«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет31/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97
Мейірбикелік сырқатнама
Науқастың аты-жөні:__________________________
Бөлімше: ____________________________________
Палата: _______________________________




Тексеру:
Сұрау, қарау, бағалау, қорытындылау.



















1

Тексерген кездегі шағымдары: ауру сезімі (орналасу орны, сипаты, ұзақтығы, науқастың ауру сезіміне берген реакциясы)



















2

Есі



















3

Бет әлпеті



















4

Эмоциональді статус (көңіл-күй, көңіліне тез алу, тез ренжу және т.б. жеке тұлғаның қасиеттері)



















5

Ұйқы
-күндіз ұйықтауға бейім
-ұйқының бұзылуы



















6

Тері мен кілегей қабаттың жағдайы
-ісінудің болуы (орналасу орнын көрсету)



















7

Дене қызуы
-таңертең
-кешке



















8

Тыныс: өзіндік, дауыстың өзгеруі, тыныс алу жиілігі, тыныс сипаты, ентігу сипаты, қақырық сипаты, жөтел сипаты, қан қақыру



















9

Тамыр соғуы, оның 1 минуттағы сипаты, ырғағы, толымдылығы, қатаңдығы



















10

Екі қолдағы АҚҚ
-Сол
-Оң



















11

Сезім мүшелері:
-есту;
-көру;
-иіс сезу;
-сипап сезу;
-дәм сезу;
-сөйлесу.






















12

Ауыз қуысын қарау:
-протез бар жоғын



















13

Тағам қабылдау:
- № емдәмдік мәзір,
- тәбет: (сақталған, жоғарылаған, төмендеген);
- сұйықтық ішу: шектелген, көп мөлшерде, өзгеріссіз.
- өзі ішеді,
- ішкізетін құрал арқылы ішеді,
- жұтынуы (еркін, қиындаған, өтпейді),
- басқа да мәліметтер.



















14

Нәжістің сипаты



















15

Несептің сипаты, зәр шығару



















16

Қимыл белсенділігі:
- қолдың треморы
- қимылының бұзылуы
- парездер, параличтер



















17

Зәр шығару:
- өз еркімен
- зәр ұстамау
- зәр қабылдағыш
- катетер



















18

Нәжзіс:
- өз еркімен
- нәжіс ұстамау
- клизма көмегімен
- дәрет ыдысы
- нәжіс қабылдағыш
- колостома не басқа стома арқылы



















19

Қимыл қабілеті:
- өз еркімен жүру
- төсекте
- басқа адамның көмегімен қимылдайды
- қосымша зат қолданылады (сүйеніш, коляска, арба)
- палата ішінде жүреді
- дәретханаға дейін бара алады
- сыртқа шығуға болады



















20

Қарым-қатынас:
- есі (есінде, бұзылған)
- қарым-қатынасты күтеді (кімнің келуін күтеді).






















21

Науқастың жүйкелік-психикалық жағдайы:
- бақылаған жағдайды сипаттау:
(өзін-өзі ұстау, қалпы, сөйлесуі, реакциясы, көңіл-күйі, эмоционалді жағдайы, орналасқан орнын, уақытты, айналадағыларды және өзін-өзі тану)



















22

Қажеттіктердің бұзылуы:
- тыныс алу
- тамақтану
- су ішу
- шығару
- ұйықтау, демалу
- таза болу
- киіну
- шешіну
- дені сау болу
- қозғалу
- қауіптерге жоламау
- қарым-қатынас жасау
- дене температурасын сақтау
- тұрмыстық және рухани байлықтарының болуы



















23

Күтім кезіндегі науқастың тәуелсіздік дәрежесі
Өзін-өзі күту (тәуелсіздік дәрежесі)
- өзін-өзі күту__________
- жартылай тәуелді______
- біреудің көмегімен_____
- толығымен тәуелді



















Мейірбикелік диагноз-бұл мейірбикенің араласуын қажет ететін және мейірбикенің тексеру нәтижесінде қойылатын науқастың денсаулығының жағдайы. Мейірбикелік диагноз дәрігерлік диагноздан айырмашылығы:



  • дәрігерлік диагноз ауруды анықтайды, ал мейірбикелік-ағзаның өзінің жағдайына берген реакциясын анықтауға мақсатталады;

  • дәрігерлік диагноз аурудың ағымында өзгермеуі де мүмкін. Мейірбикелік диагноз әр күн сайын өзгеруі мүмкін немесе ағзаның реакциясының өзгеруіне байланысты күніне бірнеше рет өзгеруі мүмкін;

  • дәрігерлік диагноз дәрігерлік тәжірибе деңгейіндегі емді тағайындайды, ал мейірбикелік-мейірбикелік араласу оның компетенциясымен тәжірибесіне байланысты;

  • дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістердің тууына байланысты болады. Мейірбикелік-көбіне науқастың жағдайына байланысты болады.

Науқастың функционалдық жағдайын бағалау
Термометрия

Адамның дене қызуы кез келген жағдайда салыстырмалы тұрақты болып келеді. Оны бірқалыпты ұстау күрделі жылу реттеу үрдістерімен қамтамасыз етіледі-құрамына перифериялық (тері, қан тамырлары) және орталық (гипоталамус) терморецепторлар, бас миында орналасқан жылу реттегіш арнайы орталықтар және жылу бөлу әрі беру деңгейін реттейтін эфферентті жолдар кіреді. Дені сау адамның қолтық астындағы қызуы 36,4-36,8 С аралығында тербеледі. Ең жоғарғы летальды қызу (яғни адам өміріне сай келмейтін теипература, бұл кезде адам өледі) 43 С-қа тең, мұндай қызуда организмде зат алмасуының қайтарылмайтын өзгерістері басталады, клеткаларда ауыр құрылымдық зақымданулар болады.


Летальды ең төменгі қызу-15-23 С.
Әртүрлі жағдайларға байланысты дене қызуының физиологиялық тербелуі мүмкін. Мысалы, тік ішекте, қынапта, шап қыртысында, ауыз қуысында өлшенген қалыпты қызу қолтық астындағы қызуға қарағанда 0,4 С жоғары. Балаларда зат алмасу неғұрлым қарқынды өтеді, ал жылу реттеу механизмдері жетілмеген, сондықтан оларда үлкендерге қарағанда дене қызуы неғұрлым жоғары. Әйелдерде дене қызуы етеккірдің фазаларымен анықталады: овуляция (жетілген фолликулдың жарылып, жұмыртқа клеткасының шығуы) кезінде ол 0,6-0,8 С-қа көтеріледі. Барлық адамдарда дерлік дене қызуының тәуліктік тербелуін анықтауға болады, бұл әдетте 0,1-0,6 С құрайды. Ең жоғарғы дене қызуы әдетте түстен кейін (17-21 сағаттарының аралығында), ал ең төмен қызу-таңсәріде (сағат 3-пен 6 аралығында). Жазда адамның дене қызуы қыстағыға қарағанда 0,1-0,5 С жоғары. Дене қызуының көтерілуі тамақ ішкеннен кейін, қарқынды жұмыс, эмоциональдық күштену (мысалы, студенттерде актерлерде, спортшыларда) кезінде байқалады.
Адамның дене қызуын өлшеу термометрия деп аталады, ол медициналық сынап термометрмен жүргізіледі. Термометр капилляры бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42 С дейін бөлімдер жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Медициналық термометрдің шкаласы дене температурасын 34-тен 42 С дейін өлшеуге арналған, бір бөлігі 0,1 С.
Дене қызуын көбінесе қолтық астында (алдау күдіктелінсе-екі жақтан да), ал шап қыртысында (балаларда), ауыз қуысында (термометр резерауанын тілдің астына қояды), тік ішекте (вазелинмен майланған термометрдің резервуарын сол қырында жатқан науқастың тік ішегіне 2-3см терендікке кіргізеді) сиректеу өлшейді. Дене қызуын өлшегенде мейірбикенің болуы міндетті. Дене қызуы қолтық астында қалыпты жағдайда 36-37С, және ол шырышты қабаттардағы қызуға қарағанда 0,5-0,8С төмен екендігін есте сақтаған жөн.
Қызуды өлшеу былай жүргізіледі: құрғақ 35С-ден төмен көрсеткішпен термомтрді алдын-ала құрғатып сүртілген қолтық астына терімен толық жанасатындай етіп орнатады (науқастың иығын кеуде клеткасына қысу), 7-10 минуттан кейін термометрдің көрсеткішін анықтап, оны температуралық бетке жазады. Содан кейін термометрді сілкіп, 4/5 бөлігіне дейін немесе толығымен хлораминнің 1% зарарсыздандыру ерітіндісіне (немесе басқа дезинфекция ерітіндіге) 15 минутқа салып қояды, содан соң ағынды сумен шайып, құрғақ күйінде түбінде мақтасы бар ыдысқа сақтайды.
Қазіргі кезде қызуды өлшеудің басқа да жолдары бар екендігін айтқан жөн. Мысалы, электронды термометрлер, тез анықтау үшін – экспресс әдіс, маңдай терісіне қызу көтерілгенде бояуын өзгертетін термолабильді затпен қапталған қағаз қиындысы.
Дене қызуының тәуліктік тербелулерін сызып көрсету үшін температуралық беттер толтырады. Температуралық парақтарды әр науқасқа толтырып, күніне екі рет термометрия нәтиделерін жазып отырады. Абсцесс осі бойымен ауру күндері, ординат осінде температуралық тор орналасады, оның бөліктері 0,2С-қа тең. Бетке күнделікті екі реттік термометрия нәтижелерін нүктемен белгілейді, оларды біріктіреді де температуралық қисық сызық сызылады.
Қызба – бұл дене қызуының көтерілуі, әртүрлі патогенді тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болған организмнің белсенді қорғану-бейімделу реакциясы. Көбінесе бұл пирогендер – белоктық заттар – патогенді бактериялар мен вирустар, олардың токсиндері, сондай-ақ ыдырау өнімдері. Қызба реакциясы механикалық, химиялық және физикалық зақымданулардың себебінен болған жұқпалы емес (асептикалық) қабынуларда да болуы мүмкін. Қан айналуының бұзылуы нәтижесінде, мысалы, миокард инфарктінде, дамыған тіндер некрозы да қызбамен өтеді. Қызба қатерлі ісіктерде, зат алмасуының артуымен өтетін кейбір эндокринді ауруларда (тиреоксикоз), аллергиялық реакцияларда, орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуында (термоневроз) және т.б. байқалады.
Қызбаны қажетті алмасу үрдістерін демейтін және организмге түскен бактерия, вирустармен күресті көп жағдайда жеңілдететін организмнің бейімделуші реакциясы деп қараған жөн. Пиротерация (қызуды жасанды көтеру) кейбір аурулар кезінде (сылбыр өтетін инфекцияларда) қолданылады. Дегенмен, жоғарғы қызба ауру ағымы мен нәтижесінде (егде немесе өте жас адамдарда, қосымша аурулар болғанда және т.б.) көбінесе жағымсыз әсер етуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет