262
Тәңір оңғарса жолымды,
Алаулаған қалмақтан
Кегімді барып алармын, – дейді Қобыланды батыр.
Күні кешегі Махамбеттің өзі:
Алты күндей алаулап,
Он екі күндей ой ойлап, – деп толғайды.
Бұл мысалдардағы алаулау – «соғысу, ұрысқа шығу». Сәл
ілгеріректегі мектеп оқулығында батырлар жырлары мен Махамбет
өлеңінде кездесетін алаулау етістігі «күйіп-жану» деп түсіндіріліпті.
Әрине, бұл – мүлде қате түсінік.
Тоғысу. Шоқан жинаған «Едіге» жырында:
Тоқсан баулы ақ көбе
Тоғысқан жерде кигенмін, – деген жолдардағы
тоғысу етістігі
қазақ тілінде бұл күнде осы жердегі мағынасында қолданылмайды.
Тоғысу сөзінің мұндағы мағынасы – «соғысу, ұрыста айқасу». Сөз
түбірі – тоқы (тоқу) етістігі көне түркі тілдерінде «сражение»
(«ұрысу, соғысу»). Бұл етістік XVI ғасырдағы қазақ мәдениетінің жаз-
ба ескерткіші – Қадырғали бидің «Жами’ ат-тауарих» атты еңбегінде
жиі қолданылған. Бұл сөз көне түркі тілдерінде «бить, ударять,
стучать» мағынасын білдірген. Бүгінгі қазақ тіліндегі тоқайласу,
тоқылдақ (құс),
тоқпақ (құрал) сөздерінің семантикасы осы көне
тоқы- (тоқу) етістігіне алып барады.
Тоқуш/тоғысу тұлғаларының
бір қатарда тұруы – кәнігі құбылыс. Бұл көне сөз осы мағынада
қазақтың өзге жырларында да кездеседі:
Қыз Назымға таласып,
Екі батыр соғысты.
Бұлт шайнап, мұз бүркіп
Үркер мен айдай тоғысты («Қамбар батыр), –
дегенде де Үркер мен Айдың бір қатарға келіп, айқасуына теңеп
айтылған «соғысу» мағынасында келіп тұр.
Тоғысу етістігінің қазіргі қолданыстағы мағынасы: «1) әр та-
раптан келіп бір-бірімен түйісу, тоқайласу; 2) бірге жиналу, бас қосу,
кездесу» (ҚТТС. - 9-т., 1986, 157-бет).
Қадырғали бидің «Жылнамасынан» тоқушмақ (тоғысу) етістігін
кездестіреміз: «[Чингиз хан] ол йыл Бұйрұқ ханға тоқушмаққа ат-
ланды». Тоқыс, тоқысу/тоғыс/тоғысу тұлғалары осы көрсетілген
мағынада сирек болса да, қазақ жырларында да бар:
Бас боп өзі Қараман
Қыздырды қырғын соғысты.
Екі жақтың әскері
Жігермен қайта тоғысты («Төрехан батыр»).
263
Тоғысу етістігі – бетпе-бет келу деген мағынада қазақ жырларын-
да бейнелі қолданыс:
Тоғалай салды соғысты,
Қызылқұмның ішінде
Екі батыр тоғысты («Едіге», Мұрын жырау нұсқасы).
Екі батыр соғысты,
Бұлт шайнап, мұз бүркіп,
Үркер мен айдай тоғысты («Қамбар батыр»).
Бұл жерде тоғысу – «бетпе-бет келу, қарсы келу» деген поэтика-
лық сөз үлгісі. Қазіргі қазақ тілінде «соғыс» мағынасындағы тоғыс
зат есімі сөздіктерде тіркелмепті, демек, жоқ. Ал тоғысу етістігі бұл
күнде: «1) әр тараптан келіп бір-бірімен түйісу, тоқайласу; 2) бір жер-
ге жиналу, бас қосу, кездесу» деп түсіндіріледі (ҚТТС. - 9-т., 1986).
Сөйтіп, алау, тоғыс және осылардан жасалған алаулау, тоғысу
етістіктерін қазіргі нормадағы соғыс, соғысу сөздерінің ескі
эквиваленттері деп тану керек.
Бір қызығы – қазіргі ноғай тілінде соғыс/соғысу сөздері – кітаби
сөз, ал «соғыс» мағынасында әдеби нормада қауға сөзі қолданылады
екен (Ногайско-русский словарь. - М., 1963), соғыс варианты
«төбелесу, жағаласу, ұрысу» дегенді білдіреді. Сан ғасырлар бойы
елін, жерін қорғау, тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу жолында өмірін ат
үстінде ұрыс-соғыста өткізген қазақ халқының сөздік қазынасында
«соғысу, ұрысу, айқасу» мағынасында қолданылып келген синоним-
дер қатары едәуір. Солардың бірі – ескірген тоғысу сөзі болса, осы
қатардағы ойнау етістігі де семантикалық ескіліктердің бірінен сана-
лады:
Екпіні қатты жас бала
Құлдарменен ойнады («Ер Сайын»).
Бұл жердегі ойнау сөзінің мағынасы – «айқасу, соғысу», мұны осы
жырдың келесі жолдары дәлелдей түседі:
Өзгесін қырып салды да,
Отызын жаяу айдады.
Әрине, бұл жердегі ойнау – балалардың ойнауы емес, нағыз
соғысу, ұрысу.
Жаугершілік тақырыбына жататын ескі сөздердің тағы біреуі
Достарыңызбен бөлісу: