Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет102/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

СҰМ, СҰМЫРАЙ. Бұл сөздер қазіргі тілімізде жағымсыз сипат-

ты  білдіреді.  Қазақ  тілінің  екі  томдық  түсіндірме  сөздігі  сұм  және 



сұмырай  сөздерін  былайша  анықтайды:  сұм  –  «залым,  қу,  жауыз» 


152

(?), сұмырай – «жауыз (?), сұм, залым, жексұрын» (ҚТТС, II, 385). 

Бұлардың  сұмпайы  варианты  да  осы  мағынада  танытылады.  Ал 

бұл  сөздер  сәл  ертеректе  (күні  кешеге  дейін)  өзгеше  мағынада  да 

жұмсалған. Мысалы, батырлар жырында:

Әкесі сонда сөйледі: 

Олай деме, сұм ұлым, 

Бұлай деме, сұм ұлым...

«Едіге»  жырында  Сыпыра  жырау  «Сыпыра  сынды  сұм  жырау» 

деп аталады. Шоқан жинаған материалда Орақ батыр:

Жалғыз да туған сұм басым, 

Барымнан жоғым көп игі, – 

дейді. «Алпамыс» жырындағы жеті жасар Жәдігерді Ұлтан құл:

Өлтіремін алып кел,

Жәдігер сұм баланы, – 

дейді. Баян сұлу әрдайым өзін «Баян сұм» деп, ал Қозыға: «Атадан 

жастай қалған сен сұмырай», – деп отырады. Осылардың барлығында 

да сұм сөзінің мағынасы «бақытсыз, талайсыз, сормаңдай» дегенге 

саяды. Шынында да, шум деген сөз парсы тілінде «бақытсыз, сорлы, 

сормаңдай» дегенді білдіреді. Бұл сөз қазақ тілінде дыбысталуы сәл 

өзгеріп (шум дегеннен сұм болып), сол өз мағынасына және бір реңк 

қосып, өте ертеде енген деп топшылаймыз.

Осы  реңк  –  бұл  сөздің  адамның  (жастың)  ата-анасынан  жетім 

қалып  не  бірге  туған  аға-інісінен,  баласынан  айырылып  немесе 

жал-құйрықсыз  (аға-інісіз)  жалғыз  өсіп  «сормаңдай,  бақытсыз» 

болған жағдайында айтылуы. Мысалы, Алмажан Азаматқызы (XIX 

ғасырдың  I  жартысы)  өзі  туралы  «өспей  кеткір  сұм  басым»  дейді, 

ал мұны Алмажан әке-шешеден жетім қалып, тоғыз биге шағынған 

өлеңінде айтады.

Сәкен  Сейфуллиннің  келтірген  материалдарында  жалғыз  қызы 

өлген шешенің жоқтауы бар. Онда шешесі былай дейді:

Ақ ешкі, сен де мұңды, мен де мұңды,

Жаратты Алла неге біздей сұмды.

Келгенде елу беске сұмырай Бетен

Айырылып жалғызынан аңырап қалды (Сейфуллин,VI, 149).

Мұнда да шеше өзін сұм, сұмырай деп атағанда, жалғыз қызынан 

айырылып,  сормаңдай  болып  отырғанын  білдіреді.  Қозы  балаға 

өрмегі  үзілген  кемпір:  «Қатыныңнан  айырылған  сұм  жүгірмек»,  – 

дейді.  Бұл  жерде  де  сұм  сөзі  әкесі  мен  қалындығынан  айырылған 

жетім балаға қарата айтылып тұр.



Сұм тұлғасы сұмырай вариантында да келеді. Бұл күнде сұмырай 

– мүлде жағымсыз қасиеттің атауы екені жоғарыда көрсетілді. Өткен 




153

ғасыр сөздіктерінің өзінде қазақ тіліндегі сұмырай сөзін «айлакер» 

(хитрец) деп танытады (Ильминский, 164). Қазіргі қарақалпақ тілінде 

сұмырай – «өтірікші, алдамшы». Бірақ қазақ тілінде бұрын сұм мен 

сұмырай сөздері бірінің орнына бір айтыла бергенге ұқсайды және 

«бақытсыз,  сормаңдай»  деген  ұғымда  жиірек  жүмсалған.  Мысалы, 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:

Мен сұмырай сенен қалып не көрермін... 

Кім айтты мұны саған сұмырай балам, – 

деп те келеді. Алмажан ақын өзі туралы бір жерде:

Алмажан сынды сұм апаң, – десе, енді бір жерде:

Сұмырай туған қыз Алмаш, – 

дейді. Демек, сұм, сұмырай сөздерінің күні кешеге дейін алып кел-

ген мағынасы бұл күнде пассивтеніп, сирек жұмсалатып болған да 

олар  көбінесе  «алдамшы,  өтірікші,  қу,  залым»  деген  сияқты  адам 

баласының  жағымсыз  қасиеттерін  атайтын  сөздерге  айналған. 

Бұдан  сөз  мағынасының  қозғалысы  үшін  аса  көп  уақыттың  керек 

етпейтіндігі байқалады.

СҰРАУ. Бұл етістіктің «бір нәрсені білгісі келу», «бір затты беруін 

өтіну», «тілек білдіріп өтіну, қолқалау» деп «Түсіндірме сөздікте» (8-

том, 394- бет) көрсетілген үш түрлі мағынасының үстіне 4-мағынасын 

да көрсету керек еді, ол – ел «басқару, билеу» деген көне мағынасы. 

Бұл  мағынада  келген  сұра-  етістігі  көбінесе  ел,  жұрт  сөздерімен 

тіркесте келіп, «Батырлар жырлары» мен лиро-эпостардан, бұрынғы 

өткен ақын-жыраулар тілінен табылады. Алпамыс… қалың қоңырат 

еліне бек болып, жұрт сұрап тұрды (Алпамыс батыр», 1957, 21- бет). 

Сен залымды өлтіріп

Мен сұрайын жұртыңды («Қамбар батыр»). 

Білемін, хан Бәйеке, жарлығыңды,

Келсе − кең, қайтса − қайтпас тарлығыңды.

Баласын алты алаштың шырқ иіріп,

Ел билеп, жұрт сұраған хандығыңды (Шернияз).

Бұл тіркестің ел ұстау, жұрт ұстау деген синонимдік қатары да 

колданылған:

Кешегі ел ұстаған ханзаданың 

Сізді де ұрпағы деп бердім сәлем.

Олар да ел билеген, жұртын ұстап

Патшаға қара қазақ барысқан жоқ (Шернияз).



Сұрау  етістігінің  «билеу,  басқару»  мағынасында  Қазақстанның 

оңтүстік  өңірлерінде  қолданылатындығын  диалектологтер  көрсе- 

теді,  яғни  оны  жергілікті  ерекшелік  деп  табады  (Қазақ  тілінің 

диалектологиялық сөздігі, 1969, 300-301 беттер). 




154



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет