Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


лік  қолданатын  және  бұқаралық  ақпарат  құралдары



Pdf көрінісі
бет263/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

лік  қолданатын  және  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жиі  пай-

даланатын  сөздер  деп  топтастыруға  да  болады.  Олардың  топтары:  

1) күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер: күнделікті тұрмыстық 

лексика (зат, бұйым, қарапайым құрал-жабдықтар, тағам, киім-кешек 

т.т. атаулары); 2) экономика, қаржыға қатысты жаңа, байырғы ұғым 

атаулары;  3)  әлеумет  өміріне  қатысты  сөздер;  4)  әдебиет  пен  өнер 

саласындағы жаңа ағымдарды, ұғымдарды атайтын сөздер мен бұрын 

өзге  тілдік  сөздермен,  яғни  «орысша»  айтылып  жүрген  бірқатар 

терминдердің  қазақша  баламалары;  5)  бүгінгі  спорт,  ойын,  саяхат 

түрлеріне  қатысты  сөздер;  6)  экологияға,  айналадағы  табиғатқа, 

оның  ішінде  шетжұрттық  мекендердің  табиғатына  қатысты  атау-



386

лар; 7) медицина мен фармакологияға қатысты: дәрі-дәрмек аттары, 

бұл  саладағы  соңғы  кезеңдегі  дүниежүзілік  жаңалықтар  атаулары, 

мысалы, клон, клондау сияқты, сондай-ақ қазақтың халықтық медиц- 

инасының  кейбір  тұстарының  жандануына  қатысты  амал-тәсіл, 

іс-әрекеттердің атаулары; 8) информатика, кибернетика, компьютер- 

лендіру салаларының терминдері мен іс-әрекет атаулары; 9) ғылым- 

ның күнделікті өмірге қатысты жиірек қолданылатын салаларындағы 

термин және термин емес сөздер.

Осы  жерде  алдағы  жұмыстың  бір  қажетті  түрін  атауға  болады: 

жоғарыда  аталған  топтарға  жататын  жаңа  сөздердің,  тіпті  кейбір 

жаңа қолданыстардың, яғни әдеби нормаға еніп орнықпағандарының 

да толығырақ сөздігін түзіп, «Бүгінгі жаңа сөздер мен жаңа қол- 

даныстар» деген атпен көпшілікке ұсынылса және мұнда олардың 

қысқаша түсіндірмесі, кейбіреулерінде жақша ішінде орысша бала-

масы көрсетілгені жөн. Мүмкін мұндай сөздіктер келе-келе екі түрлі  

сипатта түзілер: бірі – жаңа сөздерді тіркеуші сөздік («фиксирую- 

щее  издание»,  қазақша  «Жаңа  қолданыстар»),  екіншісі  –  бүгінгі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет