«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Көк тамырлық инъекция мен көк тамырға тамшылатып дәрілерді құю тәсілі



бет49/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97
Көк тамырлық инъекция мен көк тамырға тамшылатып дәрілерді құю тәсілі

Көк тамырлық инъекциялар көбінесе венепункция (инені көк тамырға тері арқылы енгізу), кейде венесекция (көк тамырды кесу) арқылы жүргізіледі. Көк тамырлық инъекциялар тері астылық және бұлшық еттік инъекцияларға қарағанда өте жауапты шара. Оны әдетте дәрігер немесе арнайы оқытылған мейірбике орындайды, өйткені көк тамырға енгізгеннен кейін дәрілердің қандағы мөлшері, дәрілерді енгізудің басқа түрлеріне қарағанда, анағұрлым тез өседі. Көк тамырлық инъекция жүргізгендегі қателіктердің салдары науқас үшін өте қатерлі болуы мүмкін.


Көк тамырлық инъекциялар көбінесе шынтақ бүгісі көк тамырына, білек пен саусақтың беткей көк тамырларына, кейде аяқ көк тамырларына жасалынады. Венепункция жасағанда науқастың қолы мейлінше жазылған күйде болуы үшін оның қолының астына шағын клеенкалы жастықша қойылады. Тек көк тамыр қысылатындай, ал артериядағы қан айналымы сақталатындай күшпен пункция жасалатын жерден жоғары бұрау салынады Көк тамырдың ьолуын арттыру үшін науқасқа саусақтарын бірнеше рет ашып жұмуын өтінеді. Инъекция жасайтын жерді спиртпен мұқият өңдейді. Сол қолдың саусағымен шынтақ бүгісінің терісін біраз тартқан жөн, бұл көк тамырды бекітуге мүмкіндік беріп, оның қозғалғыштығын шектейді. Венепункцияны әдетте екі сатымен орындайды: алдынмен теріні, содан кейін көк тамырды теседі. Көк тамыр жақсы дамыған болса, онда тері мен көк тамырды бірге тесуге болады. Иненің көк тамырға дұрыс түскені инеден қан тамшыларының көрінуімен анықталады. Егер ине шприцпен қосылып тұрса, онда иненің көк тамырға дұрыс түскенін бақылау үшін итергішті өзіне қарай біраз тартқан жөн: шприцте қанның пайда болуы иненің дұрыс тұрғанын дәлелдейді. Содан кейін алдында салынған бұрауды шешеді де дәріні көк тамырға ақырындап енгізеді.
Инені алып, орнын спиртпен тағы бір рет өңдегеннен кейін сол жерді залалсызданған мақтамен бастырады немесе 1-2 минутқа таңып тастайды.
І. Көк тамырлық инъекция жасаудың реті.
Жабдықталуы: шприцке арналған залалсыздандырылған шағын леген, инесінің ұзындығы 10см бір реттік шприц, ішінде 70% спирті бар тығынмен жабылған ыдыс, залалсыздандырылған домалақ мақталар, ұсталынған материалдарды салуға арналған шағын леген, залалсыздандырылған қолғаптар, тонометр, фонендоскоп, шокқа қарсы заттар.

  1. Инъекцияның қашан және қайда жасалатыны туралы науқасқа айту.

  2. Препаратқа жеке сезімталдығын анықтау.

  3. Қолды ағынды жылы сумен сабындап мұқият жуу.

  4. Маска кию.

  5. Қолды спиртпен өңдеу.

  6. Дәрілік заты бар шприцті дайындау.

  7. Қолғапты кию.

  8. Науқасты отырғызу немесе шалғасынан жатқызу.

  9. Науқастың қолын шынтақ буынында толығымен жазу.

  10. Шынтақ бүгісінің астына клеенкалы жастық немесе орамал төсеу.

  11. Шынтақ бүгісінен 10см жоғары жерге матаның үстінен (жалаңаш денеге емес) жеткілікті жгут салу.

  12. Кәрі жілік артериясындағы пульс жақсы анықталатынына көз жеткізу.

  13. Көк тамырдың толуын жақсарту үшін науқасқа бірнеше рет жұдырығын жұмып ашуын сұрау.

  14. Шынтақ бүгісінің терісін 70% спиртке батырылған залалсыздандырылған мақтамен өңдеу, 2-3 рет бір бағытта жоғарыдан төмен қарай (инъекция аймағы – 4х8см; алдымен кеңірек, содан кейін тура ине салатын жерді).

  15. Тесу үшін неғұрлым ьолған және қолайлылау көк тамырды таңдау.

  16. Сол қолдың саусақтарынын ұшымен сол тамырдың үстіндегі теріні білекке қарай біраз тартып, көк тамырды бекіту.

  17. Салуға арнап дайындалған инені немесе шприцті оң қолға алу.

  18. Көк тамырдың үстіндегі ретіні және көк тамырдың қабырғасын бірден тесу немесе тесуді екі кезеңмен жүргізу-алдымен теріні, содан кейін көк тамырдың қабырғасына жақындатып, оны тесу.

  19. Ине көк тамырда екендігіне көз жеткізу, бұл үшін шприцтің поршенін өзіне қарай сәл тарту – сонда шприцке қан түсуі керек.

  20. Мейірбике науқасқа жұдырығын ашуды өтінеді де жгутты шешеді.

  21. Дәріні жайлап енгізу. Дәріні соңына дейін енгізбей, ауа көпіршіктерін шприцте қалдыру керек.

  22. Тескен жерге спиртке батырылған домалақ мақтаны сол қолмен басу.

  23. Оң қолмен инені көк тамырдан шығару.

  24. Науқастың қолын қан ағуы тоқтағанша бірнеше минутқа шынтақ буынында бүгу.

Көк тамырға құю әртүрлі ерітінділерді көп мөлшерде (3-5 л және одан да көп) енгізу үшін қолданылады; ол инфузиялық емнің негізгі әдісі болып табылады. Көк тамырлық құю айналымдағы қан көлемін толтыру, су-электролиттік балансы және ағзаның қышқыл-негіздік жағдайын қалыптастыру, ауыр аурулар, уланулар кезіндегі интоксикацияны жою қажет болғанда қолданылады. Егер дәрілік затты тез енгізу қажет болса (шок, коллапс, ауыр қан кету), онда көк тамырға ағынмен құю қолданылады. Егер дәрілік зат қан тамырына ақырын енуі қажет болса, онда тамшылатып енгізу қолданылады. Ерітіндінің көп мөлшерін ұзақ (бірнеше тәулік бойы) енгізу қажеттілігі туғанда көк тамырды катетрлеу (көбінесе бұғана асты) немесе венесекция қолданылады.
Көк тамырлық құюлар тамшылатып енгізуге арналған арнайы жүйелердің көмегімен жүргізіледі. Асептика мен антисептика ережелерін сақтау мақсатында бір рет қолданылатын жүйелерді пайдаланған жөн. Автоклавта залалсыздауды қажет ететін көп реттік жүйелері қолдану қолайсыздау.
Әрбір жүйе жиналған түрде құюға арналған дәрісі бар флаконнан, ауа фильтрі бар қысқа түтікшеден және флаконға ауа кіретін инеден, фильтрі және екі түтікшесі бар тамшылатқыштан, қысқыштан, тескіш инеден, тамшылатқыштың түтікшесін тескіш инемен қосатын өтпелі резеңке түтікшеден тұрады.
Флаконның металл қалпақшасын спиртпен сүрткеннен кейін алып тастайды да оған тамшылатқыштың қысқа инесін (ол арқылы сұйықтық флаконнан шығады) және ауа өткізгіш түтікшенің ұзын инесін (ол арқылы флаконға ауа кіреді) кіргізеді. Тамшылатқышқа дейінгі түтікті қысқышпен қысады, флаконды төңкереді де төсек деңгейінен 1-1,5м биіктікте арнайы қойғышқа іліп кояды. Бұл кезде ұзын иненің ұшы флаконның ішіндегі сұйықтық деңгейінен жоғары болуын қадағалау керек. Тамшылатқышта ерітінді былай толтырылады: тескіш инеге баратын түтікшені тамшылатқыш (аударылған күйінде) флаконмен бір деңгейде болатындай етіп көтеру керек. Тамшылатқышқа ерітінді былай толтырылады: тескіш инеге баратын түтікшені тамшылатқыш (аударылған күйінде) флаконмен бір деңгейде болатындай етіп көтеру керек. Барлық ауа жүйеден ығыстырылғаннан кейін түтікті тескіш инеге жақын жерінен қысқышпен қысылады. Көк тамырды тескеннен кейін жүйені тескіш инеге жалғайды да қысқыштың көмегімен сұйықтықтың қажетті ену жылдамдығын белгілейді (минутына 50-60 тамшы). Сұйықтықтың флаконнан тамшылатқышқа өтуі басылғаннан кейін құю тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет