Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет133/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   284
Қарындас сөзінің күні бүгінге дейін әрі нақты «жасы кіші әйел бала» 

деген, әрі жалпы «туысқан, ағайын, рулас, бір жұрттың адамы» деген 

мағыналары бар екендігі, оның соңғы мағынасы бұл күнде әлсірей 

бастағаны мысал бола алады. Осы қатарда кен сөзінің «аруақтар мен 

әулиелердің  көзі  түскен  жер»  деген  мағынасы  ұмыт  болып,  оның 

«бір нәрсенің (көбінесе қазба дүниелердің) жиналған жері, көзі» де-

ген мағынасы активтеніп орныққанын көреміз. Сондықтан эпостан: 

«Әзіреті  Қаратау  –  әулиенің  кені  еді»  деген  жолдарды  оқығанда, 

«мұнай кені, көмір кені, түсті металл кендері» дегенді ғана білетін 

бүгінгі оқырмандар бұл жердегі кен деген қате жазылған сөз болар 

деп  ойлауы  мүмкін.  Ал  тарихи  лексикологияға  қатысты  еңбектерді 

оқыса,  не  мұғалім  соларға  қарап  түсіндірсе,  бұл  жыр  жолдарының 

әр сөзі өз орнында дұрыс тұрғанын біледі, яғни жыршы: «Қаратау – 

әулиелердің көзі түскен қасиетті, киелі мекен» дегенді айтып тұр деп 

таниды.

Қазына/қазине  деген  кірме  сөздің  де  мағынасы  «жылжыған»:  о 

баста бұл сөз көбінесе «мүлік, бұйым сақтайтын орын» (сандық, жүк, 

шұңқыр-қандақ) деген мағынада жұмсалған, сондықтан «қазынаның 

аузын ашу», «қазинелі қара нар», «қазыналы қандағы» сияқты жыр 

жолдары  кездеседі.  Келе-келе  қазына  сөзінің  осы  күнгі  «мүлік, 

байлық» және «мемлекет, қоғам» деген мағыналары орнығады. Сөз 

мағынасының  бұлайша  құбылуына  көп  уақыт  та  өтпегенін  және 

байқаймыз:  бұдан  100-200  жыл  бұрын  ғана  қазына  сөзі  алғашқы 

көрсетілген мағынада жұмсалып келген.

§11. Сөздер тарихында сөз мағынасының күңгірттену процесі – 

үнемі орын алып отыратын құбылыс. Сөз мағынасының ұмыт бола 

бастауы – сол сөзді қолданыстан не мүлде шығарып тастайды, не тек 

белгілі бір орында: тұрақты тіркестер құрамында, мақал-мәтелдерде, 

күрделі  сөздерде  ғана  келеді.  Мысалы,  сал-  етістігінің  «қалдыру,  

тастап  кету»  мағынасы  күңгірт  тартқан,  сондықтан  бұл  ұғымдағы 



сал-  сөзін  тек  «Қайран  менің  Еділім,  сен  салмадың,  мен  салдым» 

сияқты XV ғасыр жырауының толғауында немесе дүние салу, салма-



стан кию сияқты фразеологизмдерде кездестіреміз.

Сөз мағынасының түсініксіз тартып, күңгірттенуі оның түлғасын 

бұл  күнде  қолданыста  бар  өзге  сөзбен  алмастырып  жіберуге  итер- 

мелейді. Мысалы, «ойрандалу, тозу, бүліншілікке ұшырау» мағына- 

сындағы  бүлу  етістігі  «Бүлген  елден  бүлдірге  алма»,  «Озбыр  олжа 



196

үшін өледі, күншіл күндеумен бүледі» сияқты мәтелдер мен «Ноғай- 

лы елің бүледі», «Он сан ноғай бүлген күн» деген сияқты өлең-жыр 

жолдарында келеді. Осы  бүлу  сөзін  бұл  күнде кәнігі бүліну  немесе 



бөлу деген тұлғаға ауыстырып айту (жазу) фактісін жиі ұшыратамыз 

және  бүл-  етістігін  бүл  +  -ін  деген  деривацияланған  (жұрнақ 

жалғанған)  тұлғамен  тепе-тең  деп  түсіндірушілікті  кездестіреміз. 

Сол  сияқты  бусану/бұрсану,  дем  тарту/дом  тарту,  еңіреу/аңырау, 



шерлі/жиырлы,  жаулы/жылы  (жылы-жұмсақ  дегендегі),  илеу/ай-

лау (зар илеу дегендегі), күнілескен/күңкілдескен, орындық/орнықты, 

кіріш/кірпіш деген қатарлар сөз мағынасының көмескіленіп, өзі ак-

тив  қолданыстан  шығып  қалғандығын  көрсетеді.  Сондықтан  оның 

сыртқы тұлғасын өзгертіп жұмсау (айту, жазу) орын алады.

Бұл параллельдердің бірқатары – өте ертеде қалыптасып кеткен-

дер.  Мысалы,  жаулы  («майлы»)  дегеннің  жылы  (жылы-жұмсақ), 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет