Медициналық сүліктер. Сүлік тек қанды сорып қана қоймай, гирудин бөледі, ол қанның ұюын молайтып, емдік әсерін күшейтеді. Гирудиннен басқа сүлік гистамин тәрізді зат бөледі, ол капилярлардың кеңеюіне, қан ағудың күшеюіне және кей кезде жағымсыз қышынудың пайда болуына себепкер болады.
Медициналық сүліктер гипертониялық ауруда (құлақтың артына, емізік тәрізді өсінді аймағына қояды), бауырдағы веналық тоқырауда (оң жақ қабырға асты аймағына қояды), жүректің ишемиялық ауруында (кеуде клеткасының сол жақ жартысына қояды), вена тромбоздары мен тормбофлебитте (зақымданған венаның бойымен шахматық ретте қояды) және реморрой кезінде (құйымшақтың айналасына) қолданылады.
Оларды анемияларда, қан ұю төмендегенде, терінің өте сезімталдығына қолдануға болмайды.
Сүліктерді қояр алдында теріні спиртпен сүртеді және жылы сумен жуады. Иісі бар заттармен (йод, эфир) сүрпеген жөн, өйткені сүліктер сормай қояды. Сүліктің дұрыстап соруы үшін теріні тәтті сумен сулайды. Неғұрлым аш сүліктерді таңдаған дұрыс (жіңішке, оған тегенде белсенді тартылады). Әдетте белгілі бір аймаққа бірден 4-тен 12-ге дейін сүлік қойылады. Сүлікті қан тамырлары теріге жақын орналасқан және тері асты шел қабаты өте бос жерлерге (мысалы, ұманың терісі) салуға болмайды.
Сүлікті қолданар алдында пинцетпен ұстеп бас жағын сыртқа қаратып пробиркаға орналастырады, содан кейін теріге тығыз жинастырады. Пробирка болмаса сүлікті саусақпен немесе пинцетпен ұстап, теріге жақындатады да сүлік жабысқанша күтіп тұрады. Әрбір сүлік жарты сағатта 10-15 мл қан сорады, содан соң түсіп қалады. Сүлікті жұлып алуға болмайды, өйткені бұл қан кетуді күшейтуі мүмкін. Егер сүлікке спиртке, тұзду суға немесе йодқа матырылған мақтаны жақындатса, ол өздігінен оңай түсіп қалады. Сүлікті алғаннан кейін орнына стерильді таңу жасалады (қажет болса-тартып байланады), ол бір тәуліктен кейін ауыстырылады.
Сумен емдеу (балнеотерапия) – суды емдеу және алдын-алу мақсаттарында пайдалану. Бұл кезде пайда болатын организмнің жауап реакциясы судың температурасына көп байланысты. Сумен емдеуде суық (20С) салқын (20-30С), индифферентті (34-36С), жылы (37-39С) және ыстық (40С) суды қолдануға болады. Сумен емдеу шаралары орталық жүйке жүйесінде айқын әсер етеді. Мысалы, индифферентті температурадағы су седативті әсер етеді, босаңсу, ұйқышылдық байқалады. Керісінше суық немесе ыстық судың айқын қоздыру әсері бар. Сумен емдеу кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінің функционалдық жағдайы өзгереді. Суық су тері тамырларының тартылуына, жүректің жиырылу жиілігінің баяулауына, қан қысымының көтерілуіне, ыстық су тері тамырларының кеңеюіне, жүрек жиырылуының жиілеуіне, қан қысымының төмендеуіне әкеледі.
Төменгі температурадағы суды қолданғанда дене қанқасы бұлшық еттерінің, сондай-ақ ағзалар бұлшық еттерінің тонусы артады. Ыстық су, керісінше, бұлшық ет тонусының төмендеуіне, асқазан мен ішектің тегіс бұлшық еттерінің босаңсуына әкеледі. Ыстық су да, суық су да организмдерді зат алмасуды демейді. Температуралық фактордан басқа бальнеотерапияның емдік әсеріне механикалық фактордың да (судың қысымы, оның бағыты) маңызы зор.
Сумен емдеу әсіресе жоғары шаршағыштықпен, қозғыштықпен, кейігіштікпен, ұйқы бұзылуымен өтетін жүрек-қан тамыр және жүйке жүйелерінің функционалдық ауруларында (невроздар, вегетотамырлық дистония, гипертониялық аурудың алғашқы сатылары), сондай-ақ зат алмасудың әртүрлі бұзылуларында көрсетілген. Қарсы көрсеткіштері: ауыр атеросклероз, гипертониялық ауру, қан айналу жетіспеушілігі, ми және жүрек қан айналымының бұзылулары, белсенді туберкулез, және кейбір басқадай аурулар.
Сумен емдеу көбінесе курспен 15-20 процедурадан жеке дара тағайындалады. Емнің басында ұзақтығы әдетте онша емес, содан кейін бақылаумен ол біртіндеп ұзартылады.
Сумен емдеудің әртүрлі тәсілдері бар: құйыну және сүртіну, көбінесе шынығу мақсатында қолданылады; қымтау (науқасты дымқыл жаймаға орау), душтың көптеген түрлері (айналмалы, шықпалы, жоғары немесе төмен қысыммен және т.б.), ішекті шаю.
Гигиеналық және емдік мақсатта ванналар жиі қолданылады. Олар жалпы, науқастың денесі суға толық батырылған, немесе жергілікті (қол, аяқ батырылған, отыру) болуы мүмкін. Қолданылатын судың құрамына қарай ванна әртүрлі болады: інжу (қысыммен су арқылы ауа көпіршіктерін жіберу), көбікті (көбік жасайтын заттарды қосумен), дірілдету және құйындату (судың механикалық факторын күшейтумен), хош иісті (қылқан жапырақты, шалфейді және т.б.), минералды (күкіртті сутек) және т.б.
Суық және салқын ванналар көбінесе жалпы күшейту мақсатында, орталық жүйке жүйесінің қызметін демеу, зат алмасуды арттыру үшін қолданылады; жылы және индифферентті ванналар – седативті (тыныштандыру) әсер ету үшін; ыстық – тер бөлінуді күшейту үшін. Температуралық фактордың әсерін ырттыру үшін кейде қарама-қарсы ванналар қолданылады (науқасты суы әртүрлі температурадағы ванналарға алма-кезек отырғызу).
Емшараның ұзақтығы әдетте 10-15 минут аралығында тербеледі, одан асса әртүрлі жағымсыз әсері болуы мүмкін. Емдік ванналар мен басқадай су процедуралары кезінде науқастың жағдайын мұқият қадағалаған жөн, өйткені қан қысымының, тамыр соғуы мен тыныс алу жиілігінің өзгеруінің салдарынан кейде жағдайы күрт нашарлауы мүмкін.