«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Антибиотиктердің мөлшерін есептеу және антибиотиктерді еріту (1млн бірліктегі пенициллин)



бет47/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Антибиотиктердің мөлшерін есептеу және антибиотиктерді еріту (1млн бірліктегі пенициллин)

100 000 бірлікке 1 мл еріткіш (инъекцияға арналған су, новокаин 0,25%-0,5). 1млн пенициллинге 10мл еріткіш керек – бұл ерітудің 1:1 қатынасы, ал 2:1 қатынасында еріткенде 1млн пенициллинге 5мл еріткіш қажет.


Инсулинді мөлшерлеу және енгізу:
Мақсаты: Қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін инсулиннің нақты мөлшерін енгізу.
Жабдылығы: Инсулин ерітіндісі бар флакон, 1мл-де 40ЕД (80ЕД немесе 100ЕД); залалсыздандырылған лоток, пинцет, домалақтанған мақталар, бір рет қолданылатын инсулин шприцтері, спирт 70% .
Іс шараға дайындау:

  1. Инсулинді қабылдауға қарсы көрсеткіші жоқ екеніне көз жеткізу.

  2. Тері астына енгізетін инсулиннің жарамдылығына көз жеткізу.

  3. Флакондағы инсулинді 36-37С жылы суға жылытып, қақпағын ашу қажет.

  4. Флаконның резеңке қақпағын спиртпен 2 рет сүрту қажет.

  5. Науқасқа ыңғ,айлы жағдай жасау.

  6. Шприцке инсулиннің қажетті мөлшерін және қосымша 1-2 мл лапы, қалпағын жауып, лотокқа қоямыз.

Іс - шараны орындау.

  1. Инъекция жасайтын жерді спиртке батырылған екі домалақтанған мақтамен алдымен үлкен аймақты сонан соң инъекция жасайтын аймақты сүрту қажет.

  2. Шприцті ашып, ауасын шығарамыз.

  3. Сол қолдың 1,2-саусағымен теріні жиырып ұстау.

  4. Тері асты шел қабатының ортасына иненің қиығын жоғары қаратып, 30-45С бұрышпен тез енгізу.

  5. Сол қолды босатып, қыртысты жіберу.

  6. Инсулинді ақырын сол қолмен енгізу.

  7. Инъекция жасалған жерге құрғақ залалсыз мақтаны қойып, инені тез суырып аламыз.



Дәрі-дәрмектерді тері ішіне, тері астына, және бұлшық етке шприцпен жіберу тәсілі


Тері ішілік инъекция
Бұл ең «беткей» инъекция, ине аздаған тереңдікке қіргізіледі. Мысалы: Манту реакциясы, жергілікті ауырсыздандыру, аллергиялық сынақтар. Иненің ұзындығы 15мм, кесілген жері – 0,4мм. Инъекция жасайтын жер-білектің алдынғы жағы.

  1. Инъекция жасайтын жерді спиртпен өңдеңіз, бір бағытта жағу керек.

  2. Инъекция жасайтын жерді тартыңыз.

  3. Тері кепкен кезде оған иненің кесілген жерін жоғары қаратып теріге параллельді дерлік ұстаған бетте ұшын 0,5см тереңдікке кіргізіңіз.

  4. Сол қолыңызды поршеньге ауыстырып, поршеньге басынқыраңыз да 1-2 тамшы еңгізіңіз, сонда теріде лимон қабығы сияқты ақшыл дөңбешік пайда болады, біртіндеп инені жылжытып отырып, ерітіндіні бірнеше тамшыдан басып, тері астына барлық қажетті мөлшерді енгізеді.

  5. Спиртке матырылған залалсызданған мақтамен инъекцияның орнын басып, инені шығарыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет