22. Ғылымизерттеудің әдісі, әдістемесі және әдіснамасы туралы түсінігі. Әдіснама-ғылыми таным мен ақиқаттық құрылымдарды жасау әдістері,формалары қағидалары туралы ілім.Ол ғылымның әртүрлі салаларында құрылымы логика ұйымдастыру,әдістері мен қызмет құралдары оның теориясы мен практикасы туралы ілім.Ғылыми зерттеу әдісі- бул обективті шындықты білу тәсілі. Деңгейіне қарай эмпериялық,теориялық және метатеориялық б.бөлінеді.
23. Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер. Клиникалық зерттеулердің кезеңдері. Клиникалық зер.у кезеңдері бұл ғалымдар медициналық емдеу ретінде тиімді деп саналатын процестің жеткілікті дәлелдерін алу үшін денсаулыққа араласумен экперименттер жүргізетін кезең. Үміткерге вакцинаға, медициналық мақсаттағы бұйымға н/е диагностикалық анализге клиникалық зертеулер жургізілмес бұрын,өнімге үміткер клиникаға дейінгі зерттеулерде кеңінен сыналады.
24. Теориялық зерттеу әдістері. Индукция, дедукция. Теориялық зерттеу кезінде формализация әдісі қолданылады, ол нақты нысанның (үдерістің, құбылыстың) бейнесі, қандай да бір шартты тілдің белгісі және осы нысан мен оның қасиеттерін сәйкес белгілерді формалды зерттеу мүмкіндігі арқылы жүзеге асырылады. Формализация кез келген тіпті инженерлік ғылымда, мәселен, медицинада, биологияда, кибернетикада т.б. математикалық абстракциялау мәнінде болады. Математика формализация аппараты ретінде зерттеуді шешетін кез келген міндетті қалыптастыру мүмкіндігін негіздейді, ол ойды жүйелеп, болжамды логикамен толықтырады. Зерттеудің индуктивті әдісі жеке, дербес нысандарды зерттеу нәтижелерін жалпылап, оларды белгілі, бірақ зерттелмеген нысандарға айналдырудан тұрады. Мәселен, бұл әдіспен газды зерттеу нәтижесі бойынша сұйықтықтағы ішкі байланыстың бірқатар заңдылықтары алынған.
Дедуктивті әдіс – жүйелер, үдерістер, құбылыстардың бірқатар элементтері туралы қорытындыда олардың жалпы қасиеттері (заңдылықтар, байланыстар) туралы білім негізінде жасалатын ой қорытындысы.
Индукция мен дедукция формалды логиканың жеке әдістеріне негізделетін танымның өзара қарама-қайшы әдістері.
Абстракциялау – қарастырылып отырған үдерістің (құбылыстың) жалпы, қолданыста бар қасиеттеріне (заңдылықтарына) көңіл бөлу үшін, оның жеке, кейде жоқ қасиеттеріне ойша тоқталу. Абстракциялау, әдетте, екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде қолданыста жоқ байланыстар анықталады, екінші кезеңде зерттеу нысаны басты қасиеті сақталған қарапайым нысанмен ауыстырылады. Анықталған қасиеттерге, заңдылықтарға ойша сүйене отырып, зерттеуші жаңа ғылыми түсінік, заңдылық, ғылыми ереже қалыптастырады, олар сәйкес ғылым саласының білімдері жүйесі шоғырландырылатын ғылыми абстракциядан тұрады. Ғылыми абстракция бір қарағанда жүйесіз нысанда (үдерісте, құбылыста) күрделіден нақты (объективті) жүйе мен заңды байланысты анықтау мүмкіндігінен тұрады.