Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет26/85
Дата17.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#116791
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
Байланысты:
Мадибаева-Қ.XIX-ғасыр-әдебиетінің-қөркемдік-дамуы-Оқу-құралы-2007ж.

Кемпірбай көкте не бар, жерде не бар.
Жаратқан кеше мақлұқ қадір жаппар.
Алланың достысы кім, дұшпаны кім.
Өзіңнен сұрайтұғын әр сөзім бар.
Қай күні қарасақ та майдан болып,
Қай күні өлім қошқар бауыздалар…
Кемпірбай:
Болғанда жерде Мәди, көкте Айса,
Алты күнде жаралды екі дүние.
Жүйтілік Тәбілт-Жәбілт екі жылан
Мұнсалда көріп едім осылайша.
Жеті қат жер астында көк өгіз бар,
Дүние бұзылғанша өлмей тұрар,
Қай күні қарасатта майдан болса,
Осы күні өлім қошқар бауыздалар…[78, 158 б.].
М. Әуезов айтыс өлеңдерінің осындай мағыналық түрлерінің кейде аралас келетінін де айтып, айтысты сырт түріне қарай қайым өлең, қара өлең деп бөледі. Қайымдасуға Мұрат пен Жантолының айтысын келтіреді. “Қайым өлеңнің белгісі бір ауыз өлеңнің алғашқы екі жолы екі ақынға ортақ сөз болады” деген анықтамасы айтыстың бір түрінің жанрлық, жасалу ерекшелігін, көркемдік негізін көрсетіп тұр.
Айтысты әуелі Шоқан Уәлиханов қазақ өлеңін түрге бөлгенде тұтастай қайым өлең деп алған. М. Әуезов айтыс туралы азғана сөзінде осы өнердің түпкілікті айырмашылық, өзіндік сипаты жайлы бірнеше қадау-қадау пікір айтты.
Сәбит Мұқанов 1942 жылғы “Қазақтың ХVІІІ, ХІХ ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер” монографиясында: “Айтыс қазақтың ескі заманнан келе жатқан әдебиетінің бір лек саласы. Айтыс жанрынан ең мол сақталған ХІХ ғасырлардағы айтыстар. ХІХ ғасырлардың айтыстарын жасаушы ақындардың көпшілігінің аттары тарихқа мәлім. Мәселен: Орынбай, Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау, Шөже, Балта, Кемпірбай, Тезекбай, Қалдыбай, Жамшыбай, Түбек, Құлтума, Жанақ, Әсет, Майкөт, Құлмамбет, Ыбырай, Мұрат, Марабай, Сүйімбай, Сабырбай, Ыбырай, Біржан, Есентай, Жарылғасын, Күдері, Әсет, т.б. әйел ақындардан аты сақталғандар: Күйкентай, Шәріпжамал, Дәме, Ұлбике, Тыныштық, Шөкей, Қадиша, Айсұлу, Манат, Рысжан, Ақбала, Айқын, Сара, т.б.” [9, 61 б.], – дей келіп, айтыстың теориялық негіздеріне түбегейлі тоқталады. Қыз бен жігіт айтысының ішінде Біржан мен Сара, Ақсұлу мен Кемпірбай, Ақбала мен Боздақ, Ажар мен Уақат, Қадиша, мен Ысқақ, Әжек пен Шәріпжамал, Болық пен Есентай, Айқын мен Жарылғасын, Омарқұл мен Тәбия, Күйкентай мен Оспантай, Шәді мен Манат, Мансор мен Дәме, Ұлбике мен Күдері айтыстарын талдайды.
Сәбит Мұқанов сол 1942 жылы күні бүгінге шешіліп, соңғы сөзі айтылмаған Біржан-Сара айтысына қатысты мына бір ойды алғаш алға тартып айтқан сияқты. “Біржан мен Сараның айтысын Найманның Сыбан руынан шыққан Әріп ақын шығарған” деген сөз бар.
“…Айтыс Біржан мен Сарадан қалды ма, я оны Әріп шығарды ма? – ол, әрине, ғылымның зерттейтін мәселесі. Бұл жолы бізге де, көпшілікке де қажеті бұл айтыстың “айтыс” жанрының ішіндегі мазмұн жағынан ең маңыздысы, түр жағынан ең көркем екендігі” [9, 62 б.]. С.Мұқанов бұл айтыстың көркемдігін жеріне жеткізе талдай отырып, шығу тегі жөнінен бір сырдың басын бастады. Бұл мәселе соңғы 10-15 жыл көлемінде аракідік пікірталас, қисынды, уәжді дәлелдер төңірегінде сөз болып жүр. Айтысты Әріп ақын жазып шығарды дегенді М. Әуезовтің де білгенін, қайсыбір саяси ахуал тұстарында айтыс Әріптің атымен бірге өшіріліп кетпесін деген сақтықпен, Әріп шығармасы дегенді ұмытуға мәжбүр болғанын әсіресе жазушы Қабдеш Жұмаділов арыдан қайырып айтты. Бұл айтыс төңірегіндегі әріден келе жатқан жұмбақ жайдың бір қыры А. Байтұрсыновтың мына бір, жалпы айтыс өнері туралы айтқан пікіріне де соғып жатқандай.
“Айтысқанда түрлі нәрселер жайынан сөйлеп, бірін-бірі тосуға тырысады. Көбінесе бірінің бірі басындағы, еліндегі міндерін айтып, тоспақшы болады. Айтыстың бұл жағынан әлеумет алдында пайдасы зор.
Адамның, елдің, жұрттың басындағы келіссіз ғамалдарын, мінездерін айтып көрсету халықтың құлқын түзеуге зор пайдасы тиетін дүние. Мұнысын байқағаннан кейін, айтыс екінші түрге түсе бастаған. Айтыс бастапқы кезде шын екі ақынның айтысқаны болса да, соңғы кезде айтысты адамдар өз ойынан шығаратын болған. Яғни бір ақын екі ақынның айтысқаны қылып, екі жағының да сөзін өзі шығаратын болған. Сөйтіп, айтыс шын айтыс емес, тек шығарманың түрі болуға айналған. Адамның, елдің яки бүкіл ұлттың келіссіз істерін, мінездерін, пиғылдарын айтқысы келсе, ақындар өз атын айтпай, айтысқан ақындардың сөзі қылып шығаратын болған” [12, 408 б.].
Айтыс ақындарының шығармашылық мұрасын көркемдік негіздер, түр, жанр жағынан айқындаудың негізін салушының бірі сөз жоқ, Сәбит Мұқанов. Айтыстың өлең формасы әр жолы жеті буынды келетін жыр мен әр жолында 11 буын бар, төрт жолдан ұйқасып отыратын қара өлең дейді С. Мұқанов. Ілгеріде М. Әуезов айтыс сыртқы формасына қарай 2 түрлі: қайым өлең, қара өлең дегенін, Шоқанның анықтамасын ескерсек, жалпы айтысты жанр ретінде тану, ашудың әрқилы ізденіс, болжамдары болғанын байқаймыз.
Әуелбек Қоңыратбаев айтыс өнеріне, оның ішінде ХІХ ғасырдағы айтыстарға, сол тұста айтыстың кемеліне жетіп, жеке айтушылары туғанына, шын мәніндегі көркем айтыстың дамығанына назар аудара ой түйді. Айтыстың жанрлық сипатын, табиғатын ашуда түрлі пікір, тұжырымдардың бар екендігін айта отырып, өз пайымдарын алға тартты. Айтыс өнері әдебиет зерттеушілер тарапынан біршама сөз болғанын қарамастан, күні бүгінге шейін бұл өнердің әлде де саралай түсуді қажет етіп отырған сырлары баршылық.
Ә. Қоңыратбаев өз зерттеулерінде айтыс төңірегіндегі бір жүйеге түспей жатқан түйткілді мәселені көтеріп, көрсетіп сөйлейді.
Ә. Қоңыратбаев қайым айтыс – айтыстың қарапайым айтушыға байланысты саласы. Келе-келе қалыптасқан ақындар айтысының авторлық айтыстың табиғатында қайым элементі жоқ деген тұжырым жасады. Мұхтар Әуезов пен С. Мұқанов пікірлерінде бұл тұжырым жоқ. Айтыс төңірегінде пікірталас түрінде өрбігенімен, әр зерттеуші әр мезгілде өз тұжырымын жасап отырғанын көреміз. Мұның өзі айтыс, өзіміз қарастырып отырған ХІХ ғасыр айтыстарын танып, талдауды біраз күрделендіріп келеді. Айтысты танып, ашуда жалпы қазақ әдебиеттану ғылымы бастан кешкен түрлі саяси мәжбүрлеудің де қою көлеңкесі жатқаны даусыз.
1959 жылғы әдеби мұраны тану, бағалау бағыттарын айқындаған конференцияда қазақ әдебиетінің “ғылымдық тарихы” туралы баяндама жасаған Есмағамбет Ысмайылов мәселенің мәнін жан-жақты қамтып, көреген ғылыми алыммен сөйледі. “Қазақ әдебиет тарихының негізгі проблемалық мәселелерін жан-жақты шешіп зерттеуде біз тарихшылдық принципті, яғни әдеби құбылыстарды тарихи даму процесінде, әрбір шығармашы, әрбір ақынды өзінің туған тарихи-қоғамдық ортасына нақты байланысты алып тексеру принципін қолданамыз.
... Сонымен бірге қазақ әдебиетінің кейбір құбылыстарын, жанрлардың дамып, қалыптасу процесінде тексеру қажет болады. Мәселен, ақындардың айтысы. Бұл ХІХ ғасырдың өн бойында және ХХ ғасырдың басында да әдебиеттің белгілі бір жанрлық ерекшелігі есебінде дамып отырды. Сонымен бірге, бұл – екі немесе бірнеше ақынның ортақ творчествосы. Сондай-ақ батырлар жыры, лирикалық дастандарды, шешендік сөздерді, мақал-мәтелдерді, әнші-ақындардың лирикаларын да жанрлық ерекшелік жағынан зерттеу анағұрлым қолайлы” [19, 39-40 бб.].
ХІХ ғасыр айтыстары көркемдік қисындар жөнінен біршама қарастырылды. Күні-бүгін түрлі жіктелуді бастан кешіп, бірнеше түрі аталған айтыс өнерінің үздік үлгілері баспа жүзін көрді. Жекелеген ірі айтыс ақындарының өмірбаян деректері, айтыстардың тарихы жинақталып келеді. Алайда, айтыс – фольклористиканың ғана нысаны ма, жазба айтысты қайда жатқызамыз.
ХІХ ғасыр әдебиеті бастан кешкен сан түрлі сапалық, түр, жанрлық өзгерулердің айтыс жанрына да әсері болды ма деген мәселелерді уақыттың алға тартып отырғаны рас.
Тереңге тартып, әріге бастар түйін-пікірлерді айтысты зерттеушінің қай-қайсынан болса қажетінше алып, ілгері өрістеудің пісіп-жетілген міндет екені даусыз.
Ә. Қоңыратбаев ХІХ ғасырда туған айтыс поэзиясын: а) ру айтыс (Жанақ пен бала); ә) Салт айтысы (Ақбала мен Боздақ); б) жұмбақ айтысы (Сапарғали мен Нұржан); в) әлеуметтік айтыс (Біржан мен Сара, Құлмамбет пен Жамбыл); г) Совет айтыс да беске бөледі. Ілгеріде айтысты зерттеушілер әдет-ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар, немесе бәдік, жар-жар, мал мен адам, өлі мен тірі, жұмбақ, салт, қыз бен жігіт, ру, совет дәуіріндегі деп жіктегенін,
М. Жармұқамедов еңбегінде айтыстың он төрт түрі бар деп көрсетілгенін ескертеді [34].
Ә. Қоңыратбаев айтыс өнерінің бұрынғы-соңғы зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып, айтыс табиғатын әрі қарай зерделеп, қисынды, бүгінгі зерттеулерге бағыт-бағдар болар түйінді тұжырымдар жасады. Ғалымның Сыр елінің айтысындағы жазба дәстүрінің басымдығы, Арқада туған айтыстардағы импровизацияның басымдығы жайлы Әлібек Қоңыратбаев зерттеуіне назар аударуы – қазір де көкейтесті. Айтыстың табиғатын ашып, тарихын жасауда назар аударатын нақты құбылыстар. Былайғы зерттеулерде ғалымның
ХІХ ғасырдағы айтысқан әйел ақындар жөнінде айтқанында назарда ұстаған жөн сияқты. “Манат, Ақдәме, Ақсұлу, Рысжан сияқты қыз аттарын жеке айтушылардың өздері тудырса керек. Әдетте бір ақын ұзақ сапар шегіп қайтса, пәлен деген қызбен айтыстым деп; елге жаңа бір жыр жолдарын ала келетін болған. Мысалы, 1918 жылы Сыр елінің әйгілі ақыны Мансұр Бекежанов қашып, Нұратаға (Бұхар) барады. Сол жылы ол Ақдәме қызбен айтыстым деп келеді. Айтысқа қыз образын, олардың мінез-құлқын қосу елеулі құбылыс” [56, 279 б.].
Сәбит Мұқановтың айтыс жанрының туу, даму, өркендеу процесін айрықша зерттеу қазақ халқының поэтикалық түсінік-түйсігі мен талап-талғамының айқындап алуға мәнді арнаның бірі болары анық дегеніндей, айтыс табиғатын тануда мұндай дерек, қисындардың ар жағында талай сыр жатыр [78, 35 б.].
Серік Негимов айтыстағы өнер тұтастығы есебіндегі өзгелігін танытатын елеулі бір сипатына назар аударады: “Айтыс ақындары творчествосының эстетикалық жүйесіне үңіле қарасақ, олар өлең сөздің идеялық-көркемдік сипаттарымен қоса, оның тоникалық құбылысына, музыкалық архитектоникасына да қатысты ойлар өрбіткен. Өйткені ақындарда музыкалық қабілет те айрықша болып келеді” [138, 53 б.].
“Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны” 3 томдық “Айтыс” жинағының 1965 жылғы бірінші томында “Қыз бен жігіт айтысы” бөлімінде берілген. Бұл айтыстың төңірегінде әріден келе жатқан Әріп ақын шығарған ба, немесе Біржан мен Сара шын айтысқан ба деген қисындар бар екендігі белігі. 1965 жылғы жинақта 1960 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінде “Сараны көргендер” деген мақалада Біржан мен Сараның айтысқаны белгілі деректерге сүйеніп дәлелденген деген түсініктеме беріледі. Бірақ бұл әңгіме күні бүгінге шейін түрлі қисын, дерек көздері көрініп жалғасып келе жатқан жай екенін айттық. Не дегенде де, жазба айтыс болсын, суырып салма айтыс болсын, бұл айтыс – аса бір құнды, үлкен әдеби мұра. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі шоқтықты туынды. Бұл айтысқа айтысты зерттеген әдебиет мамандарының барлығы да айрықша назар аударып отырды. Әрине, Біржанның, Сараның өмірбаян дерегін, айыстың туу тарихын ашып, ажырата түсу тоқтап қалмақ емес. Зерттеушілер бұл айтыстың төрт нұсқасы барын айтады. Айтыс жинағында ару қыз бен жігіт айтысы бөлімінде берілген бұл шығарманы кезінде
М. Әуезовтің ру айтысына жатқызғаны белгілі. Енді бірде айтыс әлеуметтік айтыс қатарына жатқызылды. Әйел теңдігі қозғалды делінді. Айтыс шығарушының (Шайхысламұлы, айтысты 1889 жылы бастырушыҚ.М.) алғысөзімен басталып, бастырушыға айтып беріп отырған, үлгіде келеді.
Әйгілі Біржан сал Жетісуға Сараны іздеп келіп, Тұрысбек қажының үйінде айтысады. Айтыс табиғатына сай екі дүлдүл бірден ұстасып, сөз күресін бастайды. Өз артықшылықтарын алға тартады. Қарсыласының кем тұсын, мінін тере сөйлейді. Айтыстағы осы бір дәстүрдің, өзіне мадақ айтудың ежелгі жыраулар поэзиясындағы үзілмеген дәстүрлі желі “Мен – ақын”, “Мен – тұлғаның” айбынды, асқақ сөзімен түбі бір сияқты.
Біржан-Сараның өзін өзі көтеріп сөйлеген тұстары – айтыстың аса бір көркем, ұтқыр сөздің көтеріліп ұшқан, қанат байлап қалықтаған тұстары.
Біржан:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет