Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Жаңа сөздердің тақырыптық топтары



Pdf көрінісі
бет262/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Жаңа сөздердің тақырыптық топтары

Мұны  сөз  еткенде,  бүгінде  ең  жиі  қолданылатындарына  назар 

аударсақ,  жоғарыда  көрсетілгендей,  жаңа  сөздер  көбінесе  білім-

ғылым  салаларына  жататын  терминдер  болып  келеді.  Олардың 

ішінде  нақты  зат,  құбылыс  атаулары  да,  дерексіз  (абстракт)  ұғым 

атаулары да бар. Нақты зат атаулары көбінесе бұрын орыс сөзімен 

айтылып келген тұрмыстық лексика бірліктері, екінші топта мек-

теп  пен  жоғары  оқу  орындары  оқулықтары  және  өзге  де  әдебиет 

үлгілеріндегі терминдер, олардың қазақша баламалары мен адамзат 

өміріне  енді  келе  бастаған  ғылым  мен  техника  жаңалықтарын 

атайтын  интертерминдер  болып  келеді  (лазер,  компьютер,  интер-



нет, сайт, космогония т.б).

Соңғы  10-15  жылдың  ішінде  көрінген  жаңа  сөздердің  қазақша- 

лары да, интертерминдер де экономикаға, финанс қатынастарына 

жататын  тақырыптық  топ  құрайды.  Қазақ  баспасөзі  мен  ресми 



ісқағаздары тілінде бұл тақырыптағы жаңа қолданыстардың басым 

көпшілігі  интертерминдер  (бюджет,  тендер,  холдинг,  маркетинг, 



менеджер,  фирма,  депозит,  биржа,  акциз,  компания  т.б)  екендігі 

байқалады.  Әрине,  мағынасы  дәл  келіп  жатса,  бұл  салада  қазақша 

баламасы  ұсынылған  сөздер  де  жоқ  емес.  Мысалы,  финанс  сөзін 

көбінесе қаржы деп, финансист – қаржыгерприватизация терминін 



жекешелендіруспонсор-ды демеуші деп атау жиірек кездеседі. Жал-

пы  қай  тақырыпқа  қатысты  болса  да,  -изация  аффиксімен  келген 

сөздердің қазақша баламасын ұсынушылық бар. Бұл жұрнақпен кел-

ген сөздер дерексіз ұғым атауы болғанмен, олар белгілі бір қарекетті, 

іс-қимылды білдіреді, ал адам баласына қатысты іс-әрекетті білдіру- 

дің  қай  тілде  болса  да  мүмкіндігі  бар.  Сондықтан  жекешелендіру 

(приватизация),  ғаламдану,  жаһандану,  тұсаукесер  (презентация) 

деген необірліктердің жаттығы да, жасандылығы да сезілмейді.

Жаңа сөздерді қолданылатын орындарына қарай қалың көпші- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет