– қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-
үйрену үшін жағдайлар жасау;
– республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім
алу үшін мүмкіндіктер жасау;
– жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эсте-
тикалық тәрбие беруді дамыту.
Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында “Үздіксіз тәр-
бие беру тұжырымдамасы” (1992 жылы) жасалды. Бұл тұжы-
рымдаманың “Мектепке дейінгі мекемелеріндегі тәрбиенің маз-
мұны, түрлері” атты 5-бөлімінде: “Балабақшада жаңа бағыттағы
тәрбие жүйесін іске асыру жолдары: Халықтық педагогикаға не-
гізделген тәрбие бағдарламасын жасау” деп көрсетілген бола-
тын. Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиені түбегейлі өзгер-
туде, жаңа қоғам мүддесіне лайықты ұлттық санасы қалыптас-
қан, ұлттық менталитеті жоғары азамат тәрбиелеу мақсатында
республикамызда тұңғыш төл “Балбөбек” бағдарламасы жасал-
ды. Бағдарламаның басты жаңалықтарының бірі: экологиялық
тәрбиенің алғашқы қарапайым негіздерін қалыптастыру жайын-
да мағлұматтардың берілуі, бағдарлама мазмұнының тақырып-
тық жүйеде ұсынылуы, балалардың білім мен тәрбиесіне жыл
аяғында қойылатын талаптардың нақты көрсетілуі; балабақшада
өтілетін тәлім-тәрбие мазмұны халықтық педагогика негізінде
жаңартылуы, тағы да басқа өзекті мәселелер қамтылды.
47
Экологиялық тәрбиенің алғашқы қарапайым негіздерін
қалыптастыруды бағдарламада “Жыл мезгілдері” тақырыптары-
мен біртұтастықта қарастырады. Сондықтан да табиғатты бақы-
лауды жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіп, табиғи құбылыс-
тарды бақылау, саябаққа, орманға саяхатқа шығу, мақсатты топ
саяхаттар ұйымдастыру, серуенге шығу, т.б. арқылы қоршаған
орта өзгерістерін көзімен көріп, олар жайлы түсініктерін бекіту,
табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен гүлдерді күтіп-баптау,
олардың өзгерістерін байқау сияқты талаптар атап көрсетіледі.
Сонымен қатар ауа райының өзгеруіне байланысты халық бол-
жамдарын пайдалануды ұсынады. Осы бақылауларды ұйымдас-
тыру барысында түрлі ойын және еңбек түрлерін қамтып, ба-
лалардың ізденушілігін (табиғат бұрышындағы және алаңдағы,
ауладағы) дамыту көзделеді.
Бағдарламада экологиялық тәрбиенің, яғни қоршаған
орта мен табиғатпен таныстырудың міндетін талдай келіп, таби-
ғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, өсіп-өне-
тін мекені екенін ұғындыру, оларды қорғау туралы нақты түсі-
ніктер мен ұғымдар қалыптастыру мақсаты да қарастырылады.
Бұл балалардың жалпы білімін, сөздік қорын байытып қана қой-
май, сонымен қатар туған өлкеге деген сүйіспеншілігін қалып-
тастыруға жағдай жасайды. Бақылау нәтижесінде балалар өсім-
діктер үшін құнарлы топырақ, су, жылу, жарық қажеттігін ұғып
біледі. Табиғи материалдармен таныстыруда олардың кейбір қа-
сиеттерін біліп,
өздігінен анықтап, ой
тұжырымын жасайды. Мә-
селен, топырақтың түр-түсін, оның қасиетін біліп, одан әр түрлі
пішіндегі заттар жасауға болатыны туралы, т.б. түсінік алады.
Бағдарламалар мазмұнын талдау барысында мына жағ-
дайлар байқалады:
2000 жылғы “Балбөбек” бағдарламасында экологиялық
тәрбиенің қарапайым негіздерін қалыптастыруға біршама тал-
пыныс жасалып, оның мазмұнында халықтық педагогикаға баса
көңіл бөлінген. Бұл балаларға қоршаған ортадан білім беруге
байланысты тіл дамыту мәселесінің де жетіле түскенін көрсе-
теді. Дегенмен, бағдарламада экологиялық тәрбиеге баса назар
аударылып, айналамен таныстыру үстірт қаралып, тіпті назар-
48
дан тыс қалған деуге болады. Бағдарламада өлі және тірі табиғат
бөліп көрсетілмеген. Ұсынылған материалдар нақты тақырып-
тарға топталмаған. Бағдарламаның түсініктемесінде де біраз ол-
қылықтар кездеседі. Себебі, экологиялық тәрбие мен балаларды
айналамен таныстырудың маңызы, мақсаты одан туындайтын
міндеттері сабақтас түрде қарастырылмаған.
Мектепалды дайындығының біраз өркендеген кезеңі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы
№1762 “Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері” ту-
ралы қаулысынан кейін деуге болады. Осы қаулыға сәйкес от-
басында және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы
білім беретін мектептерде 5-6 жастағы балаларды мектепке
дайындауға арналған бағдарлама жасалды. Отбасында және ба-
лабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасын (5-6 жас)
төмендегідей міндеттерді белгіледі:
- баланың психологиялық және арнайы дайындығының
ерекшеліктерін ескеріп, дүние танымын, ой-өрісін, зейінін, қия-
лын, есте сақтау, қабылдауын, т.б.психикалық қабілеттерін дамыту;
- баланың денсаулығын нығайту, өмірін қорғау, сауық-
тыру, шынықтыру шараларын жүзеге асыру;
- мектепалды топтарында бағдарламалық материалдарды
меңгеру үшін тәулік режимін, сабақ, ойын, еңбек, серуен, дема-
лысты өзара сабақтастыра ұйымдастыра отырып, мектептегі оқу
ісіне дайындау;
- баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін адам-
гершілік, эстетикалық, экологиялық, дене, еңбек, ақыл ой тәр-
биесі негіздерін қалау;
- баланың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп,
сабақта алған білім күнделікті өмірде қолдана білуге баулу;
- баланың мектептегі оқу әрекетін еркін игеру үшін,
мектепалды бағдарламасын білім мазмұнына сай, қарапайым бі-
лім негіздерін меңгерту;
- баланы ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеуде ха-
лық педагогикасын басшылыққа алу. Сондай-ақ, бағдарламада
баланы мектепке дайындаудың басты ерекшеліктері көрсетіл-
ген. Атап айтсақ, отбасында және балабақшада баланы мектепе
49
дайындауда білім мазмұнының біртұтас жүйеленіп жаңартылып
ұсынылуы; баланың психологиялық және жалпы дайындығы-
ның ескерлуі; баланы мектепке дайындауға арналған оқу- әдіс-
темелік кешеннің берілуі; бағдарлама мазмұнының бастауыш
сыныптардағы білім беру бағдарламасымен сабақтастығы; ата-
аналарға педагогикалық жұмысты жүргізудің әдістемелік ба-
ғыт-бағдарын ұсынылуы.
Бағдарламада тіл дамыту мен экологиялық тәрбие жеке-
жеке сабақ ретінде беріліп, әрқайсысына жетісіне бір сағаттан
уақыт бөлінді. Баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
сабағының бір саласы ретінде бағдарламаның аталған бөлімінде
әр тоқсанда белгілі міндеттерді шешеді: бағдарлама талабы
бойынша әңгіме, ертегілерді оқығаннан кейін соларға байланыс-
ты қойылған сұраққа толыққанды жауап беруге балаларды дағ-
дыландырудан бастап, әңгіме желісін бұзбай өзінің түсінгенін
байланыстырып жеткізе білуге тиісті. Сондай-ақ ертегі, әңгіме-
лер бойынша үлкендердің көмегінсіз оның мазмұны жайында
жүйелі әңгімелесу, сурет сериялары және диафильмдер бойын-
ша әңгіме құрастыру, ондағы кейіпкерлердің көңіл күйін сезіну,
соған сәйкес дауыс ырғағын өзгерту, яғни балалардың образды
өмір тәжірибесімен, көрген таныс оқиғаларымен байланыстыра
білу мүмкіндіктерін дамыту көзделген. Тыңдау, әңгімелеу, жазу,
грамматикалық жағынан дұрыс сөйлеу, сөздік қорды пайдалана
білу сияқты тіл қызметінің түрлерін қадағалай отырып, балалар-
ды шығармашылыққа жетелеу және осы негізде байланыстыра
сөйлеу қабілеттерін дамытудың жүзеге асырылуын көздеген.
Ал, экологиялық тәрбие бөлімінде табиғат жайында,
ондағы құбылыстар жөнінде ұғымдарын нақтылау, өлі және тірі
табиғатпен таныстыру міндеттері жүзеге асырылады. Онда өлі
және
тірі табиғатты бір-бірінен ажырата
білуді,
белгілі тақырып-
тар арқылы салыстырмалы түрде түсіндіру
жайы қарастырылған.
Мектепалды даярлық тобы тұрғысынан талдағанда бағ-
дарлама мазмұнындағы бала тілін дамытуға арналған тақырып-
тарды жүйелеу, оған бөлінген сағат санын көбейту мәселелері-
нің қажеттігін байқаймыз. Сондықтан да тіл дамыту мәселесі
барлық оқу-тәрбие жұмыстарымен тығыз байланыста жүргізілуі
50
қажет. Бағдарламада, экологиялық тәрбие бөлімінде балаларды
өлі және тірі табиғатпен таныстырудың мақсаты мен мазмұны
жалпылама берілген. Баланың ойлауын, қиялын дамытуда, сол
арқылы байланыстыра сөйлеуге үйренуде табиғи құбылыстар-
дың алатын орны ерекше екенін ескерсек, бұл мәселенің әлде де
болса дұрыс шешімін табуды қарастыру қажет.
Бағдарлама мазмұнында кездесіп отырған тағы бір олқы-
лық – айналамен таныстыру мен экологиялық тәрбие бөлімінің
жеке-жеке берілуі, бұлар мазмұн жағынан өте тығыз байланыста
бір-бірін толықтырып тұратын мәселелер. Сондықтан да оларды
кіріктіре қарап, бір сағатта екі сабақтың да мақсатын жүзеге
асыруға болады. Айналамен таныстыру мен экологиялық тәр-
биені бөліп қарау үлкен олқылық деп ойлаймыз.
“Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды даяр-
лау бағдарламасы” (1999) төмендегідей бөлімдерді: түсінік хат,
оқу жоспары, мектепке дейінгі ересек балалардың оқу-таным-
дық қызметі, айнала қоршаған дүниені тану, тіл дамыту жұмыс-
тары, мектепке дейінгі жастағы баланы сауат ашуға дайындау,
көркем әдебиет қамтиды. Аталған бағдарламаның зерттеу та-
қырыбымызға қатысты бөлімдерін талдасақ, айнала қоршаған
дүниені тану бөлімінде қоршаған орта, ондағы табиғат құбылыс-
тары, басқа өмірді дұрыс танып-білуге мүмкіндік туғызады. Ай-
наламен танысу барысында кеңістікті, заттың пішінін, түсін, са-
пасын салыстырмалы түрде үлкен, кіші, қатты, сұйық деген
ұғымдарды қалыптастыру деп берілген. Ал, тіл дамыту жұмыс-
тары бөлімінде басты мақсат ана тілінде балалардың сөздік қо-
рын дамыту, айналадағы дүниені, табиғатты бақылатып, түсін-
діріп, грамматикалық үлгіде сөйлесу әрдайым сөздік қорын
жаңа сөздермен толықтырулар енгізу ұсынылған.
Бұл бағдарламаның кемшілігі – мектепалды даярлығы
балаларының тілін дамытуға, сөздік қорын байытуға ғана тоқ-
талғандығы. Онда байланыстырып сөйлеу назардан тыс қалған.
Айналадағы қоршаған ортаны тану бөлімінде жалпылама ұсы-
ныстар берумен шектелген. Қандай тақырыптар арқылы жүзеге
асыру қажеттігі тәрбиешілердің шығармашылығына қалдырыл-
ған, олай болса, әрбір тәрбиешінің ізденуіне байланысты мате-
51
риалдар арқылы бала мектепке дайындалады деген қорытынды-
ға келеміз. Бағдарламаның мемлекеттік құжат екенін ескерсек,
аталған бөлімдер толықтыруларды қажет етеді.
“Мектеп жағдайында 6-7 жастағы балаларды мектеп-
алды даярлау бағдарламасында” (1999) мәнерлеп оқу, әңгіме
оқу, балалардың шығармашылық әңгімесі қарастырылған бөлім-
нің міндеттерінде ауыз әдебиеті арқылы балалардың сөйлеу ті-
лін дамытуға назар аударылған. Осы бағдарламада айнала қор-
шаған ортаны тану мен тіл дамыту бөлімдері арнайы қарасты-
рылмаған.
Осы кезге дейін қолданылып келген бағдарламалар тала-
бын жүзеге асыруда тәрбиешілер үшін берілген оқу-әдістемелік
кешендердің (әдістемелік нұсқаулар, диафильмдер, көрнекілік-
тер, т.б.) мәні зор. Жаңа қолданып келген оқу-әдістемелік нұс-
қаулардың қатарында Б.Баймұратованың (1976) “Мектеп жа-
сына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту”
атты әдістемелік нұсқауын атауға болады. Мұнда балалардың
байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың тәсілдері мен әдістері,
балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
жолдары жан-жақты талданған. Онда автор негізгі әдістер қа-
тарына бақылау, әңгімелесу, топсаяхат, лексикалық жаттығу, ло-
гикалық сөздік, шығармашылықпен әңгіме құратуды жатқыза-
ды. Сонымен қатар осы зерттеушінің авторлығымен “Мектеп
жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы” (1991) (2-
6 жас аралығы) атты әдістемелік нұсқауы да жарық көріп, онда
тіл дамыту сабақтарының үлгілері, оны ұйымдастыру әдістері,
мақсаттары, сабақтың толық жоспарлары келтірілген. Көп жыл-
ғы зерттеу нәтижесіне және алдыңғы қатарлы тәжірибелерге
сүйеніп, әдістемелік нұсқауында автор байланыстырып сөйлеуді
арнайы ұйымдастырылатын сабақтар барысында жүзеге асыру-
ды қарастырады. Баланы сөйлей білуге жаттықтыру тәрбиешінің
берген сұрақтарына жауап ала отырып, оқиғаның себебін анық-
тап, баланың ойлау, жүйелі сөйлеу қабілетін біртіндеп жетілдіру
мақсатын көздеген. Сондай-ақ, осы әдістемеде баланың тілін да-
мытып, байланыстырып сөйлеуін жетілдіруде айналадағы өмірді
бақылату жұмысын екі әдіс тұрғысынан пайдалануды ұсынған.
52
Біріншісі – баланың өмір шындығын қабылдап түсінуі.
Бұл бақылату жұмысында іске асады. Осының нәтижесінде түр-
лі заттар мен өмір құбылыстары туралы айқын елес қалады.
Екіншісі – заттар мен өмір құбылысын нақтылай түсінді-
ріп, бақылатып көрсету. Мұндайда тәрбиеші адамдардың өмір
тіршілігі, еңбек процесі, өлі және тірі табиғат ерекшелігі туралы
әңгімелеп беріп, жүйелі түрде салыстыра көрсетіп таныстырады.
Әрбір сабақты өмірмен байланыстырып, көрнекі құралдарды
тиімді пайдаланып, айналадағы қоршаған дүние жөнінде айқын
елес, нақты ұғым, түсінік қалыптастыруға
болатынын дәлелдеген.
Б.Баймұратова зерттеу жұмысымыздың тақырыбына
байланысты байланыстырып сөйлеуді тіл дамытумен бірге қа-
растырады. Сондай-ақ зерттеуші-ғалым айналадағы өмірмен та-
нысуды жалпы түрде, көркем әдебиет шығармаларын оқумен
байланыста жүргізген.
Келесі
әдістемелік
нұсқау
–
А.Асқарбаева,
Қ.А.Аймағамбетова, Ұ.Ботабаевалардың “Айналадағы дүние-
мен таныстыруы” (1984). Алты жастан бастап оқытатын мектеп-
тердің даярлық және бірінші сыныптарына арналған сабақ жос-
парлары. Авторлар ұжымы нұсқауда өздерін қоршаған ортадан
алғашқы ұғым беруді, балалардың өздерін қоршаған нақты
объектілерді көздеріне көрсетіп, олардың түр-түсін, бүкіл қа-
сиеті мен қажеттілігін жас ерекшелігіне сай таныстыруды мақ-
сат еткен. Айналадағы дүниемен таныстыру сабақтарының не-
гізгі түрінің бірі серуен, саяхат, мақсатты топсаяхат екенін ав-
торлар ескере келе, үлгі жоспар ұсына отырып, әр жұмыс түрін
шығармашалықпен дамытуды тәрбиешілер мен мұғалімдерге
жүктейді. Сонымен бірге балаларды айналадағы дүниемен та-
ныстырудың дидактикалық қағидасының ең негізгі мақсаты –
берілетін ұғымның нақты болуы, көрнекілігі, өмірмен байланыс-
тылығы деп, тәрбиешілердің өз жұмыстарында қолданылатын
әдіс-тәсілдерді тиімді ұсынғанын атап өткен. Келесі нұсқау
Г.А.Карбушеваның “Мектеп жасына дейінгі балаларды
Қазақстанмен таныстыру” (1984) деп аталады. Автор орыс тілді
балабақшаларға арналған әдістемелік нұсқауда тәрбиелеу, білім
беру жұмысында қазақ халқының өнерін, сазын, сәндік қолдан-
53
балы өнерін, әдебиетін, қазақ билерінің элементін енгізуді ұсы-
нады. Бағдарламаның мазмұнына сәйкес, негізгі міндеттерді жү-
зеге асыру үшін қоғамдық өмір туралы түсінік қалыптастыру,
табиғат, көркем әдебиет, бейнелеу өнері және музыка деп бөл-
ген. Қазақстан табиғаты туралы түсініктерін қалыптастыру тура-
лы пікірінде автор жыл мезгілінде табиғат аясында бір жерге
топсаяхатқа бірнеше рет апарғанда әр жыл мезгілінің басты өз-
герістерін балалардың (өзен, көл, тау, т.б.) бақылауына жеңілдік
туғызатынын айтады.
Талдаған әдістемелік нұсқауларда байланыстырып сөй-
леу тілін дамыту және айналадағы дүниемен таныстыру жеке-
жеке зерттелген.
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту мәселесін
кеңес жылдарында Е.И.Тихеева, Е.А.Флерина, Е.К.Водовозова
О.И.Соловьева, Ф.А.Сохин, В.И.Логинова, А.М.Бородич,
Г.М.Лямина, т.б. ғалымдар қарастырды. Е.И.Тихеева баланың
тілі оның жеке басының дамуымен байланысты, бала тілі белгілі
әлеуметтік және қоршаған ортада, әлеуметтік байланыстар мен
іс-әрекет негізінде жүзеге асады деп көрсетеді. Автор “Мектепке
дейінгі бала тілін дамыту” деген еңбегінде балалардың сөздік
қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету мәселелеріне
көбірек көңіл бөлді.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде бақылау
сабақтарын жиі ұйымдастыру қажеттігін баса көрсетіп, бақылау
сабағы барысында балалардың сөйлеуіне ерекше мән беру тәр-
биешінің басты міндеті екенін айта келіп, Е.И.Тихеева төменде-
гідей талаптар ұсынады:
- баяндау, әңгімелеу кезінде бала негізгі тақырыптан ал-
шақ кетпеуге тиіс;
- бақылаған, түсіндірілген тақырып бойынша баланы
қорытынды пікірге жеткізуі керек;
- әңгімелеу кезінде балалардың өздері бір-біріне сұрақ
қойып дағдылануы керек;
- берілген жауаптарды бағалауға балалардың өздерін
қатыстыру қажет.
54
Ғалымның бұл талаптары мен еңбегіндегі практикалық
нұсқаулар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ.
Е.К.Водовозова “Бір жастан сегіз жасқа дейінгілердің
ақыл-ойының дамуы” атты еңбегінде балаларды отбасында және
балабақшада тәрбиелеудің басты құралы – халық ауыз әдебиеті
деп түсінді және мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған
орта, табиғатпен таныстырудың маңыздылығын дәлелдеді. Сон-
дай-ақ жас бүлдіршіндердің байқағыштығын дамыту үшін бала-
ға ойыншықты көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік беру ке-
ректігін айтты.
Мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу шығармашы-
лығы тілінің дамуы мәселелерімен айналысқан педагог
Е.А.Флерина көп жылдар бойы балаларға арналған оқулықтар-
ды зерттейді. Ол бала тілін дамытудың бірден-бір әдістеріне ба-
ламен ұйымдастырылған әңгімелерді, көркем шығарма оқуды,
бірлескен ойын әрекетін жатқызады.
Бала тілінің дұрыс қалыптасуына О.И.Соловьева да ай-
тарлықтай үлес қосты. “Балабақшадағы ана тілі” атты әдістеме-
лік құралда автор көп жылғы тәжірибе негізінде балабақшаның
әр тобындағы тіл дамыту әдістемесін ұсынды.
Тіл дамыту мәселесінің тәжірибелі маманы, лингвист
Ф.А.Сохин бала тілінің дамуының психологиялық жақтарын қа-
растырды. Ғалым бала тілінің дамуын айналамен таныстырудың
бір аспектісі ретінде қарау мүмкін емес екендігін айта келіп, ба-
лабақшаның оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын әзірледі.
Бала тілінің дамуын ақыл-ой дамуымен байланыстыра
қараған В.И.Логинова, А.М.Бородич, Г.М.Ляминалар балабақша
тәрбиешілерін даярлайтын оқу орындарына арналған “Бала тілін
дамыту әдістемесі” атты оқу құралын дайындады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын бағдарла-
малар мен оқу - әдістемелік кешендерге жасалған талдау жұ-
мыстары, қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың
байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың жолдарын анықтау-
ға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |