«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет95/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
Нҧрмаш Г. Н. 
«Биология» мамандығының 1 курс студенті
Ғылыми жетекші: оқытушы Хамитова Қ.К. 
Мұратсыз ұлт ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы да мүмкiн емес. 
Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның ӛзегiн мемлекеттiктi нығайту, 
этникалық территорияны қалыптастыру болса, одан кейінгі кезеңде Ресей, 
Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас 
орнатып, елдігімізді сақтап қалу болды. 
Елбасының Жолдауда айтқан «Мәңгілік Ел» идеясы да осыдан туындаған 
деп ойлаймын. «Мәңгілік Ел» жобасы, «ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа 
дәуірдің кемел келбеті». Елбасымыз қазақ елінің барлық азаматтарына алты 
үлкен міндет артты.Біріншіден, артымыздан еріп келе жатқан ұрпақтың жат 
жұртта емес,ӛз елінде ӛсіп,ӛмір сүруге құштарлығын арттыру,соған жағдайлар 
жасау,туған жерінің иесі екендігін сіңдіру. Екіншіден,барлық этностар 
құқықтарының теңдігін сақтау. Үшіншіден,қазақ тілі мен үштұғырлы тіл 
саясаты.Елбасы қазақ тілі біздің рухани негізіміз екенін, еліміздің болашағы 
қазақ тілінде екенін,қазақ тілі 2025 жылға қарай ӛмірдің барлық саласында 
үстемдік етіп,кез келген ортада жаппай қолданыс тіліне айналып,шын мәніндегі 
мемлекеттік тіл мәртебесіне кӛтерілгенде,біз елімізде «Қазақ мемлекеті» деп 


251 
атай алатынымызды атап ӛтті. Тӛртіншіден,мәдениет,дәстүр және даралық. 
Елбасы қазақтың күрделі мәселелерін ашық айтып,ішкі тұтастықты бұзуға 
дәмеленген рушылдық,жершілдік секілді алып-қашпа әңгімеден бойды алыс 
ұстауға шақырды.Қарға тамырлы қазақтың түбі бір екенін әрқашан есте ұстау 
керек. Бесіншіден,ұлтты интеллигенцияның рӛлі.Алтыншыдан, XXI ғасырдағы 
Қазақстандағы дін туралы ойлану керек екендігін атап кӛрсетті.Аталмыш 
тәрбиелік білім барлық оқу орындарында қамтылуы қажет екенділігін 
нақтылады [1,2б]. 
Қазіргі уақытта «Мәңгілік Ел» болу үшін азаматтарымыз (әсіресе жастар) 
білім, ғылыммен мықты қаруланған болуы қажет. Себебі, кез келген 
мемлекеттің басты байлығы ол халқы, адам капиталы. Сондықтан Мәңгілік Ел 
болу үшін әр азаматымыз осы бағытта жұмыс жасауы керек. Мырзатай 
Жолдасбеков ағамыздың сӛзімен айтатын болсақ: «Қазақтың ендігі ұлттық 
идеологиясы осы Мәңгілік ел деп ойлаймын. 2050 жылы біз Мәңгі ел бола 
саламыз деп ешкім кесім жасай алмайды. Елбасы оны айтып отырған жоқ. 
Қазақтың түпкі арманын меңзеп отыр. Халыққа біртұтас идея, алға 
жұмылдыратын бағыт, мақсат-мұрат керек. Бұл Жолдауда айтылған, қазақтың 
кӛкейіндегісін дӛп тапқан сӛз болды деп санаймын». «Тәуелсіздікке қол 
жеткізгеннен гӛрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі 
ғұмыр кешкен талай халықтың басынан ӛткен тарихи шындық. Ӛзара 
алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға 
жіберген. Тіршілік тезіне тӛтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып 
кеткен елдер қаншама. Біз ӛзгенің қателігінен, ӛткеннің тағылымынан сабақ ала 
білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің ӛз 
қолымызда. Ол үшін ӛзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. 
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді кӛздің 
қарашығындай сақтай білуіміз керек». Елбасы Жолдауында айтылған сӛздер 
әрбір саналы азаматтың жанын тербері сӛзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік 
сӛзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі ӛлмейтін асыл қазынамыздың 
бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен 
қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – 
қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жӛніндегі кешенді шараларды жүзеге 
асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға 
жыл сайын миллиондаған қаржы бӛлінеді. Елбасы ӛз Жолдауында мемлекеттік 
тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім ӛзгерте 
алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл 
болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жӛн деп 
ой түйді [2,4б]. 
Олай болса, ана тілімізді-мәңгілік тіл ету ӛз қолымызда.Мәңгілік ел –бұл 
қазақтың ӛткен тарихынан бастау алуы тиіс.Тамыры тереңге жайылған 
тарихтан сыр шертер болсақ ,біз қазақ не кӛрмедік, қанша қиын жағдайларды 
,ашаршылық,соғыс, елден жыраққа ауып кету , тілімізден айырылу, барлығын 
бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де 
аманшылықпен жетіп отырмыз. 


252 
Шүкір, міне осының ӛзі –ақ мәңгі ел керегесі.550 жыл бойына кӛрген 
қиындығымызға ешкімді жазғырмай,біреуді кінәләмай, қайғы кӛрсек тереңіне 
батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз 
үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы 
мен мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған 
қазақ елінің мәңгілік ел болуы , құрылуы осының айғағы. Мен үшін Мәңгілік ел 
осы кезеңнен бастау алды.Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығында созылған 
соғыста ұлдарымызды айтпағанда, Әлия, Мәншүк , Хиуаз сиақты батыр 
қыздарымыздың ӛзі қан майданда ерлікпен шайқасты.Соғыстың сұрапыл 
жылдарында соғыстағы ұлдарымыз бен қыздарымыздың орны бір бӛлек болса, 
тылда еңбек еткен ауыл адамдары соның ішіндегі ет жүрегі езіліп, күрсінген 
жүректің демімен дамыл таппай, ішінен тынып, балам соғыстан аман қайтса 
екен деп тілеген,еркектің ауыр қара жұмысын бір ӛзі атқарған қайран әйел-
аналар-ай! Сонда да бізді қазақ деп ешкім мойындамады. Ресейдің қол астында 
болып ең басты, ең маңызды байлығымыз болған салт- дәстүрімізді, әдет–
ғұрпымызды, тілімізді, дінімізді жоғалттық. Жетпіс жыл орысша сайрадық, Бұл 
жылдарда елдің ел болып, ұлттың ұлт болып қалуы үшін батырларымыз атқа 
мініп, алаңға шығып, білектің күшімен күрессе, әдебиетте ақын 
жазушыларымыз қаламның ұшымен күресе білді [3,10-11б]. 
Бұдан кейінгі жылдарда да Тәуелсіздік үшін болған кӛтерілісте де жеңіске 
жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді. Бұл 
күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам да болды, 
қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан күн шығады 
деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкірлігін айтты. Ол-
«Тәуелсіздік».Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман–Мәңгілік 
ел.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.Біз 
еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. 
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті.Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық 
Идеясы – Мәңгілік ел! Кӛз қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз! 
Пайданылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
«Ұлттық тәрбие» республикалық ғылыми-кӛпшілік журнал 2(34)2016ж. 6б. 
2. 
«Ұлттық тәрбие» республикалық ғылыми-кӛпшілік журнал 4(34)2016ж. 4б. 
3. 
«Ұлттық тәрбие» республикалық ғылыми-кӛпшілік журнал 6(34)2016ж. 10-
11б. 


253 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет