Мейіргер ісінен неврология пәнінен дәрістер. Невропатиялар, полиневропатиялар. Бет жүйесінің невропатиясы



бет11/14
Дата28.12.2023
өлшемі67,54 Kb.
#144511
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Физикалық тексеру: Объективті сараптама: жалаңаш науқастың бүкіл денесін тексеру, ауыздан шыққан иіске, бар-жоғына назар аудару абразиялар, көгерулер, бірлескен деформациялар, кеуде пішінінің өзгеруі және іш қуысы, құлақ пен мұрыннан қан мен жұлын сұйықтығының болуы


Бас сүйек жарақаттарында ауруханаға дейінгі кезенде жедел жәрдем
шараларының алгортимі.


Мидің шайқалуы:

  • Жедел жәрдемді қажет етпейді

  • Науқаста қозу болса – 2 мл 0,5 % седуксен ( реланиум, сибазон) ерітіндісі еңгізіледі;

  • Аурухананың неврологиялық бөліміне тасымалдау.



Мидің жаншылуы мен соғылуы:

  • Көктамырды табу:

  • Жүрек реанимациясын жүргізу:

  • Реополиглюкин, кристаллды ерітінділерді к/т тамшылату:

  • 5 мл допаминді изотоникалық ерітіндімен к/т тамшылату;

  • ГКС – дексаметазон 8-12 мг немесе преднизолон 90-120 мг к/т еңгізу.

Жүйке жүйесінің аурулары.


Эпилепсия
Қояншық ауруы – эпилепсия – денені құрыстырып, психиканы бұзатын, созылмалы ауру. Грек тілінен аударғанда «ұстаймын, шабуыл жасаймын» деген мағынаны білдіреді. Әбу-Әли-ибн-Синаның ұсынысымен ерте заманнан эпилепсия деп аталады.
Аурудың нақтылы және симптоматикалық деген екі түрі болады.
Нақтылы түрі – идиопатиялық, генді осы ауруға тән клиникалық көріністерімен байқалады.
Симптоматикалық түрінде ми ісігінің, жарақатының және энцефалиттің әсері байқалады.
Құрысудың клиникасыүлкен және кіші болып екіге бөлінеді.
Үлкен қояншықтық құрысу:
Аурудың алғашқы белгісі ретінде бірнеше сағат немесе күн бұрын бас ауырып, көңіл-күй төмендеуі байқалады.
Бұл аура - леп соғу деп аталады. Адам көру, иіс сезу, есту елестеушілігін басынан өткізеді.
Вегетативтік құбылыстар – қызару, терлеу, жүрек соғысының жиілеуі де байқалуы мүмкін. Аураның ұзақтығы бірнеше секундқа созылады, кейде болмауы да кездеседі. Құрысу тоқтағаннан кейін аура есте қалып, аурулар айтып отырады.
Аурадан соң құрысудың екінші кезеңі
– тоникалық құрысу басталады. Бұлшық еттер бір мезгілде тоникалық түрде тартылып, ауру толығынан есінен танады. Дыбыс саңылауының күрт тарылуынан (голосовые складки) ауру құлар алдында айқайлап дыбыс шығарады. Құлаған кезде қатты жарақат алып, қансырап қалуы мүмкін. Кейде кіші немесе үлкен дәреті жүріп кетуі кездеседі. Жарты не бір минутқа созылған құрысуда тыныс алуы тоқталады, көз қарашығы кеңіп, жарыққа әсер етпейді. Терісі көгеріп, еріндерінде цианоз байқалады.
Бір минуттай уақыттан кейін аурудың үшінші кезеңі:
-клоникалық құрысу басталады. Бұлшық еттер кезек-кезек жиырылып, ауру басын, аяқ-қолдарын еденге, жарға ұрғылай бастайды. Қосымша жарақаттар алуы да мүмкін.
- Құрысу кезеңдерінде тілі тістеліп, аурудың ауызынан қан аралас көбік ағады. Клоникалық құрысу 2-3 минутқа созылады.
-Талмадан кейін адам қатты шаршап, әлсізденіп терең ұйқыға (кома) кетеді.Бұл құрысудың үшінші кезеңі болып есептеледі.
Егер бір құрысудан кейін үсті-үстіне құрысулар қайталана берсе (эпилептикалық статус), ауруды дереуауруханаға жеткізу керек немесе дәрігерлік көмек қажет. Кейде дұрыс дамымаған құрысу, яғни өсіп-жетілмеген құрысу да кездеседі. Бұл жағдайда құрысу кезеңдері сатыланбай шала дамиды. Бұл балаларда көп кездесетін абортивті түрі. Балаларда клоникалық құрысу мүлде болмайды.
Кішкене қояншықтық құрысу - бірнеше секундтан 1-2 минутқа дейін созылатын, ауру есінен айырылғанымен тоникалық құрысу болмайтын эпилепсияның жеңіл түрі. Клоникалық кезең қысқа болғанымен амнезия толық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет