Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Мектеп жасына дейінгі балалардың нәрселердің өзінен және обьектіден кеңістікке орналасуын қабылдау ерекшеліктері



бет15/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды арапайым математикалы ымдар

Мектеп жасына дейінгі балалардың нәрселердің өзінен және обьектіден кеңістікке орналасуын қабылдау ерекшеліктері
Кеңістікте өзіне қарай, өзінен әрмен және обьектіден әрмен бағдарлау кезеңдері бірін- бірі алмастырмайды, тек қана күрделі диалектикалық өзара қарым -қатынасқа ене отырып, өтіп жатты. Өзіне қарай бағдарлау белгілі бір басқыш қана емес, сонымен сонымен бірге нәрселердің өзінен бастап, сондай ақ обьектіден бастап орналасуына бағдарланғанда да міндетті шарт болмақ. Нәрселердің орнын анықтағанда адам айнала қоршаған нәрселердің ылғи да өзінің координаталармен араұатысын табады. Мұны әсіресе баланың ісінен анық көреміз; қарсы тұрған адамның оң жағында не сол жағында тұрғандығын білу үшін бала, ең алдымен сол жақтарды өзінен табады, одан кейін ойша 180 градус бұрышқа бұрылады.,сосын қарсы тұратын адамның орнына өзін қойып оның оң не сол жағын табады. Тек осыдан кейін ғана бала басқа адамның оң жағында және сол жағында кеңістікте орналасқанын айыра алады. Олай болса өзіне қарай бағдарлау бастапқы болып табылады.
Өзінен әрмен бағдарлағанда системамен пайдалану үшін санақ системасының басы субьектінің өзі болуы керек. Ал обьектіден әрмен бағдарлағанда онымен салыстырғанда басқа нәрселердің кеңестік орналасуы анықталатындай санақ басы сол обьектінің өзі болуы тиіс. Бұл үшін осы обьектінің әр түрлі жақтарын бөліп көрсете білу керек, олар: алдыңғы, артқы, оң жақ, сол жақ, жоғары, төменгі жақтар.
Нәрселердің өзіне қарай, өзінен әрмен, басқа обьектіден бастап орналасуы жөнінен кеңістік бағдарлауын дамыту мектепке дейінгі дәуірде өтеді де. Оның балаларда даму көрсеткіші деп санақ басы (өзіне қарай) белгіленген системадан санақ басы (басқа обьектілерде жатқан) еркін қозғалатын системаға біртіндеп ауысуды айтуға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың нәрселер арасындағы
кеңістік қатынастарын қабылдау ерекшеліктері
Балалардың мектепке дейінгі жасында нәрселер арасындағы кеңістік қатынастарының бейнесі мен қабылдау қалайша дамиды?
І кезеңде әлі де болса кеңістік қатынастарды бала бала жеке бөле алмайды. Айнала қоршаған нәрселерді бала «жекеленген» түрінде қабылдайды. Олардың арасындағы кеңістік қатынастарды әлі де түсіне бермейді. Егерде балалардың алғашқы кезде кеңістік туралы түсінігі аморфты, жіктеліп бөлінбеген, болса мектепке дейінгі жаста бейнеленетін кеңістік дискретті болады. Мәселен 3-5 жасар балалардың көпшілігі әр түрлі нәрселердің кеңістік топтарын оған енетіндердің ортақ белгісіне ғана қарап адекват ретінде анықтайды. Мысалы, екі карточкада бір- біріне қарағанда әр түрлі болып орналасқан бірдей үш нәрсе кескінделген. «Карточкалар бірдей дейді бала, - мында қонжық,мындада қонжық,ал мында қоян, ал мында қуыршақ, ал мынау да қуыршақ...». Бала бірдей нәрселерді көреді, ал нәрселердің орналасу қалпындағы кеңістік қатынастарды ескермейтін сияқты, сондықтан да карточкалардың бір -бірінен айырмашылығын көрмейді.
Жоғары жиындарды беттестіру жолымен қайыра шығарып алғанда балалар нәрселердің арасындағы кеңістік қатынастарды ескермей, олардың кескінін ғана көріп қабылдау ерекшелігін ғана атап өткен едік; сондықтан бір жиын элементтерін екіншісіне тұстастыру әдісі балаларға ауыр тиген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет