Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


Қазақ тілінде дінге қатысты әдебиеттің тууы және



Pdf көрінісі
бет125/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   161
7. Қазақ тілінде дінге қатысты әдебиеттің тууы және 
барысы
XIX ғасырдың II жартысында қазақ тілінде мазмұны дінге 
қатысты жазба әдебиет туып, аз уақыт болса да, өмір сүру 
кезеңін өтеді, атап айтсақ, әбден дами алмай, туған қалпы мен 
бірнеше онжылдықтар бойы «жетілген» қалпы бірдей күйде 
тарих сахнасынан кетеді. Ең алдымен, қазақ тілінде екі түрлі 
дінге: ислам дініне және христиан дініне қатысты әдебиет 
болғанын айту қажет.
Қазақтардың «о заманнан» (хандық, халық болып бірік- 
кенінен көп бұрын) ресми түрде ислам дінін ұстайтын мұсыл- 
мандар болғанына қарамастан, бұл дінді олар ана тілдерінде 
түсініп игерген (қолданған) емес. Оған тіпті қазақтардың
Ш.Уәлихановтың тілімен айтқанда, «мұсылман деген аты 
ғана» болып, шындығында, ежелгі жабайы шамандықтан 
қол үзіп кетпегендігі де себеп болған жоқ, басты факторлар, 
біріншіден, Мұхамбет пайғамбардың «өз тілі» – араб тілінен 
өзге тілде діни рәсімдердің жүргізілмейтіндігі, екіншіден, 
бұл дінді ұстаған әр алуан халықтың тілдерінде, әсіресе қазақ 
тілінде исламның негіздерін жазба түрде түсіндіру дәстүрінің 
өріс алмағандығы болды. Сондықтан мазмұнында ислам діні 
сөз болатын қазақша аударма әдебиет пен төл шығармалар 
жоқтың қасы.


274
Біз бұл жерде дінді уағыздайтын, дін жолында қызмет 
еткендерді дәріптейтін, дін үшін болған соғыстарды сурет- 
тейтін шығармаларды, сондай-ақ дін жөнінде пікір айтатын ту-
ындыларды таза теологиялық әдебиетке қоспаймыз. Олардың 
ішінде көркемдігі мен мазмұны жағынан құны барлары көркем 
әдебиет пен публицистика саласына жатады (мысалы, кейбір 
қиссаларды көркем әдебиет жанрын да қарастырып жүрсек, 
Абайдың ислам діні жайында ой-пікір айтатын атақты 38-сөзін 
публицистикалық туынды ретінде танып жүрміз). Ал таза те-
ология, оның ішінде догматикаға жақындау мазмұнды қазақ 
тіліндегі шығарма – Ы.Алтынсариннің «Шариат-ул ислам» 
атты кітабы (Қазан, 1884). Зерттеуші Б.Әбілқасымов оның 
жазылу тарихын жақсы айтып, тіліне талдау жасайды. Өзге 
дүниеліктерінен тақырыбы да, мазмұны да оқшау тұрған бұл 
еңбегін ағартушы Ыбырай Алтынсарин өзі аштырған мек-
тептерде міндетті түрде өтілетін дін сабағында оқушылар ис-
лам дінінің негізгі канондарын түсініп оқулары үшін, қазақ 
шәкірттеріне ана тілдерінде оқу құралын ұсыну мақсатын 
көздеп жазады. Ыбырайдың өз сөзімен айтқанда, ол «ис-
лам мәнісін білмек һәрбір мұсылманның өз басына фарыз 
болғандықтан және ғарабтан басқа тілмен намаз оқығандардың 
иман болуы да дұрыс» болғандықтан, «кәләм шариат һәм үлкен 
ғылым кітаптар ғараб тілінде жазылулы» болып, оны «көп 
қара халық» түсінбейтіндіктен, қысқасы, осындай көптеген 
себептерді ескеріп, « Шариат-ул исламды» қазақша ұсынады.
Араб жазуымен жарияланған бұл шығармада грамматикасы 
мен лексикасы жағынан қазақтың төл әдеби тілінің нормасы 
сақталған, тек орфографиясында кейде бұрыннан келе жатқан 
түркі жазбаларының дәстүрін ұстап отырады (әсіресе араб-пар-
сы сөздерін түпнұсқаша жазу, ш таңбасының орнына ч әрпін 
жазып жіберу фактілері кездеседі). Қысқасы, «тақырыбы таза 
дінді түсіндіретін шығарманың өзінде-ақ Ыбырайдың түркі 
әдеби тіл дәстүрінен қаншалық шыға алғанын байқауда да бұл 
шығарма аса қажетті материал болып табылады. Ыбырай осы 
шығармасы арқылы өмірдің басқа салаларын былай қойғанда, 
таза дін шарттарын баяндауда да қазақ тілінің толық жарамды 
екенін көрсетеді
182
.
182
 Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ... - 87-92-б.


275
Қазақша діни әдебиеттің екінші тобы және көлем жағынан 
молырағы – христиан дініне қатысты жазба дүниелер. Бұлар
да – өткен ғасырдың II жартысының жемісі. Патша үкіметінің 
өзіне тәуелді халықтарды тізгіндеп ұстаудағы бір саясаты 
оларға христиан дінін қабылдату болғаны мәлім. Сол мақсатпен 
бірнеше миссионерлік қоғамдар жұмыс жүргізді. Әсіресе 
«Братство святого Гурия» деген миссионерлік қоғамның жа- 
нындағы «Аударма комиссиясы» атты советі қазақтар мен Сібір 
түркілерін шоқындыруға керек әрекеттің бірі ретінде христи-
анша діни кітаптарды орысшадан аударып таратты, арнайы 
екі тілдік сөздіктер құрастырды. Зерттеушілердің мәліметіне 
қарағанда, XIX ғасырдың II жартысы мен Қазан революция-
сына дейінгі 50-60 жылдың ішінде (1860-1917) христиан діні 
мазмұнында 72 кітап қазақ тіліне аударылған
183
.
Тіл тарихын зерттеуде бұл кітапшалардың мәні бар: бірін- 
шіден, бұлар қазақтың сөйлеу тілі негізінде, әдеби нормалар-
ды сақтай отырып жазылған, екіншіден, олардың барлығы да 
орыс графикасын пайдаланғандықтан, сол кездегі қазақ тілі- 
нің фонетикалық ерекшеліктерін араб жазуына қарағанда,
біршама дұрыс көрсеткен. Үшіншіден, біздің байқауымызша, 
бұлардың тілін аударма әдебиеттің (прозаның) алғашқы 
үлгілері ретінде қарастыруға болады.
Көбінесе араб-парсы, ортағасырлық түркі тілдерінен по-
эзия түрінде қайта жырланған шығарма ретіндегі аударма-
лармен салыстырғанда, бұл циклдегі кітапшалардың тілдік 
сипаты мүлде басқа екенін айту қажет. Тақырыбы қатаң – дін 
қағидалары болғандықтан, оларды аударуда еркіндік кем болуға 
тиіс. Сондықтан мұнда орыс тіліндегі сөзқолданыстарды, 
әсіресе діни атауларды, сөйлем құрылымын дұрыс, дәл беру 
шарты тұрады. Бұл жағынан алғанда, қазақ тіліндегі христиан-
ша миссионерлік әдебиет осы күнгі дәл (сәйкес) аудармалардың 
алғашқы нышандарын танытады. Мұнда христиан дініне 
қатысы бар ұғым атауларын қазақтың өз сөздерімен аударып 
беру шарты ұсталынған: үгіт – наставление, құтқаршы – спа-
ситель, тұрушылық – житие, бұрыс дінде тұрушы – иноверец, 
жаратушы – творец, ақыл – премудрость.
183
Каримуллин А. У истоков татарской книги. - Казань, 1971. - С. 158.


276
Жоғарыда аталған «Братство святого Гурия» деген қоғам- 
ның Советінің ұйғарымымен 1893 жылы Орынборда шыққан 
орысша-қазақша шағын сөздік төрт бөлімнен тұрады, соның 
бір бөлігі «Бог» деп аталады. Осында құтқарушы (спаси-
тель), бәрін де ұстап тұрушы (вседержитель), бәрін де білуші 
(всемудрый), бұйрық (заповедь) деген сөздер жақша ішінде 
көрсетілген орысша дін терминдерінің баламалары ретінде 
ұсынылады.
Әрине, бұлардың барлығы бірдей терминдік сипат ала 
алмаған, өйткені бірсыпырасы жеке сөз-термин емес, анали- 
тикалық суреттеме жолмен тіркес ретінде берілген: бәрін 
де ұстап тұрушы, бұрыс дінде тұрушы, бәрін де білуші т.б. 
Бірқатар сөздер ислам дініне қатысты атаулармен білдірілген: 
әулие – святой, берісте – ангел, байғамбар – пророк. Христиан 
дініне байланысты әдебиетті жасап, осы салаға қатысты ұғым 
атауларын халық тіліне енгізу әрекеті әдейі жүргізілгенмен, 
оның нәтижесі айтарлықтай болмаған тәрізді, оған басты се-
беп – христиан дінінің қазақ арасына жайылмағандығы бол-
са, екіншіден, осы діннің әдебиетінің де қалың жұртшылыққа 
кеңінен тарамағандығы болды. Тіпті христиан дінін қабыл- 
даған аз ғана қазақтардың бұл әдебиетті оқып, оның терми-
нологиясын меңгеретін мүмкіншілігі жоқ болатын, өйткені 
шоқынғандар түгелімен дерлік кедей, жоқ-жұқалар болған- 
дықтан, олардың арасында сауаттылар (оның ішінде орыс гра-
фикасын білетіндер) мүлде болмады деуге болады.
Әрине, бұл кітаптар, негізінен, дін қызметкерлеріне (шоқын- 
дырушыларға) көмек ретінде, солардың пайдаланулары үшін 
шығарылған болу керек. Қайткен күнде де бұл әдебиеттің 
қазақтың не ауызекі сөйлеу тілін, не жазба әдеби тілін дамы-
туда рөлі болмады, оның қазіргі біз үшін құнды жағы – қазақ 
тілінің XIX ғасырдың II жартысындағы күй-қалпын, норма-
ларын танып-білуде жақсы материал екендігінде, өйткені бұл 
әдебиетті шығаруға (аудару, редакциялау сияқты жұмыстарға) 
түркі тілдерін, оның ішінде қазақ тілін білетін, тілдің жүйесі, 
нормасы дегендерді жақсы танитын Н.И.Ильминский, 
А.В.Васильев, В.В.Катаринский, Н.Ф.Катанов («Братство 
святого Гурия» деген қоғамның жанындағы «Аударма комис- 


277
сиясының» председателі осы кісі болатын
184
) сияқты ғалым-
мамандар тікелей қатысты. Сондықтан С.Е.Маловтың сөзі- 
мен айтқанда, христиан дінін уағыздап, насихат айтатын 
кітаптардың қазақша аудармасы көпшілікке түсінікті, халық- 
тың жатық тілінде жасалды
185
.
Әсіресе бұл кітаптар сол тұстағы қазақ тілінің фонетикалық 
жүйесі мен грамматикалық тұлға-тәсілдерін тануда көп көме- 
гін тигізеді, өйткені бұлар пайдаланған орыс графикасы 
дәстүрлі («түркілік») орфографияны ұстамағандықтан, мұнда 
қазақ тілінің дыбыс зандарына байланысты ерекшеліктер 
көбінесе бұзылмай көрсетілген, тіпті бұған қазақтың өзіне тән 
кейбір дыбыстарын таңбалайтын қосымша әріптердің (ö,ä)
қолданылғандығы да септігін тигізді. Осының нәтижесінде 
септік жалғауларының варианттарының (-ның, -дың, -тың, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет