Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет129/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   284
ару жігіт дегендер бұл күнде нормадан тыс тұрған тіркестер болып 

көрінеді,  ал  бірақ  осы  тіркестердің  XV-XVII  ғасырлардағы  ақын-

жыраулар тілінде сақталғанын байқаймыз.

Орта ғасырлардағы түркі ескерткіштері тілінде жиі қолданылған 



айла-/әйла-  («ет-,  қыл-»)  көмекші  етістігін  де  бүгінгі  қазақтар 

білмейді, ол зар илеу деген күрделі етістік құрамында тұлғасы едәуір 

өзгеріп барып (айла-> әйла->иле-) сақталған. Кеше сөзі де – қазіргі 

өзіміз қолданатын мағынадағы кеше («бүгінгіден бір күн бұрын өткен 

күн») емес, «түн» мағынасындағы қолданыс. Бұлардың қазақ тілінде 

орын алуының екі-үш түрлі себебі бар сияқты, бірі – орта ғасырларда 

бірқатар  сөздердің  беретін  мағыналары  көптеген  түркі  тілдеріне 

(олардың оғыз, қыпшақ, қарлұқ болып тарамдалатынына қарамастан) 

ортақ  болған.  Мысалы,  жоғарыда  сөз  еткен  ауыр,  ару,  «туысқан, 

рулас»  мағынасындағы  қарындас  сияқты  сөздер  орта  ғасыр  түркі 

ескерткіштерінде біз көрсеткен мағыналарда қолданылған. Қазақтың 

ақын-жыраулары да бұл ортақтыққа ие екендіктерін өздерінің өлең-

толғауларының тілі арқылы көрсеткен деп табамыз. Екіншіден, орта 

ғасырлардағы  түркі  әдеби  тіл  дәстүрімен  қазақтың  ақын-жыраулар 

тілі де іліктес болғандығы бұлардың өлең-жырларында ай қараңғы 

кешесі сияқты тұлғалардың орын алуы көрсетеді.

§5. Қазақ тіліндегі араб, ішінара парсы сөздері, әсіресе, дерексіз 

ұғым  атаулары  (абстракт  есімдер)  мен  оқу-білім,  мәдениет  сияқты 

салаларға  қатысты  сөздер  тілімізге  араб,  иран  халықтарымен 

тікелей қарым-қатынастың нәтижесінде енбеген, олар негізінен орта 

ғасырлардан, сонау XII ғасырдағы Ясауи хикметтерінен бастап, күні 

кешегі  «Ләйлі-Мәжнүн»  поэмасының  түркі  тілдеріндегі  жырланы-

сы арқылы келген деген тұжырымның (мысалы, бұл жөнінде Әмір 

Нәжіптің пікірлерін еске алайық) қисыны бар. Бұл кірме сөздердің 

дені қазақ тілінде әбден орнығып, қалыптасқан да бірен-сараны ғана 

ескі өлең-жырлар мен мақал-мәтелдер құрамында сақталған. Мысалы, 

«Мен  салар  да,  сен  салар,  атқа  жемді  кім  салар»  деген  мәтелдегі 

алғашқы екі рет келген салар – парсыша «әскери басшы, командир» 

дегенді білдіретін сөз болса, оның бұл мағынадағы қолданысы қазақ 

тілінде өріс алмаған, сондықтан бізде керуенсалар («керуен басы»), 



әскерсалар («әскер басы, қол басы») сияқты сөздер жоқ. Салар сөзінің 

бұл  мағынасы,  демек,  тек  мәтелде  сақталған.  Сол  сияқты  «бақыт» 

мағынасындағы  ораз,  «әскери  іс,  батыршылық»  мағынасындағы 

сыпайшылық,  «бақытсыз,  сормаңдай»  мағынасындағы  сұм,  сұмы- 



рай, «көкорай, көкмайса» мағынасындағы майдан, «қиындық, ауырт- 

палық,  шарасыздық»  мағынасындағы  сауда  сияқты  сөздер  бұл 




190

көрсетілген  мағыналарда  қазіргі  қазақ  тілінде  жұмсалмайды.  Бірақ 

бұлар осы ұғымдарда бұрынырақ тілімізде қолданылғанын эпостар 

мен мақал-мәтелдер, XV-XVII ғасырлардағы ақын-жыраулар тілдері 

көрсетеді. Бұлар – кірме сөздердің мағыналарындағы құбылу, өзгеру 

процесін танытатын фактілер. Демек, кірме сөздер де алғашқы бір-екі 

мағынада  тұрақталып  қалып  қоймайтындығы  байқалады.  Мысалы, 

сұм,  сұмырай  сөздері  «сормаңдай,  бақытсыз»  мағынасында  XIX 

ғасырдың  бас  кезіндегі  Алмажан  сияқты  ақындарда  кездескенімен, 

бұл  күнде  ол  сөздердің  мүлде  басқа  ұғымда  жұмсалатындығын 

білеміз.


§6. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы мәселелерін сөз еткенде, 

плеоназм құбылысы ерекше орын алады, Плеоназм немесе плеонас- 

тық сөздер дегеніміз – бір мағынадағы екі сөздің қатар қолданысы. 

Ол  қатарды  не  екі  тілдің  сөздері,  не  көне-жаңа  сөздер,  не  қызметі 

бірдей  екі  морфологиялық  тұлға  құрайды.  Әдетте  тіл  білімінде 

плеоназм  (ол  «периссология»  деп  те  аталады)  кұбылысын  тілдегі 

«басы  артықтық»  деп  таниды.  Бірақ  бұл  жердегі  «басы  артықтық» 

абсолюттік емес, ягни плеоназм белгілі бір стильдік, не мағыналық 

қызмет атқарғанда ғана тілде орын алады. Мұндай қызмет атқармаса, 

тіл  нағыз  (абсолюттік)  басы  артық  дүниені  көтермейтіндіктен, 

плеонастық қатарлар түзілмейді. Жоғарыда талдаған материалдарға 

қарағанда, бір мағынадағы парсы мен түркі (қазақ) сөздері қатар кел-

генде,  сөз  мағынасына  семантикалық  реңк  үстемеленеді.  Мысалы, 

«соқыр»  мағынасындағы  парсының  көр  сөзі  мен  қазақтың  осы 

ұғымдағы соқыр сөзі қатар келіп, көр соқыр болып айтылғанда, соқыр 

сөзі не «мүлде көрмейтін, тас қараңғы соқыр» деген қосымша реңк 

үстеп тұр. Сол сияқты құдды (құтты) өзі деген тіркесте құдды деген 

парсы сөзі – қазақша өзі деген сөздің тұп-тура баламасы, бірақ екеуі 

қатар  келгенде,  «тап  өзі,  айнымайтын  өзі,  нағыз  өзі»  деген  сияқты 

үстеме  мағына  береді.  Сары  уайым  деп  жүргеніміздің  дұрысы  –  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет