«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет57/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Люмбальды пункция
Көрсеткіштері: жұлын сұйықтығының диагностикасы, мидың ісінуі және мертігуі кезіндегі бас сүйек ішіндегі қысымды азайту мақсатында, дәрілік заттарды енгізу үшін, пневмоэнцефалографияда, анестезияда.
Жабдығы: залалсыз лоток, мандрені бар тесетін ине, залалсыз пробирка, пинцеттер, инъекциялық инесі бар шприц, 0,5% новокаин ерітіндісі, 70 % этил спирті, залалсыз таңу заттары, Клод манометрі, резеңке қолғаптар, лейкопластырь.
Жүргізу реті: науқасты басын кеудесіне қарай, аяқтарын бүгіп ішіне қарай жақындатып, бір қырымен жатқызу.

  • Резеңке қолғап кию

  • Спиртке батырылған залалсыз дәкелік сүлгіні пинцетке қысып алып, 5-6 бел өмыртқалары аймағында теріні екі рет өңдеу

  • Жұмсақ тіндерді 0,5% новокаин ерітіндісімен жансыздандыру

  • Мандрені бар тесетін инені дайындау

  • Пункцияны дәрігер жасайды

  • Ағып жатқан жұлын сұйықтығын пробиркаға жинау

  • Ликвор қысымын анықтау үшін дәрігерге Клод манометрін беру

  • Тесетін инені алғаннан кейін тескен жерді йодонат ерітіндісімен өңдеп, залалсыз сүлгіні лейкопласырьмен бекіту

  • Науқасқа екі сағатқа жастықсыз шалқасынан жататын қатаң төсектік, екі күнге – төсектік тәрітіп ұсыну

  • Өңделген құралды дезерітіндісі бар ыдысқа салу

  • Резеңке қолғапты шешіп, дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

Қарапайым физиотерапия емдер

Әртүрлі физикалық факторлардың (жылу, суық, механикалық әсердің) көмегімен теріге әсер ету тітіркендірілген теріден тереңірек орналасқан ағзалар мен тіндерде белгілі бір функционалдық өзгерістер туғызады – қан тамыры тонусының, секреторлық және моторлық белсенділіктің, клеткалар метаболизмінің өзгеруін. Сондай-ақ, ұйқының, тәбеттің, көңіл-күйдің жақсаруы сияқты жалпы реакциялар да жиі болады. Организмнің ағзалары мен жүйелерінің функционалдық жағдайын өзгерту мақсатында теріге осылай әсер етулер сегментарлы-рефлекторлы терапия деп аталады. Оның қарапайым әдістеріне компресстер, басқылар, оңқалар, қыша қағаздар қолдану, сумен емдеудің әртүрлі тәсілдері және т.б. жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет