Мәдібаева қанипаш қайсақызы


Дәстүрлі айтыс өнерінің жанрлық трансформациясы



бет25/85
Дата17.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#116791
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
Байланысты:
Мадибаева-Қ.XIX-ғасыр-әдебиетінің-қөркемдік-дамуы-Оқу-құралы-2007ж.

1.4 Дәстүрлі айтыс өнерінің жанрлық трансформациясы
ХІХ ғасырда қазақ сөз өнерінің үздігі айтыс айрықша салтанат құрды. Әдебиет зерттеушілер осы бір өзгеше өнердің жанрлық сипаты, түрлері жөнінен ілгеріден айтып келеді. Шоқан Уәлиханов қазақ әдебиеті үлгілерін жинау барысында әйгілі айтыс ақындары Орынбай, Шөже, Жанақ, т.б. туралы алғашқы жазба деректер ұсынды. В.В. Радловтың 1870 жылғы ІІІ томында бірнеше айтыс ақындары аталып, айтыс мәтіндері берілді. ХХ ғасыр басында қазақ әдебиеті үлгілерін теориялық жақтан жүйелеуді мақсатты түрде қолға алынғанда бұлар Х. Досмұхамедұлы, А. Байтұрсынов, М. Әуезов еңбектерінде аталды. Ғылыми негізде зерттеліп қарастырылды.
Ежелгі, айрықша төлтума айтыс өнері қазақ әдебиетінде ХІХ ғасырда мол, олжалы мұра болып толықты. Орнықты.
М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев,
Х. Сүйіншәлиев, Р. Бердібаев, С. Садырбаев, М. Жармұхамедов, т.б. зерттеушілердің айтыс өнері жөнінен жазған зерттеулері негізінен
ХІХ ғасырдағы айтыс материалын қарастырды.
М. Әуезов “Әдебиет тарихында” бір бөлімді тұтастай айтыс өлеңдердің табиғатына арнады. Айтыс сөз қазақ ескілігінде өте жанды, өте қызулы болған сөз болғандығын айтты. Айтыстың қазақ әдебиетіне ғана тән екендігін өзге жұрттардың үлгілерімен салыстыра отырып тоқтам жасаған М. Әуезов: “Міне өзге жұрттың әдебиетінде айтыс өлеңдердің осы сияқты түрлері болғаны рас. Бірақ мұның бірде-бірі қазақ айтысындай көпке тарап, көп жұрттың барлығын бірдей ермек қылатындай болған жоқ. Қазақтікі сияқты әдебиет тарихының бөлімі болуға жарайтындай болып етек алып тараған емес. Қазақтың кәрі, жасындай айтысты қызық көріп қызуланып, тегіс өлең қылып, жалпақ ел ұстанған емес. Қазақтағы айтыс әдебиет бөлімі болудан басқа ел тартысының бұрынғыдан келе жатқан театры сияқты көпке бірдей қазақ беретін жиын сауығы болған” [10, 173 б.].
Сол еңбекте М.Әуезов атаған айтыс ақындарының барлығы ХІХ ғасырда жасаған ақындар. Шөже, Кемпірбай, Жанақ, Сабырбай, Мұрат, Тоғжан, Сара. Осы өнер иелерінің дәл ХІХ ғасырда шоғырлана көруінің тарихи себебін
М. Әуезов замана беталысынан ашады. “Ел тіршілігінің жауынгерлік дәуірінен шығып, тыныштыққа бет алған кезінде, Сарыарқаны сайқалдап оңды-солды шарлап жүрген бір алуан адамдары, осындай сөз батырлары кешегі Жанақ, Кемпірбай, Шөже, сол ақындардың үлгісі ел ортасында соларға ұқсамақ болған жігіттер көбейген” [10, 174 б.].
М. Әуезов айтыс ақындары өлеңін мағына жағынан бірнеше түрге бөлді. Біржан мен Сара өлеңдерін ру күндестігі, ру жарысы, ру мақсатының өлеңдеріне жатқызады.
М. Әуезов бір алуан айтыс бас мінесуге арналған өлеңдер деп, Мұрат пен Жантолы айтысынан үзінді береді. Кемпірбай мен Шөже айтысы да сол үлгіде дейді.
Кемпірбай:
Бес намаз, он екі иман жанға пайда,
Қалайын бір сөйлесіп осындайда.
Біреуге мал, біреуге бас қайғы ғой,
Барасың, соқыр азбан, жаяу қайда.
Шөже:
Ұстараның жүзіндей ауған дүние,
Мені көріп шабықтың мұнша неге.
Ай мен күн, жер мен көкті көргенім жоқ
Кемпірбай, ақылың болса, маған тиме.
Баласы Жаныс марқұм Сәтібай мырза,
Құран оқи барамын қаралы үйге.
Кемпірбай:
Асыма шақырмаған келдің жетіп,
Бұғылы, Тұғылыдан жаяу өтіп.
Бұл елде қожа, молда жоқ деп пе едің,
Соқыр ит, кім шақырды жекелетіп.
Шөже:
Салмағы екі көздің дәл кеудемде
Алланың әр не қылса, еркі өзінде,
Бар болса қасиетің көзімді жаз
Ұрайын жаза алмасаң қу сөзіңді…[78, 76-77 бб.].
Айтыстың келесі бір алуаны ру аралық жуандық, зорлық өлеңі деп, Сабырбай мен Тасыбай айтысы мысалға алынады.
Сабырбай:
Ақтайлақтың баласы Сабыр ермін,
Бәйгеден күнде келген қарагермін.
Қанай Төбет елімді екі шапты;
Бәлем, арғын, етіңді тірі жермін…
М. Әуезов жіктеуінде төртінші түр, сирек кездессе де, білім таласы. “Ол күнде білім – дін білімі. Сондықтан құранның аятын айтысады. Дін жүзінен жұмбақтар айтып, соны шешіседі”.
Шөже:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет