«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


ІІ. Көк тамырға ерітінді құюды жүргізудің реті



бет50/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

ІІ. Көк тамырға ерітінді құюды жүргізудің реті
Жабдықталуы: шприцке арналған залалсыздандырылған шағын леген, инесінің ұзындығы 10см бір реттің шприц, ішінде 70% спирті бар тыңынмен жабылған ыдыс, залалсыздандырылған домалақ мақталар, ұсталынған материалдарды салуға арналған шағын леген, залалсыздандырылған қолғаптар, тонометр, фонендоскоп, шокқа қарсы заттар.

  1. Қолды ағынды жылы сумен сабындап мұқият жуу.

  2. Қолды 70% спиртпен өңдеу.

  3. Флаконның металл дискасын спиртпен өңдеу, залалсыздандырылған пинцетпен металл қақпағын алу.

  4. Резеңке тығыны спиртпен, йодпен, содан кейін тағы да спиртпен өңдеу.

  5. Жүйенің қысқа инесімен тығынды тесу және де басқа – ұзын инені – кіргізу – «ауалық» («ауалық» иненің ұзындығы флаконның биіктігінен аз болмауы керек).

  6. Флаконды төңкеру.

  7. Көк тамырға тамшылатып құюға арналған штативке флаконды бекіту.

  8. Қысқа ине арқылы сұйықтық жүйеге барып жатқанына көз жеткізу.

  9. Ұзын иненің ұшы флаконның түбіндегі сұйықтық деңгейінен жоғары тұруын және ол арқылы флаконға ауа барып жатуын қадағалау.

  10. Жүйені түгелімен ерітіндіге толтыру, ол үшін жүйенің ұзын түтігінде орналасқан қысқышты ашып, сұйықтық түтіктің шетіндегі канюля мен науқастың көк тамырына енгізуге арналған инеге дейін жеткенше тосу, содан кейін қысқышты жабу.

  11. Қалып қойған ауа көпіршіктерін жүйеден ығыстыру, ол үшін инеге арналған канюлясы бар түтіктің шетін ұстап тұрып, оны төңкерілген флаконнан доғары көтеру, көпіршіктер қабырғадан бөлініп, түтіктің сыртқы тесігінен шыққанша түтіктің қабырғасын аздап қағу.

  12. Инені көк тамырға енгізу.

  13. Қысқышты алу немесе ашу, бірнеше минут бойы көк тамырдың айналысының ісінбеуін, ауырсынбауын қадағалау. Тамшылатып құюдың жылдамдығын реттеу (дәрігердің тағайындауымен).

  14. Инені теріге лейкопластырьмен абайлап бекіту.

  15. Инені залалсыз сүлгімен жебу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет