Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет131/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   284
жетім, тас керең, тас төбе (тас төбеден қойып қалды), тас қып 

байлау,  тас  тағандау  дегендердегі  тас  сөзінің  мағынасы  тау-тас, 

кесек  тас  дегендерде  келетін  тас  сөзіне  еш  қатысы  жоқ.  Бұл  тас 

сөзі – монғол тілінде «мүлде, тым, әбден» деген мағынаны беретін 

сөз,  бірақ  қазақ  тілінде  ол  сындық,  үстеулік,  шылаулық  қызмет 

атқарып,  кез  келген  сөзбен  емес,  кейбір  сөздермен  ғана  тұрақты 

тіркес  жасайды,  мағынасы  монғол  тілдеріндегідей.  Демек,  оның 

бұл мағынасы өте ертеде түркі тілдерінде де болып, кейін оны өзге 

сөздер алмастырған да тас сөзі «мүлдем, тым, әбден, нағыз, нақ» де-

ген  мағыналарда  тек  тіркес  құрамында  сақталған  деп  түйеміз.  Бұл 

кірме сөз болуы да мүмкін, яғни түркі тілдеріне монғол тілдерінен 

өте  ерте  кезеңдерде  ауысып,  «түркілік»  болып  кетуі  де  ықтимал. 

Біздің  бұл  еңбектегі  негізгі  мақсатымыз  –  сөздердің  генетикалық 

сипатын  (тілдік  төркінін)  айқындаудан  гөрі,  мағынасын  түсіндіру 

болғандықтан, әзірге ұсынғанымыз – көрсетілген тіркестердегі тас 

сөзінің мағынасы.




193

§8. Қазақ лексикасында түркі-монғол ортақтығын кесіп айта ал-

майтын, сірә, монғол сөздері болар дегендеріміз де бар. Біз талдаған 

тұлғалардың ішіндегі ереуіл ат тіркесіндегі ереуіл сөзі, алдияр, ба-

рымта,  қарымта,  үдере  (көшу),  дулыға,  сұрқылтай,  толағай  (қу 

толағай бастану дегендегі), төбе (төбе би дегендегі) сияқтыларды 

монғол сөздері деп топшылаймыз. Мысалы, алдияр сөзі «даңқ, атақ, 

мәртебе» мағынасында монғол тілінде, «ұлы» мағынасында қалмақ 

тілінде бар екендігіне қарап және бұл сөз өзге түркі тілдерінде емес, 

көбінесе  хан-сұлтандары  Шыңғыс  әулетінен  болып  келген  казақ 

қауымында  сол  хан-сұлтандарға  қарата  айтылатын  сөз  екендігін 

ескеріп, біз оны «мәртебелі, ұлы» (орысша «ваше величество» деген 

сияқты) мағынасында қолданылған ресми мадақ эпитеті, құрметтеу 

сөзі деп санаймыз. Сол сияқты үдере көшу дегеннің «тал түсте аял-

дап көшу» (үдер – монғолша «тал түс, түс әлеті») екенін дәлелдедік. 



Толағай  сөзі  монғол  тілдерінде  «бас»  дегеннің  баламасы  екендігін 

көрсеттік. Ал сұрқылтай сөзінің монғолдық екенін оның морфемдік 

құрамының  өзі  айтып  тұр:  сурга-  –  «оқыту,  үйрету,  тәрбиелеу» 

мағынасын  беретін  түбір,  -тай  –  монғол  тілінде  сын  есім  тудыра-

тын  жұрнақ,  сонда  үйретуші,  ақыл  беруші  сұрқылтайлар  монғол 

әулетінен  шыққан  қазақ  хандары  жанында  болғандығы,  бұл  сөздің 

«әр  ханның  тұсында  –  бір  сұрқылтай»  деген  мәтел  құрамында 

сақталғандығы  көрсетеді.  Тезек  төренің  Бұхар  жырауды  Абылай 

ханның ақылшы сұрқылтайы, Түбек жырауды Әбіл ханның кеңесшісі 

дей келіп, Сүйінбайды өзіне сұрқылтай еткісі келгені (Сұрқылтайым 



менің де екен мынау) бұл сөздің кез келген адамның кеңесшісіне емес, 

тек  хандардың  не  билеуші  хан  тұқымының  ақылшыларына  қарата 

айтылатындығы оның монғолдық төркінін дәлелдей түседі.

Сөздің түркі-монғол тілдеріне ортақтығын немесе бірінен біріне 

кірме  сөз  екендігін  айқындау  шарттары  (критерийлері)  болу  керек. 

Ол шарттардың бірі – сөздің морфемдік құрылымын ескеру. Мысалы, 

В.И.Рассадин кейбір түркі сөздерінің этимологиясын ашуда монғол 

тілдерінің  рөлі  туралы  мақаласында  түркі  тілдеріндегі  олжа/улжа/



олжо/олдьо/олча/олджа/олца сөзі монғол тілдерінде «табу, алу, жау-

лап алу» сияқты мағыналарды беретін ол- етістігіне көне монғолша 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет