Мектеп геометрия курсындағы салу есептері 1 курс магистранты Қайнарбай Назерке Ақылбекқызы



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата27.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#129392
1   2   3   4   5   6   7   8
 
Зерттеу.
 
Аталған тақырып есептерін шешу кезінде, әдетте, бір шешім табылады, 
және де салудың барлық қадамдары шын мәнінде орындалады деп болжанады. Есепті 
толық шешу үшін берілген сұрақтарға жауап беріп, саралау: 
 
1)
әрқашанда (яғни кез келген әдісті таңдағанда) таңдалған тәсілмен құруға болады 
ма?; 
2)
таңдалған әдісті қолдануға болмайтын болса, ізделінді фигураны қалай құруға 
болады?; 
3)
әрбір әдісті таңдау кезінде қанша шешім бар? 
Мектеп оқушылары қандай да бір тәсілдерді таңдап алғаннан кейін не үшін осы 
тәсілді таңдап алдың деген сұраққа жауап бере алмайды. Сондай-ақ, барлық мүмкін 
жағдайлар қарастырылды ма, түсініксіз болып қалып отыр.
Егер бұл зерттеуді салу 
барысында жүргізсе, зерттеуге қажетті толық деректерді аламыз және осылай істеу ең 
ұтымды әдіс. Бұның мәні геометриялық салуда тұрғызылатын барлық қадамдарды 
дәйекті түрде таңдап алу және әрбір қадамға қатысты осы қадамда көрсетілген салу 
әрдайым орындалатындығын, ал егер жасай алсаңыз, онда сөзсіз орындалатынын 
анықтау болып табылады. 
Нәтижесінде осы пайымдаулар осы әдістемеде табылған фигураның салуы мен 
даусыз орындалуы туралы мәселе қабылданады. Бірақ әлі жабылмаған мәселе қалады: 
егер қандай да бір әдісті өзгертсе, жаңа шешімдер байқалмайды ма? Осы тапсырманың 
әрбір қорытындысы алынған қорытындылардың бірімен сәйкес келетінін негіздеуге 
болады. Егер бұндай жағдайға жете алмасақ, есептің өзге жолмен табуға болатын өзге 
де қорытындылар бар екенін деп ойлауға болады. Мұндай жағдайларда бұрын 
жүргізілген талдауда көзделмеген деректердің немесе ізделінетін фигуралардың 
орналасуының қандай да бір өзге де мүмкін жағдайлардың жоғын мұқият тексеру керек.


МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІ
302 
Ендігі кезеңде жоғары да айтылған ақпараттарды мұғалімдер және оқушылар 
арасында сауалнама алу арқылы сөзімізді дәлелдесек болады.
Орал қаласы №39 мектебінде мұғалімдер арасында әңгіме - сауалнама 
жүргіздім.Сауалнама алынған ақпараттар нәтижесін кесте 1-ден қарастырайық. 
Орал қаласы №39 мектебінің мұғалімдерінің жауаптары. 
Кесте 1 
1.
Салу 
есептерін шығаруда 
қандай қиындықтар кездеседі? 
Көп мұғалімдер бастапқы кезде неден бастап 
керек екенін түсінбей, анализ жасауға көп 
уақыт кететіні туралы айтты. 
2.
Басқа тақырыптарды оқытуда 
салу 
есептерін 
қайталайсыздар ма? 
Мұғалімдер салу есептеріне қайталауға 
тырысады. 
Дегенмен 
де 
уақыттың 
жетіспеушілігіне байланысты қарастыра 
алмайды. 
3.
Мектеп оқулықтарында салу 
есептеріне 
және 
нүктенің 
геометриялық орынын табу 
есептеріне жеткілікті көңіл 
бөліне ме? Немесе қателіктер 
кездесе ме? 
Көптеген мұғалімдер мектеп оқулықтарында 
салу есептеріне тиісті дәрежеде көңіл 
бөліндейді. Салу есептерін есептер аз 
берілген. Қателіктер бар болғанымен, аз. 
Авторлар қателіктерді жыл сайын түзетеді. 
4.
Салу есептеріне байланысты 
курс, қосымша сабақтар және 
факультатив 
сабақ 
өткізу 
керек деп есептейсіз бе? 
Педагогтердің басым көпшілігі қосымша 
сабақты өткізу керек деп есептейді. Әсіресе 
геометрия курсын енді бастап оқып жатқан 7-
8 сынып оқушыларына өткізу өте пайдалы 
болмақ.


МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІ
303 
5.
Салу есептерінде неге көп 
көңіл бөлу керек? Нені көп 
қарастыру керек? 
Бірінші кезекте салу есептерінің шешу 
жолының бірінші кезеңі – анализге көп көңіл 
бөлу керек, одан кейін зерттеу кезеңіне де 
тиісті көңіл бөлу керек деп мұғалімдер 
есептейді. Әсіресе 7 және 8 сыныптарда салу 
есептерінің сызбасын көмекші құралдармен 
салуға көңіл бөлу керек деп есептейді.
Орал қаласы №39 мектебінде 7, 8 оқушылар арасында әңгіме - сауалнама жүргіздім. 
Сауалнама алынған ақпараттар нәтижесін кесте 2-ден қарастырайық. 
Кесте 2 
1.
Сізге салу есептерін шығаруда 
қандай қиындықтар кездеседі? 
Көптеген 
оқушыларда 
сызба 
салумен 
қиындық туады және есептердің шешімін 
табуда қиналады . 
2.
Салу 
есептерін 
шешімін 
табуда 
қандай 
кезеңдерді 
пайдаланасыздар? 
Басым көпшілігі шешім табу әдісін толық 
айта 
алмайды. 
Оқушылар 
көпшілігі 
төмендегі кезекті шешім жолы деп: 1) 
сызбаны салу 2) есептердің шартын жазу 
(берілгенін, нені табу керек екенін жазу) 3) 
есептің шешімін жазу немесе сызбаны қалай 
салу 
екенін 
жазады 
(бұрыш 
салу, 
қабырғаларын салу және т.б) 
3.
Салу 
есептерін 
шешудің 
қандай методтарын білесіздер? 
Анкетада оқушылар берілген варианттардың 
көп бөлігін білмеді, яғни бұл оқушыларды 


МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІ
304 
осы тақырып туралы нақты білімдері жоқ 
деген сөз. 
4.
Салу есептеріне байланысты 
қосымша сабақтар керек пе? 
Оқушылар жартысы керек десе, қалған 
жартысы керек емес деп жауап берді 
Анкеталау қорытындысы бойынша оқушылар салу есептерін шешу де нашар біледі 
және шығару жолы кезеңдерін көп бөлігі білмейтіндігі анықталды. Сауалнамадан 
оқушылардың салу есептерінің шығару жолдарының бөліктерін білмейтінін байқасақ 
болады, ал мұғалімдердің пікірінше салу есептеріне жеткілікті көңіл бөлінбейді, 
оқулықта қосымша есептер болу керек, деңгейлері күрделі болған соң, оқу жоспарына 
қосымша сабақтар қосылу керек және салу есептеріне байланысты үйірме ашылу керек 
деп есептейтінін көрсек болады. 
Мысал келтірейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет