Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет130/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

сар-уайым  болуы  керек,  өйткені  сар  сөзі  парсы  тілінде  «уайым» 

дегенді  білдіреді.  Сонда  сар-уайым  «уайым  уайым»  деген  тіркес 

түрінде  пайда  болып,  жай  уайым  емес,  «қатты  уайым,  таусылмас  

уайым» дегендей үстеме мағына алып тұр.

Енді  бірқатар  плеонастық  тіркестердегі  екі  сөз  тек  бірін  бірі 

түсіндіру қызметін атқарып, нағыз басы артықты көрсетеді. Мысалы, 



топ зеңбірек дегенде, екеуі де «түйеге артып алып жүретін кішкене 

зеңбірек»  дегенді  білдіретін  сөздер  болғандықтан,  бұл  тіркес  «топ 

дегеніміз – зеңбірек», «зеңбірек дегеніміз – топ» деген сияқты бірін-

бірі түсіндіретін қолданыс болып шығады.




191

Плеонастық  қатарлардың  ішінде  көне  түркі  мен  жаңа  түркілік 

(осы  кездегі  түркілік,  мысалы,  қазақтық)  немесе  оғыздық  пен 

қыпшақтық  тұлғалар  қатар  келіп,  я  болмаса  бірінің  орнына  бір 

жұмсалып, көбінесе стильдік қызмет атқарады, яғни поэтикалық фор-

мула дегенді түзеді. Мысалы, қатуланып, қаттанып деген екі сөздің 

түбірі бір екенін жоғарыда айттық. Екеуінің қатар келіп плеоназм бо-

луы – тек поэтикалық мақсат үдесінен шығуды көздегендіктен, өлеңді 

сөзден басқа жерде бұл екі тұлға қатар айтылмас еді. Күндеу деген 

осы  күнгі  түлғаның  орнында  күнілесу  деген  көне  морфологиялық 

тұлғаның  қолданылуы  тек  өлең-жырлар  тіліне  ғана  тән.  Іздестірсе, 

бұл сипаттағы фактілер қазіргі қазақ лексикасынан едәуір табылады.



§7.  Қазіргі  қазақ  сөздерінің  пайда  болу,  қолданылу  және 

мағынасының  құбылу  тарихына  үңілсек,  олардың  бірқатары  түркі-

монғол  ортақтығына  алып  барса,  енді  бірсыпырасының  түптөркіні 

таза  монғол  тілдеріне  барып  тіреледі.  Алдыңғы  топ  айтарлықтай 

мол. Бұлар плеонастық қатар түзбейді, керісінше, әбден қалыптасып, 

жымдасқан  сөз  тіркестерін  құрайды  не  туынды  сөз  түбірі  бо-

лып  табылады.  Мысалы,  айылын  жимау  деген  күрделі  етістіктің 

бірінші сыңары айыл монғол тілдерінде «үрей, қорқыныш» дегенді 

білдіреді,  демек,  айылын  жимау  «үрейін,  қорқынышын  білдірмеу 

(жимау)»  деген  мәндегі  тіркес  болып  қалыптасқан.  Бұл  жердегі 

«үрей»  мағынасындағы  айыл  сөзін  қазақтар  монғолдардан  алған 

кірме  сөз  деп  санауға  болмайтын  сияқты.  Сірә,  осы  кітапта  біз 

талдаған  тұралап  қалу  дегендегі  тұралап,  «жазу»  мағынасындағы 

сызу, құр атқа мінгендей дегендегі құр («өткен жылдан мінілмеген 

тың»)  сияқты  ондаған  сөз  –  о  бастан  түркі  мен  монғол  халықтары 

тілдеріне  ортақ  дүниелер  болса  керек.  Ол  ортақтық  қазіргі  алта-

истика  («алтай  тілдері»  теориясы)  ғылымында  орын  алып  келе 

жатқан екі концепцияның (көзқарастың) қайсысы, яғни түркі-монғол 

тілдерінің түп-тегі бір дегеннен (генетикалық жақындық теориясы-

нан) шығарыла ма, жоқ, әлде түркі, монғол тайпаларының ұзақ уақыт 

бойы аралас-құраластығынан (типологиялық сәйкестік теориясынан) 

шығарыла ма, ол − арнайы зерттеу объектісі, оны шешу біздің бұл 

жұмыстағы міндетімізге енбейді.

Жүздеген  сөздің  көне  түркі  және  монғол  тілдерінде  сәл  фоне- 

тикалық  өзгешелігімен,  бірақ  бір  мағынада  кездесетінін  білеміз. 

Алтаистика  саласындағы  аса  көрнекті  поляк  ғалымы  В.Котвичтің 

көрсетуі бойынша, монғол тілінің шамамен 25% лексикасы (сөздері), 

50%  морфологиялық  элементтері  түркі  тілдерімен  ортақ  болып 

келеді


3

.

Котвич В. Исследования по алтайским языкам. - М., 1962. - С. 351.




192

Ал  біз  бұл  кітапта  түркология  мен  монголистика  атты  ғылым 

салаларында  көптен  бері  айтылып,  көрсетіліп  келе  жатқан  ортақ 

сөздерден  гөрі  (олар  да  бар),  сөз  тіркестерінде,  сөздің  морфемдік 

құрамында кездесетін кейбір тұлғалардың төркінін монғол тілдерінен 

тауып талдадық. Сонда түркі-монғолға ортақ болар деген сөздердің 

де,  сондай-ақ  таза  монғолдық  болар  деген  сөздердің  де  бар  екені 

байқалды. Мысалы, «таза», одан ауысып «асыл, жақсы, игі», одан да 

ауысып «киелі, әулие» мағыналарында ару/ ары/ариғ/аруғ/аруқ/ари-

ун сөзі көрсетілген тұлғаларда түркі тілдерінде де, монғол тілдерінде 

де бар. Бұл сөзді таза түркілік не таза монғолдық деу қиын, өйткені, 

біріншіден,  бұл  түбірден  тілдердің  екі  тобында  да  көптеген  туын-

ды сөздер жасалған, екіншіден, сөздің морфемдік құрылымында не 

түркілік, не монғолдық ерекше белгілер жоқ, үшіншіден, ару сөзі көне 

түркі,  көне  монғолдан  бастап,  орта  ғасыр  ескерткіштерінің  тілінде 

және кейбір қазіргі түркі тілдерінде сақталған. Осындай ортақ сөздер 

деп біз бұдан басқа да «ой» мағынасындағы сана, «арықтау, жүдеу» 

мағынасындағы тұралау, айылын жимау дегендегі айыл (монғолша 

«үрей») сияқты сөздерді де топшыладық.

Әрине, бұл тұжырымымыз үзілді-кесілді дей алмаймыз. Мүмкін, 

бұлардың  бірқатары  кірме  сөз  болуы,  оны  әрі  қарай  зерттеушілер, 

әсіресе,  алтай  теориясымен  шұғылданушылар  нақтылайды  деп  ой-

лаймыз.  Біздің  бұл  жердегі  көздегеніміз  –  өзгелерге  ой  салу  және 

ортақ  элементтерді  іздестіру  көздерін  көрсету  болды.  Мысалы, 

мұндай ортақтықты бірқатар сөздің өзге сөздермен тіркесу қабілетіне 

қарай  айыруға  болады.  Айталық,  тас  қараңғы,  тас  түйін,  тас 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет