Қолданылған белгілер
> тұлғасы немесе мағынасы жағынан сөздің өзінен бұрынғы
түрі
< тұлғасы немесе мағынасы жағынан сөздің өзінен кейінгі түрі
~ қатар қолданылатын тұлғалар, сөздер, тіркестер
/ сөз (тұлға) варианттары
+ түбірге қосымшалардың не өзге түбірдің қосылуы.
207
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ
ЕСКІЛІКТЕР МЕН ЖАҢАЛЫҚТАР
Ғылыми-танымдық зерттеу
Қазіргі қазақ ұлттық әдеби тілінің сөздік қазынасын түгендеп,
оның байлығы мен әлеуетін танып-таныту – бүгінгі күннің тала-
бы. Бұл үшін тек бүгінгі барды сөз етіп қоймай, өткен кезеңдерден,
тіпті көне түркілер заманынан сақталып келген көне, ескі сөздерді,
ай сайын, жыл сайын ондап, жүздеп жасалып жатқан жаңа
тұлғаларды, шет тілдерден және халықаралық қордан алып пайда-
ланып жатқан сөздерді когнитивтік (танымдық), прагматикалық
(қолданыстық) тұрғыдан зерттеп, талдап, таныту – қазіргі білім-
ғылымның абыройлы міндеті.
Осы мақсатпен жазылған бұл еңбекте қазақтың бай ауыз
әдебиеті үлгілеріндегі, өткен ғасырларда жасап өткен ақын-
жыраулар тіліндегі мағынасы бейтаныстау немесе қазіргіден
өзгеше болып келетін көне, ескі сөздер мен соңғы кезеңдерде пайда
болған жаңа тұлғалар, кірме сөздер ғылыми теориялар тұрғыдан
зерттеліп, қалың оқырманға ұсынылып отыр.
208
Аяулы ағам
Хамит Сәтіғалиұлы ҚҰТҚОЖИННІҢ
рухына бағыштаймын
Достарыңызбен бөлісу: |