Мүгедектікті белгілеу 6 ай немесе 1 жыл мерзімге бұзылған қызметтерді қалпына келтіру немесе едәуір жақсарту, адамның толыққанды өмірге оралу мүмкіндігін көздейді:
бас-ми жарақатынан, нейроинфекциядан және жүйке жүйесінің басқа да органикалық ауруларынан кейінгі шамалы білінетін қозғалу, психикалық, сөйлеу бұзылушылықтары;
отадан кейінгі кезеңде (6 айдан астам) ұзақ мерзімді қалпына келтіру және оңалту іс-шараларын талап ететін жай-күй;
ағымының ұзақтығы 2 айдан асатын геморрагиялық васкулит кезінде туындаған патологиялық жай-күйлер (екі және одан да көп синдромдардың үйлесуі);
дененің артық салмағы аясында 2-типті орта дәрежедегі қант диабеті;
үдеріс белсенділігінің жоғары дәрежесі 3 айдан асатын дәнекер тіннің диффуздық зақымдануынан туындаған патологиялық жай-күйлер;
баланың тіршілік көрсеткіштері бойынша (айқын білінетін зат алмасу, иммундық, қан тамырларының зақымдануы, қан формуласының өзгеруі және т.б.) тағайындалған әсері күшті препараттарды ұзақ (3 айдан астам) уақыт пайдаланудан туындаған, ұзақ терапевтік түзеуді талап ететін патологиялық жай-күй;
коагулопатиялар мен тромбоцитопатия аясында жатырдан дисфункциялық қан кетуі.
Оның негізінде мүгедектік 2 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер.
Бұл топқа қалпына келтіру немесе жақсарту біраз уақыт аралығында қажет ететін немесе болжамы белгісіз патологиялық жай-күйлер енеді:
сөйлеу, көру, есту қабілеттерінің бұзылуымен немесе оларсыз жүріп- тұруымен ұштастырылатын біркелкі білінетін тұрақты бұзылуы (бір немесе
бірнеше буынның парезі, плегиялары, тұрақты гиперкинездер, қимыл үйлесімінің бұзылуы және т.б.);
сөйлеу қабілетінің тұрақты бұзылуы (алалия, афазия, түзеуге келмейтін түрі), дизартрия мен кекештенудің ауыр түрі;
омыртқа жұлынының зақымдануынан болған жамбас мүшелерінің қызметінің білінетін бұзылуы;
тұрақты терапевтік резистентті эпилептиформалық жай-күйлер (айына 1 және одан да көп ұстамасы болатын), жиі болатын шағын және тырыспасыз ұстамалар (аптасына 2-3 рет);
ұзақтығы 6 айға және одан да ұзаққа созылатын созылмалы психопатиялық жай-күйлер;
есту, көру, сөйлеу, жүріп-тұру аппаратының, басқа да органдардың немесе жүйелер қызметтері мен мінез-құлықтың патологиялық нысандарымен ұштасатын жеңіл ақыл-ой кемістігі;
тұрақты әлеуметтік бейімсізденуге әкеп соқтыратын мінез-құлық патологиясы, эмоционалдық-жігер аясының бұзылуы;
жақсырақ көретін көздің көру қабілетінің (түзетумен) 0,19 қоса алғанға дейін төмендеуі немесе жақсырақ көретін көздің көру өрісінің шоғырлану нүктесінен барлық бағыттарда 25 градусқа дейін тарылуы;
есту қызметтерінің болмауы (ІІI (56-70 дБ) – IV (71-90 дБ) дәрежедегі екі жақты құлақ мүкістігі);
туа біткен немесе пайда болған кеңірдек, көмекей ауруларының салдарынан трахеотомикалық түтіксіз өздігінен дем ала алмауы;
ауырлығы орта дәрежедегі бронхиалды ентікпе;
асқазан-ішек жолдары, бауыр және өт жолдары аурулары, мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) мен даму ақаулары кезіндегі ас қорыту ағза қызметтерінің тұрақты білінетін бұзылуы;
белгілі бір жасқа дейін оперативтік емдеуге болмайтын жүрек кемістігі, I-ІІ дәрежедегі жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен асқынған ірі қан тамырлары дамуының кемістіктері;
I-II дәрежедегі жүрек қызметінің тұрақты жеткіліксіздігі, айқын білінетін созылмалы гипоксемия, жүрек қызметінің бұзылуына байланысты, оның ішінде кардиостимулятор орнатылғаннан кейінгі синкопальдік жай- күйлер;
бүйрек қызметінің айқын білінетін тұрақты бұзылуы, бүйрек тініндегi патологиялық үдеріс белсенділігінің жоғары дәрежесі;
терінің және (немесе) шырышты қабықтың қимыл белсенділігінің өте айқын шектелуіне және әлеуметтік бейімсізденуге әкеп соғатын ауқымды зақымдануы (жара болу, эритродермия, айқын қышыну, тыртықтардың пайда болуына байланысты өзгерістер, папилломатоз және басқалары);
туа біткен немесе тұқым қуалайтын қан аурулары кезіндегі гемоглобиннің бір литрге 100 граммнан (бұдан әрi – л/г) кем болып төмендей отырып, жылына бір реттен артық болатын анемиялық криздер;
қатерсіз ісіктің салдарынан болған ағза қызметтерінің айқын бұзылуы және (немесе) айқын білінетін косметикалық кемістік;
тірек-қозғалыс қызметтерінің айқын бұзылуы бар жамбас пен сан буындарының туа біткен немесе кейіннен шығып кетуі;
ағза қызметтерінің біркелкі білінетін бұзылуы бар органдардың немесе жүйелердің туберкулезі;
инсулинотерапия аясында немесе помпа арқылы инсулин алушылар, оның ішінде микротамырлық асқынулардың (пролиферативті емес ретинопатия, микроальбуминурия сатысындағы нефропатия, сезімталдықтың бұзылуымен полинейропатия) ерте сатылары бар алғаш анықталған 1-типті қант диабеті;
терапияға резистенттік белгілері бар және микротамырлық асқынулардың (пролиферативті емес ретинопатия, микроальбуминурия сатысындағы нефропатия, сезімталдықтың бұзылуымен полинейропатия) ерте сатылары бар 2-типті қант диабеті (оның ішінде МОDY), қант диабетінің басқа қайталама типтері;
қалпына келтіру және негізгі емдеу әдісін таңдау кезеңіне ауыр дәрежелі тиреотоксикоз белгілері бар диффузды уытты жемсау.