Тері астылық инъекция
Біраз тереңірек, оны 15мм тереңдікке жасайды. Тері астылық инъекция жасағанда ірі тамырлар мен жүйке жолдары жақын жерлерге жоламау керек. Инъекция жасауға неғұрлым ыңғайлы жерлер: сан мен иықтың сыртқы жағы, жауырын асты аймағы, іштің алдыңғы қабырғасы. Иненің ұзындығы20мм, кесілген жері – 0,4мм.
Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке матырылған екі домалақ мақтамен екі рет өндңіз, алдымен үлкен аймақты, содан кейін инъекция жасайтын жерді.
Сол қолмен теріні түбі төмен қараған үшбұрышты қыртысқа жинайды.
Оң қолдың екінші саусағымен инені, бесінші саусақпен – поршеньді, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды.
Инені тез жылдамдықпен сол қолдың 1 және 2 саусақтарының арасынан үшбұрыштың табанына 45С бұрышпен кесілген жерін жоғары қаратып 1-2 см тереңдікке (иненің ұзындығының 2/3) кіргізеді. Сұқ саусақпен иненің канюлясын ұстап тұрады.
Сол қолды поршенбге ауыстырыңыз да дәрілік затты ақырындщап енгізіңіз. Шприцті бір қолдан бір қолға ауыстырмауға тырысыңыз.
Инені канюлясынан ұстап тұрып, шығарып алыңыз. Спиртке матырылған залалсызданған мақта -мен инъекцияның орнын басыңыз.
Мақтаны теріден алмай инъекцияның орнын сәл уқалаңыз.
Бұлшық еттік инъекция
Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадраты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болды. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшақ нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадратына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды.
Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадраттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді.
Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды, поршеннің сабы бос. Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды.
Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз.
Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман 1 см қалтырып, 7-8 см тереңдіккекіргізеді.
Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз.
Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз.
Спиртке матырылған домалақ мақтаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз.
Санның бұлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |