Международная академия аграрного образования костанайский филиал маао



Pdf көрінісі
бет30/77
Дата03.03.2017
өлшемі5,95 Mb.
#6019
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Жұмабаев М. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989 ж. 448 б.  

2.

 



Мырзахметов М. Түсініктеме. ІІ Әуезов М. Әде6иет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991 ж. 240 б. 

3.

 



Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. А., Қазақ университеті, 2002ж. 82б  

4.

 



Қозы6аев М. Ақтандақтар ақиқаты. Алматы: қазақ университеті, 1992ж. 272 б. 

 

 



УДК81.63.24, 73К 89 

БАЛЛАДАЛАРДЫ БАРЛАҒАНДА 

 

Кушкинбаева Қ.Т., Ахмет Байтұрсынов атындағы  

Қостанай мемлекеттік университеті 

Тілдік даярлау орталығының оқытушысы, филология магитрі  

 

Мақала  қазақ  әдебиетіндегі  балладаның  пайда  болуы,  дамуы  жайлы.  Баллада  туындысын  жарыққа  шығарған 

ақындарымыздың балладалары қарастырылды. 

В  статье  раскрываются  истоки  формирования  и  развития  баллады  в  казахской  литературе.  Рассматриваются 

произведения поэтов, которые впервые использовали жанр баллады. 

Articles about the development of the Kazakh literature ballads. Ballad of the work of poets who published this ballads 

considered. 

 

Баллада ХҮІІІ ғасырдың басынан бастап қайта жандана бастағанда баллада сюжетке, әсіресе тарихи 

тақырып пен аңыздарға, драмалық оқиғалар құрылған ӛлең формасына қазір эпостық элементтері жай еніп 

қана қоймай, үлесі басым жағдайға жетті[1.6]. 

Баллада біздің әдебиетімізге Саттар Ерубаев арқылы кірді. Баллада – сюжетті лиро-эпикалық шағын 

кӛлемді  шығарма,  яғни,  ақын  шабытын  шарықтатқан  қоғамдық  ұшқыр  ойды  орнықтыруға,  бейнелік 

құбылысты  бейнелеу  жағдайларда  қомақты  түрде  жан-жақты  кӛрсетуге,  ақындық  сезімге  әсер  еткен 

айбынды ӛмір құбылысын суреттеуге мүмкіндік беретін поэзияның бір саласы. 

«Ӛмір  туралы  рапорт»,  «Мәңгілік  ӛмір  туралы  жыр»,  «Меруерт  алқа»,  «Күзгі  фрагмент»,  «Үш 

шахтер  туралы  баллада»  -  30-жылдардағы  поэзиямыздың  тың  саласында  жаңашыл  Саттардың  жасаған 

поэтикалық  жаттығулары  ғана  емес,  қайта  логикалық  түйінге  ұмытылған  эстетикалық  әсері  мол 

шығармалары. 

Балладаны әр түрлі ӛлең ӛрнегімен, әр түрлі буынмен жазуға болады. Саттар мол буынмен баяндау 

түрін  қалаған.  Оның  балладалары  негізінен  15  буынды  берік  сақтайды,  тек  интонацияны  күшейту  мен 

баяулату, қажет жерінде 13-14 не 16-17 буындар араласып кеттеді. 

Саттардың  кӛпшілік  балладасы  егіз  ұйқаспен  жазылып,  шумағы  екі  жолдан  тұрады,  ал  кейде 

4,6,7,8,9 және одан да кӛп жолдар араласып келеді. Әдетте екі жолдың ұйқасы берік сақталады. Ал шумақта 

жол  саны  кӛбейгенде  бәрінің  де  ұйқасын  сақтайды  не  болмаса  аралас  ұйқаспен  жазады.  Мұның  бәрі 

автордың логикалық ойды түюіне қарай жасалады.  

Мысалы:  

Біздің ӛмір кӛркемнен де, сұлудан сұлу ғой, 

Біздің ӛмір қуанышты тастай қалап құру ғой, - 



 

155 


 

деген екі жолдан шұрайлы пікір түйсе, енді бір балладасында ӛз ойын 4 жолды әр шумақпен әсерлі 

етіп қорыта білген: 

Кӛсемді айтқан жырдан артық меруерт бар ма тағатың, 

Одан артық сыйлық бар ма ақындардан алатын, 

Одан артық лента бар ма сұлуларға тағатын, 

Одан артық бақыт бар ма іздеп жүріп табатын! 

Сонымен, С.Ерубаев аз ғана ӛмірінде 20 шақты поэзиялық шығармаларымен оның ішінде тартымды 

да ойлы балладаларымен ақындық атаққа ие болған талант иесі.  

ХХ ғасырдың елуінші, алпысыншы  жылдары ұлттық әдебиеттің дамуына, қазақ поэзиясының, оның 

ішінде  баллада  жанрының  берік  қалыптасып,  орнығуына  елеулі  үлес  қосқан  қайраткер  Қайнекей 

Жармағамбетовтың орны ерекше[2.3]. 

Белгілі  қазақ  ақыны  Қайнекей  Жармағамбетовтың  жыр  жиһазына  қосқан  үлесі  мол.  Ақын 

балладалары  мен  ӛлеңдері  адамгершілікті,  адалдықты  достық  пен  махаббатты  жыр  етеді.  Қайнекейдің 

балалар ӛмірінен жазған ӛлең балладалары мен шағын әңгіме, пьеса, скечтері бар. 

Қайнекей Жармағамбетовтың «Кекті бала» туындысының Днепрдің тентек толқындарындай тӛгіліп, 

соғыс ӛрті шырпыған шалғайдағы Украйнаны жұпыны, жүдеу, аһ ұрған ауылы елестеді. 

Автор оқиғаны жүйелі түрде дамыту тәсілін тәп-тәуір меңгерген. Әке мен ананың аса аянышты хал-

ахуалын,  селосының  солғын  кӛрінісін  перзенттің  парша-парша  айырылғалы  тұрған  мазасыз  жүрегін 

суреттеуге  келгенде  ақын    алымдылығын  жоғары  кәсіби  шеберлігін  танытады.  Сӛздің  сүйектен  ӛтетінін 

дәйекті  дәлелдеді.  Адамнан  гӛрі  айуанға  тән  жат  әрекет,  қатыгездіктің  қайдан,  қалай  пайда  болғанына 

таңданады.  Жүрексіз,  бауырсыз,  мейірімсіз  пенделер  жер  басып  жүргеніне  ренжіп,  налиды.  Ӛзегі  жарыла 

ӛкінеді. 

Егілді осыны айтып кекті бала, 

Түнеріп аяғандай тұрды бала, 

Днепр жатты толқып арнасында  

Жаралы жолбарыстай ыңырана[4.10].- 

деп тамамдалатын, бас аяғы 23 шумақтан тұратын ӛлең жанрлық сипаты жағынан балладағы жатып, 

үлкен шығарма жүгін белі қайыспай кӛтеріп-ақ тұр. Баллада жанрына қойылатын негізгі талаптарға толық 

жауап  берерлік  қасиеттерімен  ерекшеленеді.  Мұнда  ӛмірлік,  әлеуметтік  маңызға  ие  әрі  нанымды 

дамытылған  оқиға  желісі  бар.  Кейіпкерлер  бейнеленуі  барынша  нанымды.  Әділетсіз  әрект,  оқыс  оқиға, 

қасіретті  қайғының  құрбаны  болған  бір  отбасы  мүшелерінің  кӛрген  зорлық-зомбылығынмен  қатар 

адамдардың  ішкі  жан  қиналыстары,  кӛңіл  күйзелістері,  ақтық  арпалыстары  табиғи  кӛрініс  шеңберіне 

суреттелген. 

Днепр жатты толқып арнасында 

Жаралы  жолбарыстай  ыңырана[4.10].-деп  автор  тектен-текке  тебіренбейді.  Оқырманын  бейжай 

қалдырмайтындай тың теңеу, тс түйін тұжырым тауып тұр. Қисынын тауып, қиюын келтіріп метафоралық 

мағына  беретін  сӛздерді  тиімді  қолдана  білуі  балладаның  кӛркемдік  дәрежесін  кӛтере  түсіп,  мазмұнын 

барынша  байытқан  деуге  әден  болады.  Кӛзбен  ғанга  емес,  кӛкірекпен,  байқап,  анықтай  білуі  кез-келген 

қаламгер бойындағы қасиет болуға тиіс. Онсыз ойың, қиялың, идеяң межелеген нысана деңгейінде жүзеге 

асады деудің ӛзі кӛп жағдайда босқа әурешілік. 

«Талантты,  үздік  ӛнер  туындысын  қашан  да  байқампаздық  пен  білімдарлықтың  ғаламат  үлгілерін 

дарытқан. Оның шын мәніндегі дүниетанушылық сыры да осы ӛңірден аңғарылады»[5.8]. 

Кӛбінесе  мысал  ӛлеңдегі  тәрізді  оқиға  шешімінің  күтпеген  сәтте  кенет  болуы  да  баллада  үшін 

маңызды түйіннің біріне айналды[6.6]. Міне, сондықтан да Қайнекей Жармағамбетовтың сюжетке, оқиғаға 

құрылған  балладаларының  кӛпшілігі  кішігірім  поэма  тәрізді  әсер  береді.  Бұл  ретте  оның:  «Большевик 

туралы  баллада»,  «Мұғалима»,  «Жидебайдың  түндері  мен  күндері»,  «Фирдоуси  туралы  баллада»,  «Ақын 

мен ажал», «Бетпақдала аңызы» т. б. шығармаларын атауға болады. 

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1.

 



Мұқатов Н. Қазыналы Қайнекей Алматы: ҒӚПБК «GAUHAR»-2007, 198-бет. 

2.

 



 Қайнекей  Жармағамбетов  Азамат  Жолы  Құрастырушылар:  Ғафу  Қайырбеков,  Нұрлан 

Жармағамбетов Алматы: Жазушы, 1983, 272-бет. 

3.

 

 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті. Алматы: Ғылым,1998, 398-б. 



4.

 

Жармағамбетов Қ. «Дәурен»., Алматы: Жазушы,1969, 216-бет. 



5.

 

Серікқалиұлы З. «Дүниетану даналығы» Алматы «Білім» 1994.-224-б. 



6.

 

Қайнекей Жармағамбетов  «Шыңдағы шам шырақ» Құрастырған Баламгер Сахариев  «Жазушы» 



баспасы, Алматы-1976, 24-б. 

7.

 



Нарымбетов Ә. «Дәуір және поэзия» Алматы, «Жазушы», 1970, 152б. 

 

 



 

 

156 


 

УДК 811.512.122. 

С.МҦҚАНОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҦЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК КӚРІНІСІ  

 

Мукашева Р.А., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік 

университеті,тілдік даярлау орталығының оқытушысы 

 

Бұл мақалада С.Мұқанов прозасындағы ұлттық мәдениеттің, ұлттық мінездің тілдік кӛрінісі  қарастырылады. 

В  данной  статье  рассматривается  языковое  описание  национальной  культуры,  национального  характера  в 

прозах С.Муканова. 

The article discloses the language description  of  the national world outlook in the works by S.Mukanov. 

 

Лингвомәдениеттанудың басты мәселелерінің бірі – мәдени ұғым, ұлттық мінездің мәдени кӛрінісі. 



Лингвомәдениеттануда  ұлттық  кӛрініс  концептілерін  зерттеу  қызықты  мәселелердің  бірі  болып  саналады. 

Мұндағы концепт лингвомәдениеттанудың термині ретінде ӛз мәнінде орынды үйлесе қолданылады. Әр тіл 

– ӛз бойында ұлт тарихын, тӛл мәдениетін, танымы мен талғамын,  мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, 

дәстүрі  мен  даналығын  тұтастықта  сақтаған  таңбалық  жүйе.  Осындай  мазмұнды  құрылымына  сәйкес  ол  – 

жай  таңбалық  жүйе  емес,  ұлт  болмысын  тұтас  сипаттайтын  мәдениет.Ӛйткені  мәдениеті  жоғары  тіл  ғана 

ұлттық тіл, мемлекеттік тіл ретінде қызметін мінсіз атқара алады.Тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, 

тіл– этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде, бір 

бүтін  етіп  тұтастырушы.Сондықтан  да  қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  тіл  мен  мәдениет  сабақтастығын,  атап 

айтқанда,  тілдің  бойындағы  ұлттық  сипатты,  ұлттық  рухты  тануға  негізделген  когнитивтік  лингвистика, 

оның  лингвомәдениеттану,  этнолингвистика  т.б.  салалары  ӛріс  алып  келе  жатыр.  Кез  келген  тілдік 

құбылыстың  табиғатын  оның  тек  тілдік  заңдылықтарына  сүйеніп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  халықтың 

дүниетанымына,  салт-дәстүріне,  ұлттық  болмысына  назар  сала  қарау  лингвомәдениеттану  (тіл  мен 

мәдениеттің ӛзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде кӛрініс табуы, сол тіл арқылы 

ұлтты, оның мәдениетін таныта білудегі ерекшеліктер)пәнінің үлесіне тимек. Тіл – мәдениеттің бір кӛрінісі. 

В.Гумбольдт «ұлттың ӛзіне тән іштей дамитын рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, 

ұрпақтан-ұрпаққа  беруші  күш-тіл»  деп  кӛрсетеді.  Ғалым  тілді  адамның  ойымен,  санасымен,  оның 

мәдениетімен  және  рухани  ӛмірімен  тығыз  байланысты  қарайды.  Тіл  мен  рух  –  Гумбольдтің  пікірінше, 

біртұтас  ұғым.  Оның  пікірінше,  тіл  дүниені  тікелей,  тура  бейнелемейді.  Тілде  адамның  дүниені  қалай 

түсінетіні  кӛрініс  береді.  Ғалым:  «Язык  –  это  объединенная  духовная  энергия  народа,  чудесным  образом 

запечатленная  в  определенных  звуках,  в  этом  облике  и  через  взаимосвязь  своих  звуков  понятная  всем 

говорящим и возбуждающая в них примерно одинаковую энергию. Разные языки – это отнюдь не различные 

обозначения одной и той же вещи, а различные видения ее...», -дейді[1, 49]. 

Ал  кейінгі  қолданыста 

бұл  аталған  «халықтар  психологиясы»  «этнопсихология»  деген    атаумен  алмастырылып  жүр.  Ол 

халықтардың ұлттық ерекшелігінің негіздерін,себептерін, дамуын зерттейді. 

А.А.Потебня:  «Тіл  –  ойды  туғызушы  тетік,  тіл  оқшау  тұрған  құбылыс  емес,  ол  халықтың 

мәдениетімен  біртұтас  байланыста,  себебі  халық  –  тілді  жасаушы,  тіл  –  «халықтық  рухтың  »  жемісі, 

сондықтан тіл ұлттық ерекшелікті кӛрсетеді»,- деп жазады[2,46]. 

Шешендік  сӛздердегі  дүниетанымды  зеттеген  Г.Қосымова  :  «Адамзат,  тіршілік,  ӛмір  т.б.  туралы 

адамдардың алған білімдерінің кӛпшілігі абстрактылы ойлаудың маңызды бір формасы – ойқорытындының 

кӛмегімен  алған  білімдер.  Олар  тіл  арқылы  біреуден  біреуге  жетіп  отырады.  Біз  ӛзімізді  қоршаған  дүние 

туралы  білімді  ұғым,  пайымдау,  пікір,  ойқорытынды  формасында  тұжырымдаймыз»[3,  213]  деген  ой 

айтады. 

«Тіл  –  қандай  да  бір  ұлттың  дүниетанымының,  тарихының,  барлық  бітім-болмысының  кӛрінісі. 

Сондықтан  ұлттық  үрдіс  пен  ұлт тілінде  жазылған  кез  келген  шығарманың  негізінде  аталған  дүниетаным, 

тарих,  бітім-болмыс  ұғымдарымен  қатар  сол  ұлттың  ӛмірі,  ӛмір  сүру  сипаты,  ұлт  қоғамында  болған 

оқиғалардың ізі, ерекшеліктері жатады» [4,77]. 

С.Мұқанов  романдары  ұлт  табиғатын,  болмысын,  таным-түсінігін,  тарихын,  әдет-ғұрып,  салт-

дәстүрін, ұлт мәдениеті мен рухани қазынасын жан-жақты, әр қырынан танытатын кӛркем туындылар болып 

табылады.  С.Мұқанов  романдарындағы  ұлттық  дүниетанымның  тілдік  кӛрінісін  бірнеше  топқа  бӛліп 

қарастыруға болады. 

Ұлттық  психологияның  тілдік  көрінісі:  С.Мұқанов  ӛз  шығармаларында  қазақ  халқына  тән 

психологиялық  ерекшеліктерді  ұлттық  ерекшеліктердің  тілдік  кӛрінісі  ретінде  қолданған.  Қазақ  халқында 

әйелі күйеуінің атын атамай отағасы, әйел адамды шүйкебас, ер балаға қатысты «он үште отау иесі» мақалы, 

қыз  бала  «жат  жұрттық»,күйеуге  шыққан  қыз  баланы  «судай  сіңіп,  тастай  бат»  деп  әке-шешесінің  бата 

беруі,он  сегізден  асып  кеткен  қыздың  «оң  жақта  отырған  қыз»,  «кәрі  қыз»атануы  сияқты  ұлттық 

психология, балаға тіл тимесін деп жаман ат қою,кӛз тимесін деп жаман киіндіру сияқты қазақтың осындай 

салттары кездеседі. 

 Ұлттық өнердің тілдік көрінісі: С.Мұқанов шығармаларында ұлттық ерекшелік болып табылатын 

қазақ ӛнерінің болмыс-бітімі де кеңінен ашылған. Ол шешендік және музыка ӛнерімен байланысты кӛрінеді. 

Сонымен бірге қазір ұмыт болған ертедегі қазақтың ұлттық ойындарын  жазушы романдарынан кездестіруге 



 

157 


 

болады.  Олар  «Ақсүйек»,  «Соқыртеке»,  «Бурақотан»,  «Асық»  сияқты  ойындар.  Мысалы,  «Достың 

тақыршағында асық ойыны қызып жатқан күннің бірінде, бізге салт атты біреу шауып келді, менің немере 

ағам Сәрсек екен.(7,56-б). 

С.Мұқанов  романдарында  ән  айту  ӛнері  қазақ халқының  ұлттық  аспабы-  домбыра  арқылы  кӛрініс 

тапқан.Мысалы, Денесі ,кескіні де сұлу, әрі бұла боп еркін ӛскен Нәзір, бір сыдырғы  әнші де, домбырашы  



да еді.(6,133-б).  

Ұлттық  салт-дәстүрдің  тілдік  көрінісі:  С.Мұқанов  романдарында  ұлттық  дүниетанымды 

кӛрсететін  тілдік  құралдар  мол  қолданылған.Солардың  бірі  –  ұлттық  салт-дәстүрлердің  жазушы 

шығармаларындағы  тілдік  кӛрінісі  болып  табылады.  Мысалы,  Ол  кездегі  ауылдың  ғұрпында,  егде  әйел 

болмаса  жас  әйелдің,  әсіресе,  қыздың  еркекпен,  әсіресе  жігітпен  қол  ұстасып  амандасуы  жоқ.  Былайғы 

амандасудың ӛзінде де «есенсіз бе?» дегеннен артыққа бармайды.(6,41-б). 

Ұлттық тұрмыстық ерекшеліктер: С.Мұқанов романдарында ұлттық тұрмыс-тіршілік нышандары 

да  байқалып  отырады.Мысалы,  «Онда  қайттік?!»  деп  сасқан  жұртқа  молда:  тасаттық  беру  керек,  сонда 

ғана бұл пәле қашады,- дейді, молда, әрине, тасаттыққа сойылатын кӛп қойдың етіне ғана тоймайды, бәрінің 

терісі онікі(6,21-б). 

 Жазушы шығармаларындағы қазақ тұрмыс-салтының бір кӛрінісі- ұлттық тағам атаулары. Мысалы: 

-Қозғалмай-ақ  қой,  құлыным,  тағы  кімге  телміресің,  үйде  кепкен  сықпа  құрт  бар  ғой,  аузымның 

дәмін сонымен алармын, - деді шешем(6,49-б). 

Ұлттық  өлшемнің  (уақыт,  мөлшер)  тілдік  көрінісі:  Қазақ  дүниетанымында  ӛлшем  бірліктерді 

қолданудың  ӛзіндік  ерекшеліктері  бар.  С.Мұқанов  шығармаларында  ұлттық  ӛлшем  бірліктерден  мезгіл 

мәнді сӛздер мен мӛлшер мәнді сӛздер жиі қолданылған. Мысалы, мезгіл мәнді сөздер:Күннің тармақталған 

сәулесі  жоғарылаған  сайын,  кӛкжиектің  қызыл  бояуы  бозғылттана  береді  де,  күн  арқан  бойы  кӛтеріле, 

бозғылтқа кӛгілдір түс араласып, күн сәскеге барғанда, бүкіл аспанның шымқай кӛк тартқан түсіне шығыс 

та боялады. (6,15-б).Бірақ ол қадірсіз екен: сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығады екен,  құлқын – сәріде 

тұрғаннан,  қас  қарайғанша  тізе  бүкпей,  үйдің  де,  түздің  де  шаруасын  дамыл-тиыштықсыз  істей  береді 

екен(7,111-б). Етігімді ауылдағы етікшіге ұлтандатуға апарып бергеннен кейін, манағы қылығыма бетімнен 

отым шыққандай, мен сәскелік асқа барған жоқпын (7,196-б).    

Діни  дүниетанымның  тілдік  кӛрінісі:  С.Мұқанов  шығармаларында  қолданылған  діни  лексика: 



діншіл, ораза, намаз, айт, жайнамаз, құран оқу, бата қылу, тәңір жарылқасын,дұға қылу  т.б. 

Жазушы  шығармаларындағы  діни  дүниетанымның  тілдік  сипаты  әр  түрлі  діни  салт-дәстүрлермен 

байланысты кӛрініс тапқан. Олар: 

1)Құран  оқу.  Мысалы,  «Оқуға  барған  жылдың  күзіне  мен  алғашқы  сатылардың  бәрін  ӛтіп, 



«құранға»  түстім  де,  кешікпей  сӛзіне  түсінбегенмен,  қарасын  оқығанда  судай  ағыздым.  Молда  бізге  кей 

кезде ӛліктерге арнап «құран»  шығарттырады.(7,68-б).Менің құранды бір сыдырғы әдемі  оқитын дауысым 

бар.  

2)Дұға  қылу.Мысалы,  -  Сонау  зиратқа  барып,  әуелі  дұға  қылайық,  -  деп  Болатбай  арбаға  мені  де 



мінгізді, ӛзі де мінді. (6,278-б). 

3)Ораза  ,  айт.  Айт  намазы  кезінде  мешітке  жұрт  сыймай,  далаға  оқыр  еді.(6,279-б).Әнеугүні 



Құрбан  айты  болғанда,  мешітке  осы  арадағы  жиырма  шақты    үйдің  адамынан  басқа  кісі  келмепті  деп 

естимін...(6,279-б).  «Идірісті  ауыл  адамдарының  және  бір  ұнатпайтыны:  «Молда»  боп  ол  намаз  оқымайды 

екен, ораза ұстамайды екен, дәретпен жүрмейді екен, соның үстіне шылым тартады екен және шаш қояды 

екен»(6,243-б).  

4)Құдайға сыйыну: - Оны құдай біледі де, - Қайырке, - бір жыл емес, он жыл емес, ӛмір бойы сиыр 

бағудың  несі  жақсы  дейсің.(6,290-б).  Жазушы  шығармаларында  діни  наным-сенім,  яғни  құдайды  ауызға 

алып отыру кейіпкерлердің ауызекі сӛйлеу тілінде жиі қолданылады. Мысалы, « Расыңды айтқаныңа тәңір 

жарылқасын,-  деді  ол  маған,  бұл  кеңес  осы  арада  қалсын».  «Алла  сақтасын,  адамның  зәресі  кететін  ғой, 

ӛзіне» (6,282-б). 

С.Мұқанов романдарында қазақы діни дүниетанымдық түсініктер мол қамтылған. Олар шығармада 

ұлттық  ерекшеліктер  тұрғысынан  әр  түрлі  қырынан  (құран  оқу,  шелпек  тарату,  құдайға  сыйыну,  аруаққа 

сыйыну  т.б.)  кӛрініс  тауып  отырады.  Бұл  шығарманың  ұлттық  сипатын,  ұлт  ӛкілдерінің  таным-түсінігін 

шынайы беруге септігін тигізген. 

 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. Москва, 1985, 254 с. 

2. Потебня А. Мысль и язык. М., 1999  

3.Қосым  Г.  Қазақ  шешендік  ӛнерінің  негіздері  және  тілдік  танымы.Фил.ғыл.док.дисс.автореф. 

Алматы,2004,324 б. 

4.Жаманбаева Қ. Тілдік қолданыстың когнитивтік негіздері.- Алматы, Ғылым, 1997.- 140б. 

5.Мұқанов  С.  Он  алты  томдық  шығармалар  жинағы.  –  Алматы:  Жазушы,  1976.  9-том.«Ӛмір 

мектебі» .- 486 б. 



 

158 


 

6.Мұқанов С. Тӛрт бӛлімді роман. – Алматы: Жазушы, 1972. «Мӛлдір махаббат».- 544 б. 

7.Мұқанов  С.  Он  алты  томдық  шығармалар  жинағы.  –  Алматы:  Жазушы,  1972.  2-том.  «Ботагӛз».- 

502 б. 


 

 

ӘОЖ 391.92 



БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ДАСТАН ЖАНРЫ  

 

Мулдашева С.Б., филол.ғ.к., Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық  

университеті, Орал қаласы 

 

Бұл  мақалада  Батыс  Қазақстан  фольклорындағы  дастан  жанры  талданған.  Дастан  жанрының  ерекшеліктері 

туралы айтылған.  

В этой статье проанализированы фольклорные дастаны Западного Казахстана. Представлены развития жанра.  

In this article folk epics of Western Kazakhstan are classified. And the development is given. 

 

Шығыс сюжетіне құрылған түрлі тақырыптағы шығармалардың қазақ даласында мол тарауы дастан 



жанрының дамуына негіз болды. 

Батыс Қазақстан фольклорының жанрлық құрамындағы дастандардың кӛлемі мол. 

Дастандар  ауыз  әдебиетінің  ең  жақсы  кӛркемдік  қасиетін  бойына  жинақтаған  жаңа  сападағы 

поэзиялық туындылар.  

Дастан ұғымының мәні мен жанрлық ерекшеліктері жӛнінде фольклортанушы ғалым Б.Әзібаеваның 

ғылыми зерттеуінде жан-жақты сараланып,  зерттелген  [1, 11].  Жаңа дәуір  дастандарының ерекшелігі олар 

ӛткен  дәуірдегі  зорлық  пен  әділетсіздікті  батыл  әшкерелеуі,  бостандық  сүйгіш  ізгі  адамдардың  ерлігі, 

даналығы ардақталады.  

Патриоттық рухта жырланған жыр дастандарды сӛз еткенде, ең алдымен Нұрпейіс Байғанин  [2, Б. 

78-106]  дастандарын  ерекше атауға болады. Бұрын  «Қобыланды»,  «Құбығұл»,  «Тӛрехан»  сияқты батырлар 

жырын  жырлаған  жыршы  Отан  соғысы  жылдары  ерекше  ӛнер  кӛрсетті,  асқан  шабытпен  жыр  тӛкті. 

Ақынның шығармашылық жолының дамуынан фольклордың да даму жолын кӛруге болады.  

Н.Байғанин  –  эпикалық  желілі  жырдың  шебері.  Батырлық  эпосты  ӛзге  шеберлерден  гӛрі  Атырау 

мен Арал аралығындағы дәстүрлі үрдісті дамытқан жыршы ақындар жігіне жатады.  

Фольклор  заңдылықтарына  мән  берілмегендіктен  Н.Байғаниннің  дастандарындағы  дәстүрлі 

қолданыстар  жӛнінде  қате  қорытындылар  жасалды.  Мысалы:  «Бірінде  ертедегі  мифтік,  аңыз,  әңгіме  түрі 

басым  сезілсе,  екіншісінде  батырлар  жырының  кӛркемдік  сӛз  жүйесінен  аса  алмайды,  ал  үшіншісінде 

Советтік патриотизм мен ұлттық патриотизмді ажырата алмай, кейде идеялық қайшылыққа ұрынады» – деп 

сыңаржақ айыптар тағылды [3, 161]. 

Нұрпейіс  дастандарында  жаңа  заманға  да  лайықты,  жаңа  кӛркемдік  жыр  қалыптасып,  эпикалық 

мотив  пен  лирикалық  мотивтің  ұштаса  бастағандығы  кӛрінеді.  Ақын  дастандарында  қаһарманның  жеке 

басына  тән  жайлардан  гӛрі  Отан,  ел  мақсатына  байланысты  қоғамдық  тарихи  оқиғалар  бейнесі  басым 

жатады.  Бұл  ерекшеліктер  Нұрпейіс  Байғаниннің  қазақ  поэзиясына  енгізген  жаңалықтары.  Нұрпейістің 

басқа  халық  таланттарынан  ерекшелігі  де,  ақындық  стиль  жаңалығы  да  осында.  Ол  фольклорды  заман 

талабына сай жаңғыртып, жандандыра білген. 

Оның басқа ақын-жыршылардан айырықша кӛріне түсетін ерекшелігі – ол әрі асқан шебер жырау-

орындаушы әрі талантты импровизатор ақын. Нұрпейіс халық қазынасын мол білгенімен бәрі бірдей бізге 

жетпеген.  Оның  жырлауындағы  «Ер  Тарғын»,  «Алпамыс»,  «Қыз  Жібек»,  «Айман-Шолпан»  жырлары 

жазылып алынбаған. 

Бұл жайында ақынның ӛзі де: «Суырып салма ақынның ӛлеңі аққан ӛзен сияқты ғой, ӛзеннің ағысы 

үстем бола ма, біздің ӛлеңдеріміз де сол сияқты ағады, кетеді, айтқан кезімізде тез жазып алмаса, ойдан бір 

шыққан ӛлең енді қайта ақынға соқпайды», – деп ақпа ақындық табиғатының ерекшелігін атап кӛрсеткен. 

Яғни, Нұрпейістің ерекшелігі – жұртқа мәлім ескі дәстүрлі тақырыптарды жаңа заманда да тыңнан 

түлете жаңғырта жырлауында ғана емес, ӛзінің де тыңнан толғаған кӛлемді жырлар тудырғандығында. 

Мәселен,  ел  аузында  сақталып  келген  аңыз  негізінде  жасалған  таза  махаббат  пен  берік  достық, 

әділет пен ерлікті жырлаған «Құбығұл» дастаны басқа осы іспеттес туындылардан ерекшеленеді. 

 Жырдағы Құбығұл мен Ақбілек таза махаббат иелері: Құбығұл ғашығы үшін қандай қиындыққа да 

тӛзуге бар, мейірімді де батыр тұлғалы жан. Қыз әкесінің барлық келеңсіз әрекеттеріне ғашығы үшін кӛнеді. 

Ақбілек те ерге лайық ардақты ару, сұлулығы мен ақылы сайма-сай жан. Жырдағы екі ғашықтың тілегінде 

болып,  қосылуына  мүмкіндік  жасау  үшін  еш  қауіп-қатерден  сескенбейтін  қара  күң  образы  Нұрпейіс 

Байғаниннің  ӛзіндік  ерекшелігі  ол  әділеттік,  мейірімділік  махаббат  жӛніндегі  ақын  ұғымымен  астасып 

жатыр.  


Жырда ханға қарсы шығып, әділдік үшін ерлік сӛз сӛйлейтін адам образы тұңғыш сомдалған. 

Жырдағы  жағымсыз  бейнелер  де  кесек  мүсінделген,  мысалы  залым  хан  Әділбай  мен  оның 

батырлары.  


 

159 


 

Қысқасы, Құбығұл дастаны кӛне мен жаңа түсінік қабаттарынан тұратын ерекше бітімді дүние. 

Нұрпейіс  Байғаниннің  ұзақ  жырлаған  «Тӛрехан»  дастаны  әке  тағына,  ата  тағына  таласқан  хан 

балаларының ӛзара күрес-тартысын кӛрсетеді. Ол халық арасында кең тараған. 

Зерттеу еңбектерде «Бұл күрестің халыққа жаттығын суреттейтін «Тӛрехан» дастаны да ескі хандар 

тілеген  тұрмыстың  шіріктігін,  керексіздігін  кӛрсетуге  арналған»  деп  бағаланған.  Алайда  халық  арасында 

дастанның  мол таралуы оның  халық  бастан  кешірген  тарихи дәуірлермен тығыз сабақтастығында. Алайда 

шығармадан саяси мән іздеген кӛзқарастар тұсында бұған мән берілмеген. 

Мысалы:  «Ақсақалдық,  рушылдық  кӛзқарас  Нұрпейіс  шығармаларынан  аз  болса  да  орын  алып 

отырады. Ақын жырлаған эпостық поэмалар «Құбығұл», «Тӛреханда» болсын ӛз шығармалары «Ақкенже», 

«Нарқызда» болсын құдайға, аруаққа жалбарыну, оған сыйыну, ӛз руының ғана батырын мақтаушылық жиі 

кездеседі.  Ақын  Қазақбаймен  айтысында  ерлікті,  батырлықты,  елдікті  жырлап,  Қазақбайды  жеңіп 

кеткенімен,  ӛмірге  патриархалды-феодалдық,  рушылдық  кӛзқарас  тұрғысынан  қарайды.  Ӛз  елінің,  ӛз 

руының  мейірімді  байларын,  әділ  байларын  мақтайды.  Нұрпейіс  шығармаларында  әділетсіз  хан,  қанаушы 

бай  болса,  би-молдалар  басқарған  тұрмыстың  шіріктігін  сынай-әшкерелей  отырып,  ол  тұрмыстан  қалай 

құтылу  керек,  ескі  қоғамды  қандай  күш  арқылы  қиратып,  жаңа  қоғам,  жаңа  бақытты  ӛмірге  қалай  жету 

керек деген сұраққа жауап бере алмайды (яғни, тұсау салып  тарихи талантты тежеген).  «Тӛреханда» ақын 

халық хансыз тұра алмайды, тек хан халыққа жайлы, жағымды болуы керек деген ӛте қате, кертартпа пікірді 

айтқызады – деген пікірлер болған.  

Артымнан ӛскен інім деп, 

Дұшпан болған шіркінді 

Туысқанға балама. 

Ағаға ерік салмаған 

Жаман іні оңа ма? 

Аға тұрып, інісі. 

Таққа ие бола ма? 

деген жолдарда ежелден келе жатқан туысқандық қарым-қатынастың мұрагерлік (майорат, минорат) 

салттағы  орны  туралы  ұғымдар  бар.  Патриархалды  үлкен  от  басындағы  үлкен  бала  мен  кіші  баланың  әке 

тағына, мал-мүлкіне ие болуының қалыптасқан заңдылығы болғанын Е.М.Мелетинский [4, 117] жазса, қазақ 

фольклорының  негізінде  С.А.Қасқабасов  [5,  Б.120-123]  бұл  салттың  ұлттық  ерекшеліктерге  сай 

ӛзгешеліктерін талдаған.  

Қазақ  халқының  салтындағы  кӛне  полигамиялық  –  патриархалды  отбасының  белгілері  кӛп  әйел 

алушылық пен әр анадан туған балалардың арасындағы билік үшін қақтығыс жырға негіз болған.  

Ханның екі әйелінің арасындағы татулық пен ата жолы үшін ұрпақтар арасындағы бірлікті сақтауға 

ұмтылған іс-әрекетіне ақын ерекше кӛңіл бӛледі.  

Дастандағы  әйел  образының  ерекше  үлгісі  –  Егізбай  мен  Сегізбайдың  анасы  Қарашаш  бейнесі. 

Ақын бұл образға халықтық рух тұрғысынан келеді.  «Оған ӛз баласы емес, ел баласы» дәрежесіне жеткен 

Тӛрехан бейнесі аяулы. Соның ісін құптап, мақтан тұтып соның тілеуін тілейді.  

Дастан  бас  кейіпкер  Нарқыздың  портретін  жасаудан  басталады.  Одан  кейін  Мәмбет  деген  хан 

Нарқызды айттырып, кӛш алдында Нарқыз ӛзін танытпай ханның алдын кесіп ӛтуі арқылы оқиға әрі қарай 

ӛрбиді. 

Белгілі  фольклортанушы  Р.Бердібай.  «Нарқызды»  қаһармандық  жыр  емес,  әлеуметтік-тұрмыстық 

дастан  деп  дәлелдейді.  Ғалым  тұжырымынша  «мұндағы  ерлік  пен  намыстылық  сырт  жаудан  қорғануға, 

елдің азаттығын сақтауға жұмсалмайды, жырда қоғамның ӛз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен күрестер 

сӛз болады» [6, 159]. 

Нарқыздың ақылды айлалығы ханды алдап аз күн болса да мұрсат сұрап, уақыт ұтуынан кӛрінеді. 

Нарқыз  ежелгі  батырларша  батырмен  жекпе-жекте  күш  сынасады.  Эпос  заңдылықтарын  жете 

талдаған  В.М.Жирмунский  пікіріндегі:  «Наконец,  постоянство  сюжета  и  мотивов  с  неизбежностью 

приводит  к  более  или  менее  прочным  сюжетным  ситуациям  –  вроде  поединка  или  между  богатырями, 

предшествуюшего  массовому  бою  и  сопровождаемого  традиционными  вопросами  о  роде-племени, 

гиперболической похвальбой и известным ритуалом при котором первый удар предоставляется старшему» 

[7,  113]  дейтініндей  кезекті  жасы  үлкенге  беру  арқылы  Нарқыздың  Ниязбен  жекпе-жегінде  дәстүрлі  салт 

сақталады. 

Нұрпейіс шығармаларында «сауыт бұзар, сүңгіні, кӛк темірге,  садақтан» деген ұлттың ұғымындағы 

теңеу, балама сӛздер мол ұшырайды.  

Мұндай  ұлттық  ұғымдар  кезінде  кемшілік  деп  қаралып,  қателік  саналған.  Мысалы: 

«Челлюскиншілер жорығы кӛк сауыт, дулыға, қалқан, тұрған арқан» арқылы суреттері орынды, әдемі болып 

тұрған жоқ. Ал ақынның кейбір ӛлеңдерінде кездесетін «байрақ», «борыш», «келің, берің» деген сӛздер сол 

облыс  жұртшылығына  ғана  белгілі  сӛздер.»  [72,77]  –  деген  пікірлерден  кӛрініп  тұрғандай,  Н.Байғанин 

шығармашылығында ӛзі ӛмір сүрген ӛлкенің тілдік ерекшеліктері анық кӛрініп тұратын тұстары да айқын 

кӛзге түседі.    

 


 

160 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет