Қынаптық тампондар. Корнцангтың көмегімен домалақтанған мақтаны залалсыздандырылған 55-60С-қа дейін салқындатылған сұйық озокеритке матырады да эбонитті айна арқылы қынапқа енгізеді, бірнеше сағатқа қалдырады. Ісшара біткеннен кейін тампонды алады. Артынан қынапты шаюдың қажеті жоқ. Қынаптық тампондар жекелей немесе құрсақ қуысы аймағына озокериттің аппликациясымен бірге жасалынады.
Нафталандық мұнаймен емдеу. Емдік тәжірибеде нафталанның мынандай препараттары қолданылады:
нативті нафталан
рафинирленген нафталан
тұзсыздандырылған нафталан
нафталанды көмірсутек
емдік нафталанды қоспа, оның құрамында нафталан, парафин, воск, церазин, камфора.
Жалпы нафталанды ванналар. 37-38С, 8-10 минут, ал тері ауруларында 10-15 минут ұзақтықта жүргізіледі, артынан 5-15 минут күн сәулесіне қыздырады. Ісшараны күн ара немесе 2 күн қатарынан жасап, 3-күні үзіліс жасайды. Ем курсына 10-15 ісшара тағайындалады. Ванна қабылдағаннан кейін денедегі нафталанды мұнайдың қалдықтарын арнайы ағаш пышақтармен, лигнинмен, мақтамен немесе арнайы аспаппен алады. Осы ісшаралар біткеннен кейін науқас душтың астында 38-40-С-ғы немесе индифферентті ремпературадағы табиғи сілтілік сумен жуынып, нафталанның қалдықтарын жақсылап кетіреді. Душтан кейін науқасты қымтайды, ол арнайы бөлмеде 30-40 минут дем алады.
Парафинмен емдеу
Емдеу үшін қоспалардан тазартылған, 52-55С температурада балқытылған ақ парафин қолданылады, ол толық сусыздандырылған болуы керек. Парафинді су моншасында немесе арнайы парафин қыздырғышта, 65-100С температураға дейін қыздыра отырып, балқытады. Парафинді балқыту арнайы шкафта жүргізіледі. Оның температурасын 120С дейін бөліктері бар арнайы химиялық термометрмен өлшейді.
Парафинмен емдеудің әртүрлі тәсілдері болады.
Қабаттау. Ерітілген температурасы 55-65С парафинді науқастың терісіне жалпақ бояу қаламмен 1-2см қалындықта жағады да сыртынан клеекамен жауып, көрпемен қымтайды. Мұндай аппликацияның температурасы 50С.
Достарыңызбен бөлісу: |