«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет64/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97
Парафинді ванна. Қол немесе аяқ саусақтарына алдымен 50-55С-ғы парафин жағады да, 60-65С-ғы балқытылған парафин толтырылған клеенкалы қапшыққа немесе кішкене ағаш ваннаға салады.
Сүлгілі-аппликациялық тәсіл. Балқытылған парафинді тереңдігі 5см металл кюветтің ішіне алдын-ала, шеттері 5см шығып тұратындай клеенка салып құяды. Кюветтің көлемі озокерит қойылатын аудаңға сәйкес болуы керек. Кюветтің ішіндегі парафиннің қалындығы 2-3см болуы керек. Суығын, бірақ жұмсақ (50-54С) парафинді кюветтен клеенкамен бірге алып, теріге қояды, сыртынан арнайы көрпемен қымтайды. 30-60 минутқа созылатын ісшаралар күн сайын немесе күн ара жасалынады. Ем курсына 12-20 ісшара белгіленеді. Ісшарадан кейін науқас 30-40 минут дем алады. Кюветке құйылған парафин күні бойы термостатта сақталынады.
Парафинмен емдеудің әрбір тәсілің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Парафин дененің кішкене, әсіресе тегіс емес, бөлігіне қойғанда қабаттау тәсілін қолданған жөн. Парафинді ванна тәсілі буындар мен аяқтарға жасауға ыңғайлы. Сүлгілік – және кюветті-аппликациялық тәсілдер анағұрлым кеңірек қолданылады. Олар көбінесе дененің тегіс бөлігіне жағу керек болғанда қолданылады. Кюветтер палатаға апаруға болатындығымен ыңғайлы. Сонымен қатар, кюветті-аппликациялық тәсіл өте қарапайым және орындалуы ыңғайлы.
Тері күйдіріп алмас үшін, тері құрғақ болуы керек. Шаш түктері суына бастаған парафинге жабысып қалуын болдырмау мақсатында, оларды алдын-ала қырқып тастайды немесе вазелин жағады.
Парафинді-майлы аппликациялар. Күйген жерді, жарақаттар мен жараларды емдеуде парафин-майлы қоспалар қолданылады. Ол қыздыру арқылы залалсыздандырылған парафиннен (75%) және витаминдендірілген балық майынан немесе мақта майынан (25%) тұрады. 100С-қа дейін қыздырылған парафин-майлы қоспаны шашыратқышпен жараға оның жан-жағындағы сау тіндерді біраз қамти отырып шашыратады. Шашыратқан кезде қоспа 70-80С-қа дейін суиды. Дененің қажетті бөлігіне шашыратып болғаннан кейін, парафиннің пайда болған жұқа қабатының үстіне осы қоспаға матырылған бірнеше қабатталған дәкелік сүлгіні салып, сыртынан бинтпен байлайды да бірнеше күнге қалдырады. Алдын-ала залалсыздандырылған парафинді қайталап қолдануға болады. Залалсыздандыру мақсатында 120С-қа дейін қыздырады да осы температурада 10-15 минут ұстайды. Парафиннің қасиетін қалпына келтіру үшін оған әрбір қолданған сайын 10-15 % жаға парафин қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет