Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет22/85
Дата17.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#116791
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85
Байланысты:
Мадибаева-Қ.XIX-ғасыр-әдебиетінің-қөркемдік-дамуы-Оқу-құралы-2007ж.

Жасым бар жиырмаларда, жылым мешін
Өлімнің кім біледі ерте-кешін.
Айтайын бес-алты ауыз құлағың сал,
Қозы Көрпеш-Баянның әңгімесін.
Бұл жырды Сегіз Сері Торғай өлкесіне саяхатқа шыққанда өзімен бірге алып жүріп, шежірены, жырды көп жинайтын Ахмет Жантуринге тарту етіп беріп кетеді. Кейін ол жыр Ахмет Жантуриннен В.В. Григорьевке ауысып, одан Н.И. Ильминскийдің қолына түседі. Бүгінде жыр сол Ильминскийдің топтауында, Татар республикасының архивінде сақтаулы тұр. Өткен дәуірлерде бұл жыр Қазанда талай рет басылып шықты (1878, 1879, 1890, 1894, 1896, 1905, 1909 жж.), оның қысқаша аудармасын А.В. Васильев “Торғай” газетінде жариялап шығарды. Сегіз Сері нұсқасында айтушының тілі жақсы, бейнелері әдемі, эпикалық кең тынысты болып шыққан. Жыр:
Суреті Аягөздің тасында тұр,
Қатыры екеуінің басында тұр, –
деген сөздермен аяқталады. Жырдың соңы Аягөз бойында айтылатын нұсқадағымен бірдей, тек қысқартылып берілген [204, 331 б.].
Ғабит Мүсірепов “Ұлпанда” Сегіздің өмірде болғанын тастай тұжырымдап айтты. Әдебиет жанашырлары, өнер жоқшылары Қоғабай Сәрсекеев, Ілия Жақанов, Бек Тоғысбаев, Рақымжан Отарбаев Сегіздің қилы тағдырын оймен, сезіммен бөлісті. Тарихшы ғалым Исатай Кенжалиев зерттеулері негізінде Сегіз серінің Исатай – Махамбет қозғалысына қатысы жайлы қорытынды, кесімді пікірлер айтуға мүмкіндік туды. Алғашқылардың бірі болып Сегіз Серіні көркемсөз әлеміне қайта алып келуге үн қосқан Есенкелді Жақыповтың еңбегі де елеулі. Сонау әріден Сегіздің ән мұрасының, әдеби мұрасының, жалпы шығармашылық мұрасының бүгінге өлмей жетуіне себепкер халық арасындағы өнерге жақын, сергек, сері жандардың еңбегі тіптен өлшеусіз. Профессор Ханғали Сүйіншәлиев Сегіз Сері мұрасын жоғары мектептің “ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиет курсының” бағдарламасына енгізді.
Сегіз сері жайлы, “Қыз Жібек” қиссасының ол жырлаған нұсқасы жайлы әдебиет зерттеуші, фольклоршы Сейтқали Қарамендин тың ойлар айтты. Мәселе қойды. “Қыз Жібек” жырының Сегіз сері шығарған нұсқасының әлі күнге дейін жарық көрмей, М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінде он төрт жыл бойы жабулы қазан күйінде жатқанына кім де болса қынжылса керек” [48].
Сегіз сері өмірі мен шығармашылық мұрасы жайлы мейлінше толымды мәлімет беруге негізделген, ақынның қалың жұртқа бейтаныс, беймәлімдеу қалып келе жатқан тұлғасын ашуға көп септігі тиіп отырған, ауыз толтырып айтуға тұратын еңбек жазушы Нәбиден Әбутәлиев пен ғалым Төлеш Сүлейменовтің “Сегіз сері” жинақтары.
Нәбиден Әбутәлиев көп жылғы ізденіс еңбектің тоқетер түйіні іспетті мынадай мәселе қояды. “Сегіз серіні сөз еткенде айтайын дегеніміз
ХІХ ғасырдың қазақ әдебиетінен қазақтың ән тарихынан ол өз орнын алуға тиіс”. Өте орынды мәселе!
Төлеш Сүлейменов Сегіз сері жайлы кітап жазу мақсатын былай түйіндейді: “Сонымен Сегіз Шақшақовтың өміртарихын және оның әлеуметтік ой-тұжырымдарын дұрыс түсініп, жан-жақты қамтып баяндау үшін кітапты негізгі үш тараудан құрдық. Сөйтіп өнер иесінің балалық шағына, қашқын болып жүрген кезіне, патшадан кешірім алып, туған жерінің аясында кешкен ғұмырына көңіл аудара отырып, Серінің әншілік, ақындық ән шығарушылық қабілетіне зер салдық. Ел қорғаны болған батырдың бейнесін жүйелі түрде сипаттадық деп ойлаймыз”, – дейді [76, 8 б.]. Расында да Төлеш Сүлейменов сол бір аласапыран, алақұйын ХІХ ғасырдың бел ортасындағы қазір жасқанбай айтуға болатын ұлт-азаттық қозғалыстардан Сегіздің сырт қалмағанын нақтылы деректермен баяндайды. Әсіресе Исатай-Махамбет пен Сегіздің арасындағы таныстық, достық, сыйластық, бірмақсаттылық жайы көп айтылады.
Ғалым Төлеш Сүлейменов 1960 жылдары Сегіз жөнінде мақала жазған.
30 жылдай уақыт бойы қайсыбір ешкім көңіл бөлмеген жайларды қамти отырып материал жинайды. 1991 жылы “Өнер” баспасынан “Сегіз сері” атты жинақ шығарды. Сегіздің өмірі, көпшілік ән өлеңдерінің тексі берілген туу, сақталу тарихы сөз болған, дәлел-дәйегі мол еңбек. Кітаптың жазылу барысында қыруар дерекке ден қойған, сілтеме жасаған. Мұның өзі Сегіз жайлы ізденіп жүрген, бір дүние табам, айтам, шығарам деп жүргендерге көп көмек. Шығарманың танымдық, тәлімдік, қайсыбір тұстағы тарихи – ғылыми құндылығы бір басқа. Мұнда Сегіз өмірінен сақталған дерек-әңгімелер, шығармалардың тууына себеп болған, негіз болған түптөркін жайлар аса мол. Әрі жатық әңгіме баяндау, әсірелене отырып, әсерлендіре отырып айшықтау, сипаттау басым. Эстетикалық әсері мол эсселер десе болар.
Нәбиден Әбутәлиев Сегіз серінің бірнеше шығармасының толық тексін өз жинағында берді. Көпшілік шығармадан үзінді келтірді. Сегіз сері жайлы жазылған дастандарды атады. Бұл кітаптың Сегіз серінің өмірі, шығармашылық мұрасы жайлы орнықты, толымды, жүйелі пікір қалыптастыруда қосқаны көп. Нәбиден Әбутәлиев Сегіз шығармаларын күні бүгінге шейін газет-журналдарға жариялатып келе жатыр.
Мұхамедқанафия 6 жастан оқи бастаған. Әуелі ауылдағы молдадан 2 жыл оқып, кейін Болатнай деген жерден мұсылманша медресеге барады. Оқып жүргенде ата-анасы қайтыс болады. Бірге туған ағасы Көрпеш пен жеңгесі Айымжан Сегізді Қызылжар қаласындағы мұсылманша медресеге апарады. Сегіз зерек, көп біледі. Қайта-қайта сұрақ қойып, мұғалімдердің тынышын ала берсе керек. Ағасы бұл оқудан шығарып алып, Қызылжардағы 2 жылдың орыс школасына береді. Баһрамның Омбыда тұратын туған ағасы Сексен (1779-1878) Сегізді қолына алып, сол Омбы қаласындағы офицерлер дайындайтын
5 жылдық (Сибирское войсковое училище) оқуға береді. Бұл училищені
1835 жылы Сегіз сері 17 жасында үздік бітіріп, офицер алады.
Омбыдағы Сібір генерал-губернаторы Горчаков Сегіз Серіні жазалаушы отрядқа басшы етіп тағайындау жөнінде бұйрық шығарарда “мен халқымды қорқыту үшін оқыған жоқпын” деп келісім бермейді. Қысым көрер болған соң Бағлан ұлы Нияз серіні ертіп қазақ сахарасына қашып кетеді. Оларды ұстауға
9 полицей, 4 стражник, 55 солдаты бар Воропаев деген бастаған шығады.
Сегіз бен Нияз Омбы қаласынан шыққан соң көлденең Есілдің күнгейі жақ бетін жайлап отырған керейлердің қалың орманды, тоғайды паналап тығылады.
Салқынкөл деген жерде 9 полицей, 4 қоршауға алады. Қуғын күшейеді. Енді Сегіз бен Нияз сыртқа, Сырға қарай сытылып шығып кетеді.
Сарысуды бойлай отырып, Қызылжыңғыл, Телікөл, Айнакөл, Ащыкөл бойларын жайлаған Бағаналы, Балталы және де Қоңырат елі мен Кіші жүз Әлімұлының елдерін аралай жүреді.
Сегіз 1835 жылы, жаз айының ішінде қасына Нияз серіні ертіп, Кіші жүз Әлімұлының жеріне өтіп, алты шекті еліне жататын Назар, Шүрен елдерінде болады. Ақбұлақ өзенінің тоғайын мекен дейді. Бұл мәліметтер Мәди Болатов жазбасынан алынды. Ол Сегіз серінің болған жерлері, кімдермен кездескені, қайсыбір шығармларының туу тарихы жайлы көп әңгімелейді. Бұл мәселе Сегізге қатысты дерек жиып жүрген, пікір айтқан зерттеуші, жазушылардың барлығы да ат басын бұрып, арнайы тоқталып толықтыра, кеңіте түскен жай.
Жалпы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет