«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет17/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   115
 
 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Әблах М. Е. 
«География» мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Иманқұлов К. Е.
 
Қазіргі кезде дүние жүзінде инновациялық технологияларды қолдану 
ерекше даму үстінде. Ал бұл, осы кезеңде ең маңызды ӛнім- ақпарат, ал 
алдыңғы қатардағы елдер санатына тұрғылықты халқының сапалы білім мен 
ақпараттық кеңістікке қолжетімділігі жоғары мемлекеттер жатады деген сӛз. 
Білім жүйесінде жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану 
қазіргі оқу үрдісінің басты бағыттарының бірі болып келеді. 
Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде ақпарттық 
технологияны география сабағында пайдалану- оқытудың жаңа бір түрі ретінде 
қарастыруға болады. Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және 
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сабақ кезінде 
оқушылар мәселелерді талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен 
бақылайды. Бұл кезде оқытушы- оқушы арақашықтығын ұстауға болмайды 
1.2. 
Кӛптеген зерттелетін географиялық нысандар, мысалы тау мен жазықтық, 
мұхиттар мен теңіздер, ӛнеркәсіптік орындар мен ауылшаруашылық т.б. 
жерлерді білім алушылар тікелей кӛрсете алмайды. Сондықтан сабақтарда 
кӛрнекі бейнелі құралдарды (суреттер, анимация, бейнежазбалар, слайдтар) 
пайдалану білім алушыларды бейнелік елестетулердің қалыптасуына ықпал 
етеді.
 
1-сызба. Презентациялық жұмыстың ерекшеліктері 
Мәлімет кӛрнекті және 
жеңіл қабылданатын 
түрде беріледі. 
Оқытушы белсенді оқыту әдісін 
пайдаланады, лекция қызықты 
әрі эмоционалды бола түседі. 
Білім алушылардың кӛру, 
есту, елестету әрекеттері 
белсенді жұмыс жасайды 
Презентациялық жұмыс ерекшеліктері 


46 
Презентациялық жұмыс жасалған уақытта білім алушының оны қалай 
жасағанына кӛңіл аудару қажет. Себебі, бұл жұмыс арқылы адамның 
шығармашылық қабілетін де анықтауға болады. Білім алушы да сабаққа 
дайындалу барысында тақырып бойынша түрлі дереккӛздерді қарастыра 
отырып, ізденістік қызығушылығы оянады. 
Қазіргі таңда білім беру кеңістігінде географияны оқытудың әртүрлі 
интербелсенді құралдары бар. Мысалы, компакт-дискідегі электронды 
мультимедиялық 
оқу 
материялдары, 
Интернетке 
тікелей 
қосылған 
компьютерлер немесе ғаламдық жүйеден алдын - ала алынған қажетті 
деректерге сілтеме берілген оқу материалдары және т.б. 
3. 
Географиялық білім қылыптастыру барысында АКТ-ның құралдары мен 
ресурстарын пайдалануға болады: 
 Жүйелік және жалпы бағыттағы бағдарламалық құралдар; 
 Ақпарат кӛздері: электронды энциклопедиялар мен анықтамалар, 
ақпараттық 
сайттар, 
Интернеттің 
іздеу 
жүйелері, 
кітапханалардың 
компьютерлік каталогтары; 
 Электронды оқулықтар мен оқу құралдары компьютердің және 
мультимедиялық проекторлар кӛмегімен кӛрсетіледі; 
 Интерактивті тақта; 
 Тестілеу және жаттығу бағдарламалары; 
 Бейне және аудиотехника; 
 Виртуалды конструкторлар; 
 Интерактивті карталар мен атластар, геоақпараттық бағдарламалар; 
 Интерактивті конференциялар, жарыстар, электронды журналдар; 
 Білім алушылар жасаған ғылыми- зерттеу жұмыстары мен жобалары. 
Алайда, «педагогикалық мода» талаптарын орындау үшін ғана сабақты 
заманауи құралдармен ӛткізудің қажеті жоқ. Себебі, оқытушы сабақта ойын-
сауық емес, бір нәрсені үйрету үшін жұмыс жасайды. Оқытушы ақпаратты жәй 
ғана айтып, оның қаншалықты меңгерілгенін бақыламау қажет, нақты айтқанда 
білім алушыны үйрету қерек. Оқытушылардың түрлі категориялары бар, 
біреулер «оқытады және бақылайды», кейбіреулер «білім алушылар ӛздері 
біліп, жасап, есте сақтай алатындай деңгейге жеткізеді». 
Ақпараттық технологияларды қолдану түрлі сабақ формаларын ӛткізуде 
география пәні оқытушысына шығармашылық еркіндік береді: сырттай 
саяхаттау, рӛлдік ойындар, конференциялар, диспут, жарыстар,семинар, 
лекция, онлайн сабақтар, интерактивті тақта кӛмегімен жүргізілетін сабақтар, 
туристік сапарлар шығармашылық шеберханалар. 
Ақпараттық технологияны қолдану білім алушылардың кӛбісінде үздіксіз 
қызығушылығын қалыптастырады. Бұл қызығушылық кейінірек белгілі 
тақырып тӛңірегінде жобалық-зерттеулік жұмыстарды жүзеге асыруға 
бағытталған әрекеттерді тудырады. Тәжірибие кӛрсеткендей, география 
сабақтарында ақпараттық технологияны, Интернетті пайдалану арқылы 
танымдық белсенділігі артады. Осыған сәйкес ақпараттық технологияны 
қолдану арқылы географиялық білім қалыптастырудың үлгісі кӛрсетілді. 


47 
2-сызба Ақпарттық технологияны қолдану арқылы географиялық білім 
қалыптастыру үлгісі. 
Географияны оқыту әдістерін 
жтілдіру 
Электронды 
оқулықтарды 
қолдану 
Географияны оқытуда компьютерлендірудің бағыты 
Түрлі міндеттерді шешуге кӛмектесетін 
білім, дағды мен іскерлікті меңгеруге 
бағыттау 
Компьютерлік технологияны 
оқытудың қуатты құралы ретінде 
тиімді пайдалану 
Ақпараттандыру үдерісінде оқытушының негізгі 
міндеті 
Білім алушының жеке тұлғалық дамуын, шығармашылық ізденіс қабілеті 
мен ұйымдасқан түрде жұмыс жасау әрекеттерін қамтамасыз ету және 
бағыттау 
Осы жағдайда қазіргі оқу 
үрдісін ұйымдастыру 
түрлерін қарастыру керек 
Ӛзіндік, жеке және топтық 
жұмыстарды арттыру, дәстүрлі оқыту 
әдістерін жаңарту, зертханалық, 
зерттеу, тәжірибелік жұмыстар 
кӛлемін ұлғайту. 
Оқуға деген қызығушылықты арттыру және 
сақтау 
Оқу материалы мазмұнын 
түрлендіру 
Берілетін деректер жүйелі, нақты болуы 
керек. Фактілер мен қызықты қосымша 
мәліметтер маңыздылығы бойынша 
реттілікпен беріледі. 
Білімді тексеру, бағалау. 
Мысалы, берілген нысан бойынша 
(ӛзен аңғары) «саяхат» - виртуалды 
тур жасау 
Сапалы білім, тақырып бойынша нақты түсінік қалыптасады. 
Түрлі 
сайттармен 
жұмыс жасау 
нәтиже 
Ақпараттық 
технологияны 
тиімді 
пайдалану 
Презентация,бейнежазба 
Мысалы, электронды глоссарий. 
Ерекшелігі, нақты тақырыпқа сай 
дерктер қажетті реттілікбойынша 
кӛрсетіледі 
Автоматтандырылған тестілеу 


48 
Қорытындылай келе, ақпараттық технологияларды географияны оқытудың 
жоғары дәрежедегі тиімділігі үшін оларды эпизодтық емес,жүйелік негізде 
пайдаланған дұрыс, соның ішінде материалды талдап, зерттеу барысында да, 
қорытындылау және білімді бағалау кезеңінде де қолдану керек. Тәжірибиелі 
оқытушылар үшін компьютерлік бағдарламалар негізінде нақты бір сабақты 
құру қиындық туғызбайды. Жас мамандар үшін жоспар – конспектілер, 
педагогикалық бағдарламалық құралдарды түрлі жағдайда қолданудың 
нұсқаулықтары аса қажет болады. Бұл үшін педагогикалық бағдарламалық 
құралдар мен оларды қолдану әдістемелерінің кең ассортименті, яғни сабақты 
ұйымдастырудың нақты нұсқаулықтары қажет. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Коминский В.Ю. «Білім берудегі ақпарттық технология» 2005 жыл 
2. 
Ақышев Ә.С. Дүйсенбаева К.Ж. Географияны оқыту әдістемсі.- Алматы: 
Қазақ университеті, 2013-173 бет 
3. 
Жолдасбеков А. Мектепте оқу танымдық іс- әрекетті ұйымдастырудың 
педагогикалық шарттары. Әдістемелік құрал- Түркістан, 2005жыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет