мағыналардың бірқатары түпкі (этимондық)
семантикадан тараған ауыспалы түрлері болса, енді біреулері
«ұрыс, соғыс, қырып-жою» мағыналары бар және «көпшілік, мас-
са» деген мағыналық реңкті қамтитын өз алдына бөлек сөздер бо-
лып шығады. Осы себептен қалың оқырманға ала балта, ала ту
дегендердегі ала-ның түске қатысы жоқ екенін, батырлар жырлары
мен Махамбет ақында кездесетін алаулау етістігінің «соғысу, ұрысу»
мағынасындағы сөз екенін тарихи лексикология курсы аңғартады.
Бұл сияқты сөздердің (қолданыстардың) семантикалық комплекстері
олардың тіркесу қабілеттерін, мағыналық мүмкіншіліктерін
айқындауға көмектеседі.
§4. Бір алуан сөздердің тіркес құрамындағы мағынасы түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде «күні кеше» ғана – орта ға-
сырларда қолданылғаны көрінеді, бірақ заман озған сайын сөздің
жеке мағынасы түгіл, тіркестің өзі қолданыстан шығып, тек ескі
өлең-жырлар мен мақал-мәтелдер құрамында сақталған. Оған мы-
сал ретінде ауыр әскер, ауыр қол, ауыр жұрт, ауыр дәулет, ару ат,
ару жігіт, астана жұрт, ай қараңғы кешесі сияқты тіркестерді
келтіруге болады. Бұлардағы ауыр сөзінің «көп, сансыз, қалың»
мағынасы да, осы мағынамен келген жоғарғы тіркестер де бұл күнде
қолданылмайды.. Сондай-ақ ару сөзінің «жақсы, игі, мінсіз, асыл»
мағыналарын осы күнгі қазақ тілі қолданбайды, сондықтан ару ат,