«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Суық компресстер мен мұзды мүйықты қолдану



бет58/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Суық компресстер мен мұзды мүйықты қолдану

Суық компресс қойғанда жергілікті салқындатудың нәтижесінде тері мен оған жақын орналасқан ішкі мүшелердің қан тамырлары тартылады да, тіндердің қабынуы мен травмалық ісінулер шектеледі, қан құйылулар азаяды. Дымқыл суық компрестер ұрылып жағылған, жарақаттанған, қанаған жерлерде және жоғары қызбада қойылады. Бірнеше қабат бүктелген дәкенің немесе жұмсақ матаның кесімін алып, суық суға малады, сығып, компресс жылып кетпейтіндей тек 2-3минут қажетті жерге қояды, содан соң жағасымен ауытырады.


Неғұрлым ұзағырақ жергілікті салқындату үшін мұзды қабықты қолданған ыңғайлы (барынша кең тесігі мен жақсы бұралып жабылатын тығыны бар ұсақ мұз бөлшектері салынған резеңке қап). Оны ішкі қан кетулерде (жаралық), қызба кезінде сандырақтау болғанда, құрсақ қуысы ағзаларының кейбір жедел ауруларының бастапқы сатыларында қолданады. Мұзды қабық суық компреске қарағанда неғұрлым көбірек салқындататынын ескере отырып, тым суытып жібермес үшін оны денеге тигізбей, іліп қойған жөн (бастың, іштің үстіне және т.б.), әрбір жарты сағатта он минуттық үзіліс жасау қажет.


Қыздырма компрестер

Қыздырма компресс терідегі және терең орналасқан қан тамырларын бірқатар кеңейтеді, соның салдарынан қан айналу артады да қабыну ошағы қайтып, науқастың ауырсынуы азаяды. Мұндай компресс әртүрлі жергілікті инфильтраттардың, бұлшық ет пен буындардың кейбір ауруларының емінде қолданылады.


Қыздырма компресс құрғақ немесе дымқыл болуы мүмкін. Құрғақ қыздырма компресс көбінесе дене бөліктерін немесе басты суықтан қорғауға арналған. Дымқыл қыздырма компресс үш қабаттан тұрады:

  1. бөлме температурасындай сұйыққа малып алынған, жақсылап сығылған жұмсақ мата,

  2. клеенка, полиэтилен пленка немесе балауыз қағаз

  3. мақта

Ылғалы уақытынан бұрын кеуіп кетпес үшін әрбір кейінгі қабат алдынғы қабаттан жалпақтау болуы тиіс. Компресс сыртынан мұқият таңылады.
1-2 сағаттан кейін саусақты компрестің ішіне сұғып жіберіп, оның дұрыс салынғанын тексеруге болады, ішкі қабат дымқыл болуы керек. Компресті қоюдың орташа ұзақтығы – 6-8 сағат болуы, бірақ 12 сағаттан аспауы тиіс. Компресті алғанда терінің тырналуын болдырмас үшін оның астындағы теріні сумен немесе спиртпен сүртеді, орамалмен құрғатады. Егер терінің тітіркену белгілері пайда болса, онда дымқыл компрестерді салудан бас тартқан жөн. Қабыну инфильтраттарының тарауын тездету үшін жартылай спиртті қыздырма компресс қолданылады, оның ішкі қабаты су қосылған этил (салицилат, камфор) спиртіне, одеколонға сірке суының сұйық ерітіндісіне батырылған. Қыздырма компрестерге қарсы көрсеткіштер: әртүрлі тері аурулары (дерматиттер, фрункулез) және тері тұтастығының бұзылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет