244
мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы білім және ғылым
қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай-күйі жан-жақты
талданып, адамгершілік құндылықтарды
нығайтуға ерекше назар аударып,
Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушыларды
тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттілігі баса айтылды.
Дегенмен де білім жүйесінің аса күрделі және жауапты сала екендігін, оны
реформалауда қателіктер жіберілсе, бірнеше ұрпақтың тағдырына, мемлекетіміз
бен ұлтымыздың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне зиянын тигізуі мүмкін екенін,
сондықтан білімнің пәрменділігін және сапасын арттыру үшін бүкіл білім
жүйесінде қысқа мерзім ішінде күрт ӛзгерістер жасаудың қауіпті де, қатерлі
екенін әрқашан ескергеніміз жӛн.
Қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі оның білім жиынтығын беруге
бағытталғандығында ғана емес,
сол білім мазмұнының шашыраңқы, қазіргі
ӛркениеттің ӛзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп
ӛндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға сәйкес дер кезінде жаңарып,
жетіліп, бейімделіп отыруға қабілетсіз, консервативті,
орталықтандырылған,
жабық және шектеулі түрде болуында деп есептеймін. Оның үстіне, соңғы он
бес жылдың кӛлемінде мектептердің оқу-материалдық, кадрлық базасының
моральдық та, материалдық та жағынан барынша ескіріп, құлдырап кетуі білім
сапасына орасан зор зиянын тигізгені белгілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ӛзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ,
келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа ӛткен құндылықтар туралы айтты: «Біз
ӛзіміздің болашағымызды және жастарымызды қандай күйде кӛргіміз келеді,
осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін,
таңдап алған мақсатымызға алып келетін ӛз дамуымыздың траекториясы,
даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз». Міне
сондықтан еліміздің даму бағыты айқындалған уақытта білім берудің
маңыздылығы мен оның мәнділігіне кӛңіл бӛлініп, сапалы білімге қол
жеткізуде
нақты міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар іс-шаралар
айшықталуы қажет. Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық
құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бӛле-
жара қарауға болмайды.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы ӛз мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге
ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп
оқушылары. «Халықты халықпен,адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп
ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, елімізді ӛркениетке апарар жолдың
бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім - барша әлем тыныс – тіршілігінің
алғашқы іргетасы [2].
Білімді ұрпақ –
еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере
жайып,ел мәдениеті ӛркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана
ұлтымызды асқақ,елімізді кӛкке кӛтереді. Қоғамның негізгі ӛзегі – жастар.
Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың,
яғни біздердің сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып
қалыптасуымызға қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді
245
азаматтармен бірлесе ӛмір сүрсек, ӛз бойымызда білімге деген құштарлық пен
ізгі сезімдердің қалыптасатыны сӛзсіз. Елбасымыз
жастардың сапалы білім
алып,саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және
мәдениетке аса кӛп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін
кӛптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің манызын айтып,
нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден
– бір ӛзгеріс екені баршамызға айқын. Сондықтан, Қазақстанның жарқын
болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!
Пайдаланған әдебиеттер тізімі::
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауы //Талдықорған газеті, 2005. 25. 02, - 4 б.
2.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңы //Егеменді
Қазақстан, 1999. 11.06. - 2 б.
Достарыңызбен бөлісу: